A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



Сальмонеллез және оны алдын алу шаралары


Сальмонеллез және оны алдын алу шаралары.
 
Сальмонеллез – жануарлар мен адамдардың жіті жұқпалы ауруы, көбінесе тағам өнімдері арқылы таралады және асқазан-ішектің зақымдануымен сипатталады. Сальмонеллез бүкіл әлем бойынша таралған ауру.
Ауру қоршаған ортада тіршілікке қабілетті бактериялармен қоздырылады. Ашық су қоймаларында және ауыз суда олар 11 күннен 120 күнге дейін, ет және шұжық өнімдерінде 60-130 күнге дейін, мұздатылған етте 13 айға дейін, тоңазытқышта сақталатын сүтте 20 күнге дейін, сары майда 120 күнге дейін, жұмыртқа мен сырларда 13 айға дейін сақталады. Сүтте, тартылған етте, жұмыртқа ұнтағында сальмонеллез қоздырғыштары тек қана сақталынбайды, сонымен қатар көбейеді. Олар төмен температураға төзімді, бірақ 50С жоғары температурада жылдам, ал 100С температурасында лезде жоғалады. Көңде және нәжісте Сальмонеллалар 4 жылға дейін сақталады.
Ауылшаруашылығы жануарлары мен құстары, науқас адамдар және бактерия тасымалдаушылары негізгі жұқпа көзі болып табылады.
Алиментарлық жол - жұқтырудың негізгі жолы болып табылады.  Ал тағам өнімдері (жануарлардың еті, құс, балық, устрицалар, таңқышаяндар, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сүт және сүт өнімдері, көкөніс және жеміс-жидектер, крем өнімдері) жұқтырудың негізгі факторы болып табылады. Ауруды су арқылы жұқтыруға болады.
Инкубациялық кезең - сальмонеллез қоздырғышының адам ағзасына түсу сәтінен клиникалық көрсеткіштердің көрінуіне дейінгі уақыт бірнеше сағаттан 3 күнге дейін созылады.
Көбінесе ауру жіті басталады, бастапқы кезеңінде интоксикация көрсеткіштері көріне бастайды: әлсіздік, бас ауруы, дене қызуының 390С көтерілуі, қалтырау. Аурудың қызу кезі бір тәуліктен кейін басталады, сол кезең тәбеттің бұзылуымен, лоқсумен, құсумен сипатталады, жасыл түсті сұйық нәжіс, үлкен дәретке баруы тәулігіне 10 ретке дейін болады.
Сальмонеллез емхана ішінде ерекше дәрі-дәрмек кешенінің қолданумен емделеді.
Сальмонеллездің алдын алу жөніндегі маңызды іс-шаралар:
Ет өндіру кәсіпорындарында, кондитерлік цехтерде, сауда және қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында технологиялық үдерісті сақтау. Тұрмыста әрқайсымыз қарапайым ережелерді сақтап, сальмонеллез ауруынан сақтала алады.
Үйде, қоғамдық орында, демалу аймақтарында жеке гигиенасын сақтау қажет.
Тағам өнімдерін, әсіресе ет, сүт және құс өнімдерін дайындау және сақтау ережелерін сақтау қажет.
Жеміс-жидектерді, көкөністі таза ағынды сумен, қайнаған сумен жуу қажет. Белгісіз су көздерінен, әсіресе ашық су қоймаларынан суды ішуге болмайды.
Ауруды емдеу қиын, ал оны алдын алу үшін қарапайым ережелерді сақтау қажет. 
     Медеу ауданының мемлекеттік
ветеринариялық – санитариялық инспекторы
Джумагазиев Е. Х.