A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Бос орындар БОС ОРЫНДАР



«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру


«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

Е-4 санаты үшін:жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі; жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Санат

Еңбексіңіргенжылдарынабайланысты

min

max

Е-4

78 094

105 805

 «Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» КММ, 050010, Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 72, анықтама үшін телефондар: 291-67-66,
e-mail: а.nurmanbetova@almaty.gov.kz, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы, санаты Е-4 (1 бірлік, номенклатуралық № 06-1-1).

Функционалдық міндеттер: Бөлім басшысы  болмаған жағдайда, оның міндеттерін атқарады; Аудандағы базарлар, ұсақ сауда орындары (дүңгіршектер, павильондар, трейлерлер, вагончиктер және т.б.), қызмет көрсету мекемелерi (шаштараз, сұлулық салондар, фотосалон т.б) компьютер клубтары, қонақ үйлері, моншалар мен сауналар туралы өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып,  тоқсан сайын ақпарат дайындайды; аудандағы шағын кәсiпкерлiк пен өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойыншаАлматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасымен өзара іс-әрекеттестікте болады;  жұмыс кеңестерінің дайындалуына және өткізілуіне қатысады, аталған мәселе бойынша ұйымдастырылытын дөңгелек үстелдерге, семинарларға қатысады; әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу жұмыстарында Алматы қаласы статистика департаментімен өзара іс-әрекеттесу жұмыстарын жүргізеді;  қолданыстағы заңнамаларға сәйкес базарлардың жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жоспарлы жұмыс жүргізу; ауданның  бақылау-қадағалау қызметтерiмен бiрлесіп бөлімге қарасты мәселелер бойынша   қолданыстағы заңнамаларға сәйкес рейдтер өткiзу жұмыстарына қатысады; қалалық және аудандық мерекелiк шаралар өткiзу кезiнде мерекелiк жайма сауданы ұйымдастыруды қамтамасыз етедi; Төтенше жағдайлар және Азаматтық Қорғаныс кезінде сауда және жылжымалы тамақтандыру қызметтері бойынша қажетті мәліметтер дайындайды; азаматтардың және шағын бизнес субъектілерінің арыздары мен өтiнiштерiн заңмен белгіленген мерзімде қарастырады; Тоқсан сайын объектілердің  орналасқан жерлеріндегі өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, ақпарат дайындау: аудандағы көліктерге қызмет көрсету (ТЖО, дөңгелек жөндеу, көлік жуу), жанармай станцияларының, көлік тұрақтары және дәріханалар,   уақытша көлік тұрақтары нысандары. Тиісті есептік жыл аяқталғаннан кейін аудан әкімі аппаратының ведомстволық мұрағатқа құжаттардың дер кезінде тапсырылуын ұйымдастыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар  немесе экономика және бизнес немесе құқық саласында жоғары  білім,әлеуметтік ғылымдар  немесе экономика және бизнес немесе құқық саласындаорта білімнен кейінгі білім.

Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2. Кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы, санаты Е-4 (1 бірлік, номенклатуралық № 06-1-3).

Функционалдық міндеттер: Өнеркәсіптік орындары бойынша тоқсан сайын ақпарат дайындау; жұмыс кеңестерінің дайындалуына және өткізілуіне қатысады; «Дөнгелек үстел»,  семинарлар; әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу жұмыстары бойынша Алматы қаласы статистика департаментімен өзара іс-әрекеттесу жұмыстарын жүргізеді;  қолданыстағы заңнамаға сәйкес кәсіпорындарда жалақы берешегін өтеу бойынша жүйелі жұмыстарды жүзеге асырады;  қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасының мониторингіне талдау жүргізеді, ауданның  бақылау-қадағалау қызметтерiмен бiрлесіп, бөлімге қарасты мәселелер бойынша қолданыстағы заңнамаларға сәйкес рейдтер өткiзу жұмыстарына қатысады; қалалық және аудандық мерекелiк шаралар өткiзу кезiнде мерекелiк шығырылытын сауданы ұйымдастыруды қамтамасыз етедi; Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс кезінде сауда және жылжымалы тамақтандыру қызметтері бойынша қажетті мәліметтер дайындайды; азаматтардың және шағын бизнес субъектілерінің арыздары мен өтiнiштерiн заңмен белгіленген мерзімде қарастырады; Тоқсан сайын объектілердің орналасқан жерлеріндегі өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, ақпарат дайындау: аудандағы көліктерге қызмет көрсету (ТЖО, дөңгелек жөндеу, көлік жуу), жанармай станцияларының, көлік тұрақтары және дәріханалар, уақытша көлік тұрақтары нысандары. Тиісті есептік жыл аяқталғаннан кейін аудан әкімі аппаратының ведомстволық мұрағатқа құжаттардың дер кезінде тапсырылуын ұйымдастыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар  немесе экономика және бизнес немесе құқық саласында жоғары  білім,әлеуметтік ғылымдар  немесе экономика және бизнес немесе құқық саласындаорта білімнен кейінгі білім.

Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

3. Көріктендіру бөлімінің бас маманы, санаты Е-4 (1 бірлік).

Функционалдық міндеттер: Аудан аумағының көгалдандырылуын және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізетін қызметтермен өз ара байланыс жүргізу; механикаландырылған және қолмен жолды, жол өтпелерін, жаяу жолдарды, аялдама кешендерін тазалау және ұстау жұмыстарын жүргізетін қызметтермен өз ара байланыс жүргізу; қаңғыбас жануарларды аулау жұмыстарын жүргізетін қызметтермен өз ара байланыс жүргізу; өзен арнасын тазалау жұмыстарын жүргізетін қызметтермен өз ара байланыс жүргізу; көрсетілген қызмет актілеріне қол қою; аудан аумағын санитарлық тазалау және көріктендіру мәселелері бойынша жоспар тапсырмаларды дайындау;  бақылау-қадағалау функцияларын атқаратын органдармен өзара жұмыс жүргізу; заңнаманы бұзуға себеп болған шарттар мен себептерді жою бойынша заңнамамен көзделген шараларды қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамамен көзделген тәртіпте қарастыру; өз құзыреті шегінде мәселелер бойынша өндірістік жиналыстар мен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету, аудандық көріктендіру, санитарлық тазалау мен көгалдандыру бағдарламаларын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін бағыттар бойынша ұсыныстар енгізу; құрылымдық бөлімшені қайта құру немесе тарату кезінде және тиісті жыл аяқталуына байланысты аудан әкімінің ведомстволық мұрағатына құжаттарды уақытылы тапсыруды ұйымдастыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Ауылшаруашылық ғылымдар немесе жаратылыстану ғылымдар немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар немесе экономика және бизнес немесе құқық саласында жоғары білім, ауылшаруашылық ғылымдар немесе жаратылыстану ғылымдар немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар немесе экономика және бизнес немесе құқық саласында орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

4. Қаржы-шаруашылық бөлімініңбас маманы, санаты Е-4 (1 бірлік).

Функционалдық міндеттер: Бөлім басшысы орнында болмаған жағдайда, оның міндеттерін атқарады; Мектепке дейінгі мекемелерде кассалық шығын және қаржыландыру жоспарын жүргізу; ендігі жоспарлы кезенге бюджеттік мәлімдемені және бюджеттік бағдарламаларды жасайды; ай сайынғы бюджеттік атқарылымын жасайды; коммуналдық қызметтерге,компьютрлерге техникалық қызмет көрсетуге арналған келісім шарттарды орындайды; коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және жалға алушыларға есеп шоттарын беру; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру. Тиісті есептік жыл аяқталғаннан кейін немесе мекеменің құрылымдық бөлімшелері жойылып немесе қайта құрылған жағдайда аудан әкімі аппаратының ведомстволық мұрағатқа құжаттардың дер кезінде тапсырылуын ұйымдастыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Экономика және бизнес немесе құқық саласында жоғары білім, экономика және бизнес немесе құқық саласында орта білімнен кейінгі білім.

Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

5. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, санаты Е-4 (1 бірлік).

Функционалдық міндеттер: Бөлім басшысы орнында болмаған жағдайда, оның міндеттерін атқарады Мәдени-ағарту мекемелерінің, демалыс орталықтары мен туризм саласында жұмыс істейтін ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, аудандық спорттық жарыстарды ұйымдастырады және ауданның құрама командаларының қалалық жарыстарға қатысуын қаматамасыз етеді; ауданның дене шынықтыру жән спорттық ұйымдарының қызметін үйлестіреді; тарихи, мәдениет және сәулет ескерткіштерінің жай-күйіне мониторинг жүргізеді; тұрғылықты жері бойынша балаларған арналған аула клубтарының қызметін үйлестіреді; дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша ақпараттар мен сараптамалық-ақпараттық есептерді әзірлеп, жоғары тұрған органдарға ұсынады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырады. Спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 1-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 2-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 3-разрядты спортшы спорттық разрядтарын беру жұмыстарын жүргізу. Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру жұмыстарын жүргізеді.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар немесе экономика және бизнес немесе құқық немесе гуманитарлық ғылымдар немесе білім саласында немесе қызмет көрсету саласында жоғары білім, әлеуметтік ғылымдар немесе экономика және бизнес немесе құқық немесе гуманитарлық ғылымдар немесе білім саласында немесе қызмет көрсету саласында орта білімнен кейінгі білім.

Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

6.Персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) бөлімінің бас маманы, санаты Е-4 (1 бірлік).

Функционалдық міндеттер: Бөлім басшысы орнында болмаған жағдайда, оның міндеттерін атқарады; кадрлық сұрақтар бойынша аудан әкімінің өкімдерін дайындап береді; өкілетті органдарға бос орындар туралы және басқа қажетті ақпараттарды Алматы қаласы әкімі аппаратына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінедайындайды; аудан әкімі аппараты қызметкерлерімен әлеуметтік қызметшілердің еңбек өтілін есептеу, аппарат қызметкерлерінің аттестациялау құжаттарын дайындайды, қызметтік тізімге қажетті жазбаларды енгізеді. Аудан әкімі аппаратындағы қызметкерлердің, өзін-өзі жергілікті басқару комитетінің және  әлеуметтік қызметкерлердің және аудан әкімі аппаратындағы техникалық жұмысшылардың жеке істерін қалыптастырып, жүргізеді, еңбек шарттары мен келісімдерді ресімдейді,   конкурстық комиссияның мәжілісіне құжаттар дайындайды; Аудан әкімі аппаратындағы қызметкерлердің, өзін-өзі жергілікті басқару комитетінің және әлеуметтік қызметкерлердің және аудан әкімі аппаратындағы техникалық жұмысшылардың еңбек демалысы кестесін дайындайды; еңбек өтілін анықтау және лауазымдық еңбек ақыны есептеу үшін комиссия отырысына материалдар дайындайды, мемлекеттік қызметшілердің өзіне және жұбайына тұратын жерінен мүлік және табыс салығы туралы декларацияны мезгілінде өткізуін қадағалау және бақылау; аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің Алматы қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Департаменті арқылы жүзеге асырылатын арнайы тексеруден өтуге материалдар дайындайды, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы есепке алу және құқықтық статистика бойынша Комитетіне аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне сұраныстар дайындайды, құпия құжаттармен іс жүргізуді атқарады. Бөлімге түскен заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарастырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар немесе гуманитарлық ғылымдар немесе экономика және бизнес немесе құқық саласында жоғары білім, әлеуметтік ғылымдар немесе гуманитарлық ғылымдар немесе экономика және бизнес немесе құқық саласында орта білімнен кейінгі білім.

Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)   осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)   3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3)   бiлiмi туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.         Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4)   еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5)   Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6)   Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)   құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)   конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9)   Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10)    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді. Құжаттар жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің ертеңінен бастап 7 жұмыс күні ішінде, «Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі аппараты» КММ-ге (Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 72, 403 бөлмеге) тапсырылуы тиіс.

Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

            Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімдерінде тапсырады.

Құжаттарды электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасына не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берген жағдайда олардың түпнұсқаларын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі аппараты» КММ-де өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметі бөліміне  (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметі бөліміне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Басшының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған аппарат қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі «Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі аппараты» www.medeu.almaty.kz интернет-ресурсында және Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.

Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген және kyzmet.gov.kz ресми сайтында жарияланған.

          Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өкілетті органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар,  конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы Сейфуллин даңғылы 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары арқылы жүгінуге құқылы.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік

лауазымына орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

_______________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені___________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қосаберілгенқұжаттар: ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________Мекен жайы және байланыс телефоны



__________________________________________________________________

 _______________                       ___________________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

"___"_______________ 20 __ ж.

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының

3-қосымшасы

Форма

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

                   __________________________________

тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

                       _________________________________________

      лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

 

ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туғанкүніжәнежері/
Дата и место рождения



2.

Ұлты (қалауыбойынша)/
Национальность (по желанию)



3.

Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения



4.

Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы (болғанжағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)



5.

Шетелтілдерінбілуі/
Владение иностранными языками



6.

Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары (болғанжағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)



7.

Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені(болғанжағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)



8.

Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)



9.

Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)



ЕҢБЕК ЖОЛЫ

ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Күні/ Дата

қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/ приема

босатылған/ увольнения

 

 

 

 

________________
Кандидаттыңқолы/
Подпись кандидата

 

 

 

______________
күні/дата