A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



Тауар белгісін заңсыз пайдалану зияткерлік меншік құқығының бұзылуына әкеліп соғады


Тауар белгісін заңсыз пайдалану зияткерлік меншік құқығының

бұзылуына әкеліп соғады

         Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап, дүниежүзілік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, сол арқылы халықаралық қатынастарда өзіне сәйкес құқықтар мен міндеттерді қабылдап отыр. Солардың бірі зияткерлік меншікті қорғау.

         Еліміз зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәсе­лесіне назар аудара бастады деп толыққанды айта аламыз. Себебі, Елбасы Жол­дауында айтылған тапсырмаға сәйкес, Қазақ­стан жаңа инвес­тициялардың ағымын тарту және экономиканың әр­тараптандырылуына байланысты авторлық және тауар белгісін қор­ғайтын нақты кепіл болуы тиіс.

         «Тауар белгісі»бір заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын немесе көрсететін қызметтерін екінші бір заңды немесе жеке тұлғалардың осы тектес тауарларын немесе көрсететін қызметтерін ажыратуға мүмкіндік беретін таңба. Тауар белгісі өнімді дараландыру тәсілі болып табылады, бұл тәсілді меншіктену құқығы заң бойынша зияткерлік меншікке жатқызылады.

         Тауар белгісі заңмен қорғалады және оны тауар үшін Тауар белгісі ретінде тіркелген бүкіл тауарға немесе оның бір бөлігіне қатысты жасалған шарт бойынша басқа бір заңды және жеке тұлғаларға беруге болады. Сонымен бірге тауар белгісінің иесі тауар белгісін пайдалану құқығын келісім бойынша басқа тұлғаға беруі мүмкін. Заң жүзінде қорғалған тауар белгісі, әдетте дөңгелек сызықпен қоршалған латынша «R» әрпімен – таңбаланады. Тауар таңбасын иеленушінің оны пайдалануға заңмен қорғалған айрықша құқығы болады.

         Қазір еліміздің нарығында өзгелердің меншіктері саналатын тауарлардың жасалған көшірмелері баршылық. Бұдан зияткерлік меншіктің құқығы бұзылып, төленбеген салықтар, адам өміріне төнетін әр түрлі зиянды жасалымдар арқылы мемлекетке үлкен зиян келтіруде. Соның ішінде      азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім-кешек, гигиена-санитариялық бұйымдар, құрылыс материалдары, тұрмыстық заттар, балалар ойыншықтары, тіпті әшекей бұйымдары да кездеседі. Бұл заттар адамның ағзасының улануына, аллергиялық ауруларға апаруына, мүгедек болып қалуына зиянды  әсерін көптеп тигізуде.

         Тауар таңбасын пайдаланып, сапасыз өнімдерді өндіру төмендегідей жағдайларға әкеп соғады:

·         Заңсыз өнім құқық иегерлері болып табылатын компаниялардың аттарына кір келтіріп,  олардың абыройын төмендетеді;

·         осы өнімдерді пайдаланушы адамдардың наразылықтарын тудырып, оларға моральдық зиян келтіріп қоймай, адамның денсаулығына, (өміріне) зиян (қауіп) әкелуі мүмкін;

·         құқық бұзушылыққа барған адамдар заң жолымен жазаланады.

         Сол себептен «бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін немесе тауар шығарылған жердің атауын немесе біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, олармен ұқсас белгілемелерді» заңсыз пайдалану, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 158 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген.Бап талаптарына сәйкес мұндай құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда яғни, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, тауар шығарылған жер атауы немесе біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, олармен ұқсас белгілемелер заңсыз бейнеленген тауарлар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

         Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақ мерзімді басымдықтары белгіленген. Басым бағыттар бойынша және Ел басының жолдаған жарлығына сәйкес, зияткерлік меншік саласына қатысты жұмыстарды жандандыруымыз қажет.

         Қорыта келе, «Тауар таңбасын» заңсыз пайдалану еліміздің экономикасының дамуына тосқауыл болатын қауіпті құбылыстардың бірі. Сондықтанда, бөтен тауардың таңбасын заңсыз пайдаланып, жауапты болғанша, заңды жолмен жүргеніміз абзал дегім келеді.

Нормативтік құқықтық

актілерді тіркеу бөлімі