A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
  • Негізгі бет
  • Бос орындар
  • Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Бос орындар БОС ОРЫНДАР



Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру


Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Барлық жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

Е-4 санаты үшін жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

2) жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Санаты

Еңбексiңiргенжылдарына байланысты

Е-4

min

max

78 094

105 805

«Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» КММ, 050010, Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 72, анықтама үшін телефондар: 291-67-66, факс: 291-60-35                                                                           e-mail: а.nurmanbetova@almaty.gov.kz, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы, санаты                        Е-4, (1 бірлік, номенклатуралық № 06-1-2).

Функционалдық міндеттер: Аудандағы орналасқан дүкендердің, қоғамдық тамақтандыру орындарының (дәмхана, бар, кафе, ресторандар) орналасқан жерлеріндегі өзгерістер жайлы ақпаратты тоқсан сайын дайындау; жұмыс кеңестерінің дайындалуына және өткізілуіне қатысады, аталған мәселе бойынша ұйымдастырылытын дөңгелек үстелдерге, семинарларға қатысады; ауданның қызмет корсету орындары мен бақылау қызметтерімен бірлесіп сауданы ұйымдастыру бойынша мәселелерге қатысады, қолданыстағы заңнамаға сәйкес сауда обьектілері үшін аумақты абаттандыру; кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың аудандық бағдарламасындағы іс-шараларды жүзеге асыруға қатысады; қалалық және аудандық мерекелiк шаралар өткiзу кезiнде мерекелiк сауданы ұйымдастыруды қамтамасыз етедi; ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілердің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесін ұйымдастыру мен өтеізу жұмыстарын қамтамасыз етеді; аудан әкімі жанындағы үйлестіру кеңесіне материалдар дайындайды; жылжымалы затпен қамтамасыз ету пунктерінің іс-әрекеттері туралы мәселелері бойынша жұмыс жүргізеді; аудандық Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс сауда және тамақтандыру қызметiнiң қажетті мәліметтерін дайындайды; жеке және заңды тұлғалардың, шағын бизнес субъектілерінің арыздары мен өтiнiштерiн заңмен белгіленген мерзімде қарастырады. Тиісті есептік жыл аяқталғаннан кейін аудан әкімі аппаратының ведомстволық мұрағатқа құжаттардың дер кезінде тапсырылуын ұйымдастыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар немесе экономика және бизнес немесе құқық саласында жоғары білім,   әлеуметтік ғылымдар немесе экономика және бизнес немесе құқық саласында орта білімнен кейінгі білім.

Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2. Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, санаты Е-4, (1 бірлік, номенклатуралық№ 03-1-1, уақытша негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне 2019 жылғы 02 тамызға дейін ).

Функционалдық міндеттер: Бөлім басшысы орнында болмаған жағдайда, оның міндеттерін атқарады; жеке тұлғалардан келіп түскен құжаттарды қабылдап, тіркеп,орындаушыларға жеткізеді және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді, орындалуы туралы сұрыптама дайындайды; Алматы қаласы әкімдігіне хаттардың жіберілуін және «Lotus» бағдарламасы бойынша байланысты қамтамасыз ету;«1-ОЛ» түрінде есептерді дайындап, тиісті мемлекеттік органдарға уақытында жібереді; жеке тұлғалар өтініштерінің қарастырылуына бақылау жүргізеді; аудан әкімі аппаратының бөлімдерінде іс-құжаттарды жүргізу бойынша белгіленген талаптардың сақталуына бақылау жүргізеді; жеке тұлғалардың өтініштерін, түскен хат-құжаттарды жүйелі түрде сараптайды; іс жүргізу бойынша есеп дайындау;аудан тұрғындарымен аудан әкімінің есептік кездесулерін ұйымдастыру; кездесулер мен «Сенім телефоны» арқылы түскен ақпаратты реттеп, өтініштер мен уақтылы орындалуына қадағалау жүргізу, барлық шығыс құжаттардың қабылдауын, тіркеліп, жіберілуін қамтамасыз етеді.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар несеме гуманитарлық ғылымдар немесе экономика және бизнес немесе құқық саласында жоғары білім, әлеуметтік ғылымдар несеме гуманитарлық ғылымдар немесе экономика және бизнес немесе құқық саласында орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

            Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

3. Коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы, санаты Е-4, (1 бірлік, номенклатуралық № 07-1-2)

Функционалдық міндеттер: Аудандағы қоқыс шығаратын ұйымдардың қатты тұрмыстық қалдықтардың шығару кестесінің сақталуын қадағалау; коммуналдық қызметтермен үздіксіз қаматамасыздандыру мақсатында коммуналдық қызметтермен өзара қарым-қатынас: сумен жабдықтау, кәріз, электр жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен және телекоммуникациямен жабдықтау, апаттық жағдайды жою және де инженерлік желілерді жөндеу және күрделі жөндеу жұмыстарына; жер жұмыстары жүргізілген нысандарды уақытында қалпына келтіруді, көріктендіруді бақылау; МСҚК (мамандырылған салттық қызмет комбинаты)мен бірлесе аудандағы бейіттер алаңындағы санитарлақ жағдайы бойынша қарым-қатынас.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Ауылшаруашылық ғылымдар немесе жаратылыстану ғылымдар немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар немесе экономика және бизнес немесе құқық саласында немесе ветеринария саласында жоғары білім, ауылшаруашылық ғылымдар немесе ветеринария немесе жаратылыстану ғылымдар немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар немесе экономика және бизнес немесе құқық саласында орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

4. Персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) бөлімінің бас маманы, санаты Е-4, (1 бірлік, номенклатуралық № 02-1-1).

Функционалдық міндеттер: Бөлім басшысы орнында болмаған жағдайда, оның міндеттерін атқарады; кадрлық сұрақтар бойынша аудан әкімінің өкімдерін дайындап береді; өкілетті органдарға бос орындар туралы және басқа қажетті ақпараттарды Алматы қаласы әкімі аппаратына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінедайындайды; аудан әкімі аппараты қызметкерлерімен әлеуметтік қызметшілердің еңбек өтілін есептеу, аппарат қызметкерлерінің аттестациялау құжаттарын дайындайды, қызметтік тізімге қажетті жазбаларды енгізеді. Аудан әкімі аппаратындағы қызметкерлердің, өзін-өзі жергілікті басқару комитетінің және әлеуметтік қызметкерлердің және аудан әкімі аппаратындағы техникалық жұмысшылардың жеке істерін қалыптастырып, жүргізеді, еңбек шарттары мен келісімдерді ресімдейді,   конкурстық комиссияның мәжілісіне құжаттар дайындайды; Аудан әкімі аппаратындағы қызметкерлердің, өзін-өзі жергілікті басқару комитетінің және әлеуметтік қызметкерлердің және аудан әкімі аппаратындағы техникалық жұмысшылардың еңбек демалысы кестесін дайындайды; еңбек өтілін анықтау және лауазымдық еңбек ақыны есептеу үшін комиссия отырысына материалдар дайындайды, мемлекеттік қызметшілердің өзіне және жұбайына тұратын жерінен мүлік және табыс салығы туралы декларацияны мезгілінде өткізуін қадағалау және бақылау; аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің Алматы қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Департаменті арқылы жүзеге асырылатын арнайы тексеруден өтуге материалдар дайындайды, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы есепке алу және құқықтық статистика бойынша Комитетіне аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне сұраныстар дайындайды, құпия құжаттармен іс жүргізуді атқарады. Бөлімге түскен заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарастырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар немесе гуманитарлық ғылымдар немесе экономика және бизнес немесе құқық саласында жоғары білім, әлеуметтік ғылымдар немесе гуманитарлық ғылымдар немесе экономика және бизнес немесе құқық саласында орта білімнен кейінгі білім.

Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

            1) «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

             2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

            3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

            "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

             "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

            Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

            4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

            5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

            6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

            7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

            8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

            9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

            10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

"Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеуден өткізу бағдарламары:үшінші бағдарлама C-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" (15 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (15 сұрақ), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (100 сұрақ) кем дегенде 50 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Үшінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 85 минутті құрайды.

«Б» корпусының лауазымына үміткерлердың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламалары: екіншібағдарлама А-4, А-5, B-5, B-6, C-4, C-5, C-O-5, C-O-6, C-R-4, C-R-5, D-4, D-5, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

Бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;

Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.

Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Басқарма басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппаратының medeu.almaty.kzинтернет-ресурсында және ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.

Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген және арнайы kyzmet.gov.kz сайтында жарияланған.

            Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

            Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не          "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Кандидаттармен әңгімелесу «Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде өтеді.

          Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

            Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.           

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы Сейфуллин даңғылы 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары арқылы жүгінуге құқылы.


"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

      __________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені________________________________________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсынақатысуға жіберуіңізді сұраймын. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауғаміндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_____________________________

___________________________________________________________________

________________                                 ___________________________________

       (қолы)                                         (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      

"___"_______________ 20 __ ж.


"Б" корпусыныңмемлекеттік
әкімшіліклауазымына
орналасуғаконкурсөткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

 

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

_____________________________________________
тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)


ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туғанкүніжәнежері/
Дата и место рождения



2.

Ұлты (қалауыбойынша)/
Национальность (по желанию)



3.

Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения



4.

Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы (болғанжағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)



5.

Шетелтілдерінбілуі/
Владение иностранными языками



6.

Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары (болғанжағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)



7.

Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені (болғанжағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)



8.

Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)



9.

Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүніменнәтижесі, егерүшжылданкемжұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/
Датаирезультатыежегоднойоценкиэффективностидеятельностизапоследниетригода, вслучае, еслипроработалменеетрехлет, указываютсяоценкизафактическиотработанныйпериод (заполняетсягосударственнымислужащими)



ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения









_____________________
Кандидаттыңқолы/
Подпись кандидата

_______________

күні/дата