A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Бос орындар БОС ОРЫНДАР



Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру


Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Барлық жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

Е-3 санаты үшін:жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.

Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің                2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Санат

Еңбексіңіргенжылдарынабайланысты

min

max

Е-3

   102 436

138 248

«Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» КММ, 050010, Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 72, анықтама үшін телефондар: 291-67-66,
e-mail: sh.imirov@almaty.gov.kz, www.medeu.almaty.kz, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Әлеуметтік сала бөлімінің басшысы, (санаты Е-3), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: Бөлімді басқару жұмыстары; бөлімге тиесілі міндеттерді атқаруға байланысты жеке жауапкершілік жүргізеді, бөлім жұмысын жоспарлауды жүргізеді; бөлім қызметкерлері арасында жұмысты үйлестіреді, тиісті атқарушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді; бөлімге азаматтардан келіп түсетін хаттармен өтініштердің орындалуына жеке бақылау жүргізеді. аудан әкімінің қолы қойылып ары қарай аудан әкімі орынбасарларының бұрыштамасы қойылып тексерілгеннен кейін құжаттарға бұрыштама қойылады; аудандық ардагерлер мен зейнеткерлер кеңесімен, көпбалалы отбасылар  Кеңесімен, Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық ұйымымен, қоғамдық денсаулық комитетімен, «Медеу аудандық ерікті мүгедектер қоғамы» ҚҰ-мен байланыс жасайды, қорғаншылық және қамқоршылық орнату мәселелері бойынша аудан әкімінің өкімдері мен шешімдеріне ұсыныстар енгізеді; денсаулық сақтау және әлеуметтік сала мекемелері жұмыстарын үйлестіреді, әлеуметтік сала қызметкерлерін жұмысқа қабылдау немесе жұмыстан босату бойынша ұсыныстар енгізеді, азаматтардың қабылдауын қамтамасыз етеді, бөлімге әлеуметтік мәселелер бойынша түскен өтініштермен арыздарды қарастырады. Тиісті есептік жыл аяқталғаннан кейін немесе мекеменің құрылымдық бөлімшелері жойылып немесе қайта құрылған жағдайда аудан әкімі аппаратының ведомстволық мұрағатқа құжаттардың дер кезінде тапсырылуын ұйымдастыру; мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері мен жұмыс атқару.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білім саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе гуманитарлық ғылымдар немесе техникалық ғылымдар немесе қызмет көрсету саласында жоғары білім.

Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

  2. Кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы, (санаты Е-3), 1 бірлік. Функционалдық міндеттер: Бөлiмге жалпы басшылық жүргiзедi; бөлiм қызметшілері арасында олардың функционалдық мiндеттерiне сәйкес тапсырмаларды үлестіреді; аудандағы кәсiпкерлiктi дамыту мәселелерi бойынша бағдарламаларды, болашақ жоспарлардың әзiрленуiн қамтамасыз етедi; әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу жұмыстарында Алматы қаласы статистика департаментімен өзара іс-әрекеттесуді  қамтамасыз  ету;    Кәсiпкерлерге шағын кәсіпкерлік субъектілердің іс-әрекеттері және ашылу мәселелері бойынша кеңес беріп,  құқықтық көмек көрсетеді. Азаматтардың арыздары мен өтiнiштерiн заңмен белгіленген мерзімнен қалдырмай қарайды; заңға сәйкес қалалық және аудандық бақылау қызметтерiмен бiрге біртұтас тексеру жұмыстарына  қатысады; Аудан әкiмi аппаратының жұмыс мәжiлiстерiне кәсiпкерлiк пен өнеркәсіпті дамыту және қолдау мәселелерi бойынша құжаттар дайындайды; Қалалық және аудандық мерекелiк шаралар өткiзу кезiнде мерекелiк сауданы ұйымдастыруды қамтамасыз етедi; ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілердің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесін ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз ету; Ауданда жұмыс iстеп тұрған сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету, ұсақ сауда мекемелерiнiң және базарлардың орналастырылу орындарын бақылауда ұстайды; Аудандағы сауда, қоғамдық тамақтандыру, қызмет көрсету мекемелерге және базарларға тиесілі жерлердің көгалдандыру, санитарлық тазалығы мәселелері бойынша адандық бақылау қызметтерімен өзара іс-әрекеттестікте болады; қайта жаңарту бағдарламаларының орындалу мәселелерін қадағалайды; ұсақ бөлшек сауда желілерін жетiлдiру бағдарламасының орындалуына мониторинг жүргізеді; Бөлiмге жүктелген мiндеттердi орындау үшiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен қажет ақпарат жинауды қадағалайды; Салық басқармасының мәлiметi бойынша аудандағы шағын кәсiпкерлiктiң дамуының қорытындысы туралы талдау құжатын тоқсан сайын дайындайды; Төтенше жағдайлар кезінде аудандық Азаматтық Қорғаныс және ТЖ эвакуациялау комиссиясының хатшысы және аталған комиссияның сауда және тамақтандыру қызметтерінің жұмысына тікелей жауапты болады. Азаматтарды күнделікті қабылдау. Тиісті есептік жыл аяқталғаннан кейін немесе мекеменің құрылымдық бөлімшелері жойылып немесе қайта құрылған жағдайда аудан әкімі аппаратының ведомстволық мұрағатқа құжаттардың дер кезінде тапсырылуын ұйымдастыру. «Кәсіпкер күнін» өткізуді ұйымдастырады. Ауданның шағын кәсіпорындардың және жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін көрме-жәрмеңкелерін өткізуін ұйымдастырады. Өндірістік саладағы кәсіпорындарда мемлекеттің өнеркәсіп саясатының орындалуын жүзеге асырады. Алматы қаласының индустриалды-инновациялық дамуының бағдарламасын іске асырылуына және жетілдіруіне қатысады. Медеу ауданының стратегиялық жоспарының жасалуына және үйлестірілуіне жауапкершілік етеді.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласында жоғары білім.

Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)                 «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2)        3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаорналасуға конкурс өткізуҚағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3)        бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4)        еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5)        Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6)        Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)        құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)        конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, «Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі аппараты» КММ-ге (Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 72, 313 бөлмеге) тапсырылуы тиіс.

Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Кандидаттармен әңгімелесу «Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі аппараты» КММ-де әңгімелесуге шақырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар және сарапшылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеуден өткізу бағдарламалары:

екінші бағдарлама B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.

Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (120 сұрақ) кем дегенде 72 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутті құрайды.

жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеудің екінші бағдарлама B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, C-R-5, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-4, E-5, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-R-4, E-R-5, E-G-1, E-G-2, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық                                                (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;

Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.

Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.