A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



Радиосигналдардың адам денсаулығына әсері


Радиосигналдардың адам денсаулығына әсері

Қазіргі таңда жаңа технологиялардың дамыған заманында адамның өмірі электромагнитті сәулелермен тікелей байланыста өтуде. Оның көздері болып электроника заттары, тұрмыстық техникалар және де сымсыз байланыс құрылғылары болып табылады.

Таратушы және қабылдауыш құралдарынан, базалық станцияларынан берілетін жоғарғы электромагнитті толқындар радио тасмалдаушылар болып табылады. Сондықтан, ұялы телефон қолданылатын әр адам электромагнитті толқындар аймағында әрдайым болып отырады.

Ұялы байланыстың тұрақты және тез таратылу аумағынын кеңейту үшін ұялы байланыс мекемелері құрылғыларды біркелкі, оның ішінде тұрғын микроаудандарда орнатады. Жақын орнатылған бұл құрылғылар халыққа кауіпсіз бе?

Тығыз орналасқан қалаларда ұялы байланыс операторлары құрылғыларын ең жоғарғы ғимараттардың, оның ішінде тұрғын үйлердің төбесіне орналастырады. Бұндай орналастыруларға заң бойынша тыйым салынбайды (өндірістік байланыс құрылғыларын тұрғын үйлердің төбесіне қоюға рұқсат етілмейді, ұялы байланыс өндірістік байланыс құралына жатпайды), бірақ оларға қойған кезде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы аясында санитарлық ережелер талаптарын қатаң сақтау қажет.

Байланыс операторы қоятын құрылғыларды орналастыруға мемлекеттік қадағалау мекемесінен рұқсат және базалық станцияны орнатуға қоятын тұрғын ұй тұрғындарынан келісім алуы қажет. Сосын, қойылатын қондырғынының барлық мәліметі жазылған жобалық құжаттары дайындалып, радиотехникалық нысанның санитарлық-қорғау аумағын бағалау, анықтау мақсатында жасалған жобаға санитарлық-эпидемиологиялық ұйғарым алуға қоғамдық дансаулық сақтау органдарына жолдайды. Базалық станция санитарлық талаптарға сай келетін санитарлық-эпидемиологиялық ұйғарым алғанда іске қосылады. Үш жылда 1 рет базалық станцияда электромагнитті өрістердің деңгейі өлшеніп отырылады.

Радиотехникалық қондырғылардың электромагниттік сәулелердің қауіпсіздік деңгейін көрсететін мемлекет тарапынан қалыптар бекітіледі. Қазақстан Республикасында 23 ақпан 2015 жылғы № 173 Ұлттық экономика Министрінің бұйрығымен бекітілген «Радиотехникалық нысандарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережесі қолданылады. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы базалық станциялардағы электромагниттік өрістердің деңгейін қадағалайтын мемлекеттік орган болып табылады. Сондықтан, байланыс операторларымен бұзушылық жағдайлары туралы шағымдарды осы органға жіберуге болады. Егер тексеру барысында адам денсаулығына зиянды электромагнитті өрістердің белгіленген мөлшерден ауытқуы тіркелген жағдайда мемлекеттік органдар сот арқылы құрылғыларды алдырып тастатуға бағытталған шараларды жүргізе алады.

Медеу ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының санитарлық-гигиеналық бөлімінің жетекші маманы Алпысбаев Дәулет Нұрланұлы