A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заңы


Қазақстан Республикасының

«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың    алдын алу туралы» заңы

2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-4

17 бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке алдын алу шаралары:

1)        алдын ала сөйлесу;

2)        тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған тұлғаны ішкі істер органдарына жеткізу;

3)        қорғау ұйғарымы;

4)        әкімшілік ұстау;

5)        медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары;

6)        құқықбұзушының тәртібіне ерекше талаптарды белгілеу;

7)        әкімшілік жаза;

8)        ата-ана құқығынан айыру.

18 бап.Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке алдын алу шараларын қолдану үшін негіздеме болып келесі жағдайлардың бірі табылады:

1)        жеке және заңды тұлғалар арызының немесе хабарламасы келіп түсуі;

2)        ішкі істер органы қызметкерімен тұрмыстық зорлық-зомбылықты жасау немесе оны жасауға әрекеттену фактінің тікелей анықталуы;

3)        мемлекеттік органдардан және жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан келіп түскен материалдар.


ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗДЫ ҚОРҒАҢЫЗДАР!

ҚҰРМЕТТІ    ӘЙЕЛДЕР!

Егер сіздер тұрмыстық  зорлық-зомбылыққа  – денелік, психологиялық, экономикалық немесе жыныстық қысымға тап болсандар,

сіздерге ІІО Алматы қаласы әйелдерді

зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі

жұмыстарын ұйымдастыру тобының инспекторлары көмек көрсетеді.

 

Медеу ауданының ІІБ мекен жайы:

Қабанбай көшесі, 93  

                      тел. 254-48-66

Қабылдау уақыты: 09.00 - 19.00

                      Сенім телефондары

 

Алматы қ. ІІД Жергілікті полиция қызметі

                                   254 -45-  99

Алматы қ. Әкімінің жанындағы

Әйелдер істері және отбасы-демографиялық

саясат жөніндегі комиссия                           291-61-81

Дағдарыс Орталықтары:

«Қамқорлық»                    381 -22- 75

«Родник»                           396-19-38

    

                   МЕДЕУ АУДАНЫ  ІІБ

        20-бап. Қорғау нұсқамасы

1)        Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында  ішкі істер бөлімшесі қорғау нұсқамасын шығарады, ол тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған не оны жасау қаупін төндіретін адамға орындау үшін қолхатпен беріледі. Қол қоюдан бас тартылған жағдайда бұл жайында қорғау нұсқамасына жазылады.

2)        Жәбірленушіге оның құқықтары, сондай-ақ өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адам оны бұзған жағдайда құқықтық салдарлары түсіндіріле отырып, қорғау нұсқамасы шығарылған күні оның көшірмесі қолхатпен берілуге тиіс.

3)        Қорғау нұсқамасында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, жәбірленушінің еркіне қарамастан оны іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салынады.

4)        Қорғау нұсқамасында: оның шығарылған уақыты мен орны, кімнің шығарғаны және кімге қатысты шығарылғаны, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жасалған орны, уақыты және мән-жайлары немесе жасалу қаупі, жәбірленушімен қатынастарда белгіленген шектеулер, құқыққа қарсы іс-әрекеттер жалғастырылған және қорғау нұсқамасы бұзылған жағдайлардағы құқықтық салдарлары көрсетіледі.

5)        Қорғау нұсқамасын бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

6)        Өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адамды ішкі істер органдары профилактикалық есепке қояды және оған профилактикалық бақылау жасауды жүзеге асырады. 

   ҮЙ ІШІНДЕГІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ      

    ТУРАЛЫ  АШЫҚ АЙТЫҢЫЗДАР!