A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



Қазақстандық патриотизм және азаматтықты жетілдіруге, ҚР Конституциясы, заңдары мен мемлекеттік символдарына құрмет


Қазақстандық патриотизм және азаматтықты жетілдіруге, ҚР Конституциясы, заңдары мен мемлекеттік символдарына құрмет

Қоғаммен білім беру кеңістігінің қазіргі жағдайында Қазақстан Ресубликасында азаматтылық және патриотизм сезімін тәрбиелеу өте өзекті болуда.

Кез-келген мемлекеттің болуы үшін міндетті талап, жоғарғы мемлекеттік Заңы–Конституциясының болуы болып табылады.

30 тамыз тарихта және қазақ халқының жадында Қазақстан Республикасы Конституциясының күні, біздің еліміздің мемлекеттік мерекесі болып қалады.

Өз елінің патриоты болу дегеніміз не? Өз елінің патриоты болу - өзіндік ар-намысы бар кез-келгенадам үшін қашанда да үлкен құрмет. Сонымен қоса, патриот болып тумайды, қалыптасады және қарыштап дамушы мемлекетте патриоттық тәрбиені шығармашылық процесс деп қана бағалауға болмайды. Бұл жастардың еліміздің болашағы үшін күрес, мәжбүрлі көшіп-қону, қылмыстың өсуі, нашақорлық, маскүнемдік және экстремистік, террористік және т.б. арам пиғыл тәрізді теріс құбылыстар мен күрес.

«Қазақстандық патриотизм» дегенді қалай түсінеміз? Патриотизм жай ғана қалыптаса салмайды. Оның бастауы – еліміздің тарихын терең білуде, оның тәуелсіздігі мен гүлденуіне атсалысқан ұрпақтың қызметін ұғыну және құрметтеуде. Патриотизм жүрек түкпірінен орын алған (санада) өте асыл сезім. Патриотизм дегенге сөз бен емес, әр адамның ісіне қарап баға береді. Өзін патриотпын деген адам емес, оны басқалар, бәрінен бұрын оның Отандастары патриот деп есептеген адам ғана патриотқа лайық.

Қазақстандық патриотизм – бұл мемлекетілікті, қазақстандық мазмұнды ұғыну. Ол: адамның қайда туып, қайда өскен жеріне деген құштарлықты; ана тіліне деген құрметті; Отанының мүдделерін қорғауды; азаматтық сезімдерін білдіру және Отанға деген адалдықты сақтауды; оның әлеуметтік және мәдени жетістерін мақтан тұтуды; оның бостандығы мен тәуелсіздігін қолдауды; Отанының өткен тарихына және одан мирас болған дәстүрге деген құрметті; өзінің еңбегі мен күш-жігерін, қабілетін Отанының гүлденуіне арнауға тырысуды қамтиды. Жас, тәуелсіз және әлеуетті мемлекеттің оның қызметінің барлық салаларындағы жетістігін айқындайтын қазақстандық патриотизм дербес және терең саяси құбылыс ретінде қалыптасу үшін барлық қажетті алғы шарттарға ие.

Оның қалыптасуында өз елінің одан әрі гүлденуі мен игілігі үшін мүдделлі барлық қазақстандық қоғам қатысуы тиіс.

Патриотизм көрінісі қандай? Патриотизм табиғатты, қоршаған әлемді, туған қаланы, көшені, үйді қастерлеу, үлкенді, өзхалқының, отбасы дәстүрлерін сыйлауда көрініс табады. Осының бәрін бала кезден дарыту керек. Патриоттық сезім отбасынан басталады. Отбасында табиғатты, қоршаған әлемді қастерлеу қалыптасады. Өркендеуге, патриоттарды тәрбиелеуге тырмысатын қоғамда басты бағдар – отбасы құндылықтары, басты міндет – оның толыққанды өмір сүруіне жағдай жасау. Отбасы – бұл мемлекет негізі. Өз тегіңді жетінші ұрпаққа дейін білу алла қолдайтын іс. Сондықтан бүгінгі күні идеологиялық кеңістік кезеңінде тәрбие жүйесінде негізінде азаматтық адамгершілік, өзінің тарихын, жақынын, отбасын, мектебін, сыныбын, қаласын мақтан тұтатын азаматтық патриотизм ерекше маңызға ие болады.

Патриотизм және азаматтылық – тәуелсіз Қазақстанды дамыту мен нығайтудың маңызды факторлары болып табылады. Өзінің елі үшін ұлттық мақтаныш қазақстандық патриотизмнің мызғымас іргетасын жасайды, жаңа мемлекетті құру процесіне қатысуды және біздің Отанымыздың нақты жетістіктер мен табыстарға негізделген тамаша болашағына деген сенімділік сезімін қалыптастырады.

Мемлекеттік мейрамның – Конституция күнінің маңызын бағалау қиын. Кез келген ел үшін, оның ішінде Қазақстан үшін, Конституцияның болуы – бұл, ең алдымен, оның тәуелсіздігін және егемендігін тану. Бұл Отанымыздың одан әрі нығаюы мен өркендеуіне бағытталған әрбір азаматтың патриоттық сезімін, жоғары азаматтылығын, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға арналған маңызды шарт.

Далабаев Алибек Казыбекович