A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
  • Негізгі бет
  • Бос орындар
  • Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Бос орындар БОС ОРЫНДАР



Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру


Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс
туралы хабарландыру

Барлық ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

Е-3 санаты үшін жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

          1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

         2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

         3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

         4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

          5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;    

      

         Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы          21 ақпандағы № 40 «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Санат

Еңбексіңіргенжылдарынабайланысты

min

max

Е-3

102 436

138 248

«Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» КММ, 050010, Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 72, анықтама үшін телефондар: 291-67-66,                 факс: 291-60-35, e-mail: а.nurmanbetova@almaty.gov.kz, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

        

1. Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, санаты Е-3, (1 бірлік номенклатуралық № 03-1-0).

Функционалдық міндеттер: Бөлім жұмысына басшылық жүргізу; бөлімге міндеттелген жұмыстардың орындалуына бақылау жүргізу, бөлім жұмыстарын жоспарлауды жүзеге асыру; бөлім қызметшілерінің арасында міндеттерді үлестіру, еңбек және атқарушылық тәртіптің орындалуын қамтамасыз ету; бөлімге келіп түскен азаматтардың өтініш пен хаттарының қаралуына жеке бақылау жүргізуді қамтамасыз ету; аудан әкімінің қолы қойылып әрі қарай аудан әкімі орынбасарларының бұрыштамасы қойылып тексерілгеннен кейін құжаттарға бұрыштама қойылады. Бөлімнің жұмысына тікелей жауапты болады. Аудан әкімі аппаратының қолданыстағы заңның және құжаттамалық қамтамасыз ету бойынша орындалу жұмыстарын ұйымдастырып жүргізеді; Аудан әкімінің кеңейтілген жоспарлы мәжілісінде берілген тапсырмаларды бөлімдер мен аудан қызметтерінен ақпарат жинақтау, аудан тұрғындарымен аудан әкімінің есептік кездесулерін ұйымдастыру, кездесу барысында түскен ақпаратты реттеп, өтініштердің уақтылы орындалуына қадағалау жүргізу. Қатаң бақылаудағы бланкілерді бақылау және есепке алу, жоғарғы органдар, аудан әкімі мен орынбасарларының берілген тапсырмаларды орындауын бақылау; іс жүргізу бойынша есеп дайындау. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен хаттарын қарау; жүйелі түрде келіп түсетін құжаттарды қарап, резолюция дайындау; бөлімдердің хатты дұрыс орындалуын қадағалау бойынша жұмыс жүргізу. Тиісті есептік жыл аяқталғаннан кейін немесе мекеменің құрылымдық бөлімшелері жойылып немесе қайта құрылған жағдайда аудан әкімі аппаратының ведомстволық мұрағатқа құжаттардың дер кезінде тапсырылуын ұйымдастыру. Құпия құжаттармен және Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшесінің қызметі жұмыстарын жүргізуге жауапты, Қызметтік пайдалану үшін келіп түскен құжаттардың іс-жүргізу процессін іске асырады және орындалцына бақылау жүргізеді.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар немесе гуманитарлық ғылымдар немесе экономика және бизнес немесе құқық саласында жоғары білім.

         Е-3 санаты үшін келесі құзыреттер болуы тиіс: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

         Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

            1) «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппаратына құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының электрондық почтасы не "Е-gov" электрондық үкімет порталы немесе "е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейін 3 жұмыс күннің ішінде, «Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі аппараты» КММ-ге (Алматы қаласы, Пушкин көшесі 72,           313 бөлмеге) тапсырылуы тиіс.

Кандидаттармен әңгімелесу «Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі аппараты» КММ-де әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының     26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Басқарма басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппаратының medeu.almaty.kz интернет-ресурсында және ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

      __________________________
                                                                                               (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені________________________________________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсынақатысуға жіберуіңізді сұраймын. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауғаміндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_____________________________

__________________________________________________________________

___________________________________

       (қолы)                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

"___"_______________ 20 __ ж.