A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



Медеу ауданының прокурорлары «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңнаманы түсіндіруде


Медеу ауданының прокурорлары  «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңнаманы түсіндіруде

 2016 жылы 2 қыркүйекте Медеу ауданының әкімшілігінде Медеу аудандық прокуратурасының ұйымдастырылуымен «Үлестік қатысу арқылы тұрғын үй алу» туралы заңнамасына қатысты жиын өтті.

Құрылыс компаниялары мен жергілікті халықтың қатысуымен өткен жиын үй құрылысына үлестік қатысу кезінде жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау, құқық бұзушылыққа жол бермеуге, жаңа заңның нормаларын түсіндіруге арналды.

Қатысушалар арасында жаңа заң бойынша құрылыс компанияларына қойылатын талаптар, үлескерлердің құқықтарын реттейтін нормалар және тұрғын үй құрылысына үлескерлерді тарту шарттары қызу талқыланды.

Медеу ауданы прокуратурасының аға прокуроры А. Искаков, биылғы жылдың 10 қазанында күшіне енетін «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңына сәйкес, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу тек үш тәсіл арқылы ұйымдастырылады:

1.     Кепілдік беру қорынан кепілдік алу;

2.     Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы;

3.     Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту.

     Тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) құрылысы үшін осы заңды көзделмеген өзге де тәсілдермен жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға тыйым салынады – деп мәдімдеді.

Аталған бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын таппақ.

Аудан прокуратурасымен үлестік қатысу арқылы тұрғын үй алу заңнамасын мемлекеттік органдарда және еңбек ұйымдарында өткізу жоспарлануда.