A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



Дауыс беруге кім құқылы?


Дауыс беруге кім құқылы?

18 жасқа толған әрбір Қазақстан Республикасының азаматы. Ол сотталмаған әрі белсенді дауыс беруге қабілетті болуы керек. Сонымен қатар, тұрғылықты мекен-жайы бойынша тұрақты тіркеудің болуы басты талаптардың бірі.

Дауыс беру үшін қандай құжаттар қажет?

Жеке куәлік немесе төлқұжат.

Қай жерге барып дауыс беру керек?

Сіз тек тіркелген жерде ғана дауыс бере аласыз. Жергілікті атқарушы органдардың веб-сайттары сайлау учаскелерінің шекарасында ақпаратты жариялайды.

Алматы

Алматы әкімшілігі сайтында өзіңіздің сайлау учаскеңізді табуға болады. «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» (https://almaty.gov.kz/page.php?page_id=5187&lang=1) сервисі«Қоғам» бөлімінің «Сайлау» айдарында. Өзіңіздің сайлау учаскеңізді білу үшін, пайдаланушы ЖСН енгізуі қажет және жүйе мекен жай мен 9 маусымда Президент сайлауының қай жерде дауыс беруге болатынын көрсетеді.

Сервис ұялы телефондарда жұмыс істемейді, тек компьютермен қолдануға болады.

Арнайы call-орталығының нөмірі: 224-22-22.

Егер, сіз, сайлау күні басқа қалада болсаңыз, онда қалай дауыс беруге болады?

Тіркеу орнынан тыс жерде дауыс берудің екі жолы бар: Сайлау болатын күннен бір ай бұрын, яғни 9 маусымға дейін, сайлау күні болатын аймақтың жергілікті әкімшілігіне дауыс беретін сайлау учаскеңізді көрсетіп, өтініш бересіз. Өтінішті қабылдаған соң сізді әкімшілік дауыс берушілер тізіміне енгізеді. Дауыс беру күніне 20 күн қалғанда сайлау учаскесіне барып, сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньді аласыз. Сырттай дауыс беру бюллетеньдерін беру 8 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18: 00-де тоқтатылады.
Бір қаланың ішінде сайлау учаскесін ауыстыруға болады ма?

Болады. Ол үшін 9 мамырға дейін жергілікті әкімшілікке өтініш білдіруіңіз керек.

Сіз дауыс беруге келдіңіз, бірақ сіз сайлаушылар тізімінде жоқсыз. Не істеу керек?

Сайлау комиссиясының мүшелеріне осы сайлау учаскесінің шегінде орналасқан мекен-жайды растау үшін мекен-жай анықтамасын беру керек.

Мобильдік шектеулігі бар адамдар қалай дауыс бере алады?

Денсаулық жағдайына байланысты немесе отбасы мүшелеріне қамқорлық жасайтынына байланысты сайлауға келе алмайтын азаматтар тіркеу орнындағы сайлау учаскесіне 9 маусымда жергілікті уақыт бойынша 12-ден кешіктірмей өтініш жазу керек. Содан кейін сайлау комиссиясының мүшелері портативті сайлау бюллетенімен өздері келеді.
Уақытша тіркеу куәлігін көрсету арқылы дауыс беруге болады ма?

Жоқ. Сайлаушылар тізімдері тұрақты тіркеу орны бойынша құрылады. Сіз 1 айдан кем емес, яғни 9 мамырға дейін сайлау учаскеңізді көрсете отырып, сайлаушылар тізіміне қосылу туралы уақытша тіркелген мекен жайдағы жергілікті әкімшілікке өтінішіңізбен жүгінуіңізге болады. Содан кейін сіз 9 маусымдағы президент сайлауына дауыс бере аласыз.

Туыстарымның атынан дауыс бере аламын ба?

Жоқ, ол мүмкін емес. Туыстарыңыздың жеке куәлігін көрсетсеңіз де сізге бюллетень берілмейді, себебі әр сайлаушы жеке дауыс беруі тиіс.
Неге электрондық дауыс беру жүйесі жоқ?

2000 жылы «Сайлау» электрондық дауыс беру жүйесі енгізілді. Дегенмен, ол сайлаушылар арасында сұранысқа ие болмады, сондай-ақ саяси партиялар, жұртшылық пен бақылаушылар арасында сынға түсті. Содан бері аталған жүйе сайлауда қолданылмады.

Сайлау учаскесінің жұмыс кестесі

9 маусым күні сайлау учаскесі түскі үзіліссіз 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
Қалай дауыс беру керек?

Сайлау комиссиясының мүшесіне жеке куәлігіңізді көрсету арқылы бюллетень аласыз;

Жасырын дауыс беру үшін кабинаға өтіп, бюллетеньді толтырыңыз;

Сіз өзіңіздің ақпараттық бюллетеніңізді өзіңіз толтыра алмасаңыз, сіз өзіңіз сенім білдіретін адамның көмегіне жүгіне аласыз. Дауыс бергеннен кейін ол адамның есімі бюллетень алушының қолының қасына жазылады. Бірақ ол адам: сайлау комиссиясының мүшесі, жергілікті басшылық органдарының қызметкері, кандидаттың сенімді адамы, журналист, БАҚ өкілдері, сайлау комиссиясында тіркелген бақылаушы сенім білдіретін адам бола алмайды;

Кабинада дауыс беруші кандидаттың аты-жөні тұрған бағананың оң жағындағы бос квадратқа кез келген белгіні жазу арқылы дауыс береді. Карандашпен толтырылған және түзетулер енгізілген бюллетеньдегі жауап есептелінбейді;

Толтырылған бюллетень дауыс беруге арналған қорапқа салынады.

Бір адам тек бір ғана дауыс құқығына ие.
Бюллетеньді байқаусызда бүлдіріп алған жағдайда не істеу керек?

Сайлаушы комиссия мүшелеріне бюллетеньді бүлдіріп алғанын айтып келеді. Ескі бюллетеннің орнына оған жаңа бюллетень беріледі, және бүлінген бюллетеньді пайдаланылмағандарымен бірге жойып жібереді. Бүлінген бюллетеньді қоқысқа тастамай тұрып қана ауыстыра аласыз, егер қолыңызда бүлінген бюллетень болмаса, сізге жаңа бюллетень берілмейді.