2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



2019 жылыМедеу ауданы бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат


2019 жылыМедеу ауданы бойынша

атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

 

Азаматтарды жеке қабылдау, Ашық есік күндері, тұрғындарменкездесулер

Алматы қаласының әкімі аудан тұрғындарымен 2 кездесу өткізді, бірінші кездесу 300-ден астам тұрғындардың қатысуымен 2019 жылдың 27 тамызында өткізілді (79 сұрақ келіп түсті, оның 26-сы шешілді, 41-і түсініктеме берілді, 12 сұрақ бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр), екінші кездесу 500-ден астам тұрғындардың қатысуымен 2019 жылдың 19 желтоқсанында өткізілді (124 сұрақ түсті, 68 мәселе бойынша түсініктеме берілді, 5 сұрақ шешілді, 51 сұрақ бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр).

Келесідей шешілген сұрақтар бар, мысалы:

-     «Алатау» ықшам ауданында "Ардагерлер" аллеясы мен Ибрагимов көшесіндегі саяжай абаттандырылды;

-     Тайманова және Қажымұқан көшелері қиылысында футбол және воркаут алаңдары орнатылды;

-     «Мұзтау» ықшам ауданында балалар және спорт алаңы орнатылды;

-     Шашкина көшесі,36 мен Аль-Фараби даңгылының қиылысында орналасқан жер учаскесіндегі заңсыз қоршау мен жапсарлас құрылыс алып тасталынды, аумақ қоқыстан тазартылды;

-     «Ақ-қайын» ықшам ауданында Әжібай батыр көшесінің жол төсеміндегі жөндеу жұмыстары жүргізілді, шұңқырларға қатысты кемшіліктер мен ескертулер жойылды;

-     «Алатау» ықшам ауданында орналасқан 3 саяжай алқаптарында жол төсеу жұмыстары жүргізілді;

-     «Музтау» ықшам ауданындағы Бейсеуов көшесінің жол төсеміндегі шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілді;

-     «Ақ-Қайын» ықшам ауданында Әжібай батыр көшесіндегі көше жарығы қосылды, сондай-ақ, Мұзтау ықшам ауданындағы Ключевая көшесіне де жарық орнатылды;

-     Жангельдин көшесінің оңтүстік бағыты бойында және Мұзтау ықшам ауданында аялдама кешендері орнатылды;

-     «Алатау» ықшам ауданының кіре берісі және Үлкен алматы каналы қиылысына бағдаршам орнатылды;

-     «Сұлусай» ықшам ауданында Абзал көшесі, 8 мекенжайында 20 орынға арналған жеке шағын орталық ашылды.

 

Есептік кезеңде аудан әкімі 2987 тұрғынның қатысуымен 73 жеке қабылдау және 29 Ашық есік күндерін өткізді.

(29 Ашық есік күндерінен 696 сұрақ келіп түсті, оның 289-ы орындалды, 401 сұрақ бойынша түсініктеме берілді, 6 мәселе бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр).

Сонымен қатар, орынға шығу арқылы шамамен 1900 тұрғынды қамтитын, ауданда 387 кездесу өткізді.

 

Әлеуметтік-экономикалық даму

Салықтық түсімдер

Есептік кезеңде салықтық түсімдер 541,9 млрд. теңгені құрады, болжам бойынша 530,9 млрд. теңге, орындалуы 102%.

РБ бойынша түсім 444,8 млрд. теңгені құрады, болжам бойынша 436,9 млрд. теңге, болжамдық көрсеткіштердің орындалуы 102% құрайды.


ЖБ бойынша түсім 96,5 млрд. теңгені құрады, болжам бойынша 94 млрд. теңге, болжамдық көрсеткіштердің орындалуы 103%.

Қала көлемінде ауданның салық түсімдерінің үлесі - 24,4%. Мемлекеттік бюджетке заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы - 196,4 млрд. теңгені құрады, жоспар бойынша 195,7 млрд. теңге, орындалуы 100%.

Республикалық бюджетке әлеуметтік салық бойынша түсімдер 33,9 млрд. теңгені құрады, жоспар бойынша 32,8 млрд. теңге, болжамдық көрсеткіштердің орындалуы 104%.

Инвестиция

2019 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталда инвестиция көлемі 182,9 млрд. теңгені құрады, 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 13% - ға өсті, нақты көлем индексі - 109% құрады. Қалалық көлемде ауданның инвестицияны игеру үлесі 22,3%.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің меншікті қаражаты инвестициялардың басым көздері болып қалуда, олардың үлесі 79% -ды құрайды, бұл салықтық әкімшілендіру және Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларымен қолайлы жағдай жасалғандылығын куәландырады.

Мәселен, 2019 жылы Медеу ауданында жалпы соммасы 20 млрд. теңгені құрайтын, 500-ден астам жұмыс орнымен, қызмет көрсету және сауда, қоғамдық тамақтану, көңіл көтеру мекемелері, жеке медициналық орталықтар мен емханалар ашылды.

           Өнеркәсіп

2019 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі – 116,5 млрд. теңгені құрады (2018 - 110,9 млрд. теңге), Нақты көлем индексі – 104,7% (2018 - 101,3%).

Ауданда өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі шоколад, кондитерлік өнімдер, сусындар, негізгі фармацевтикалық өнімдер және металлургия өнеркәсібі өндірісінде байқалады.

Өнеркәсіптік өнім өндірісінің қалалық көлеміндегі ауданның үлесі - 12,5%.

 

Аудан тұрғындарының табысы

Медеу ауданы бойынша бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 276 993 теңгені құрады (2018 жылда – 250 450 тенге) 2018 жылдың сәйкес кезеңіне өсім 10,6% – ды, нақты өсім 5,1% - ды құрады.

Еңбек ақы деңгейі бойынша Медеу ауданы Алматы қаласының аудандары арасында көшбасшы орынға ие (1 орын).

 

 

 

 

Тауар айналымы

Жыл қорытындысы бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі - 527,6 млрд. теңгені құрады (2018 – 439,1 млрд. теңге), өткен жылдың тиісті кезеңіне 112,6% - ға өсті.

Бөлшек тауар айналымындағы ауданның үлесі – 14,9%                          (2018 – 14,7%).

Көтерме сауда айналымы 2 787,4 млрд. теңгені құрады                         (2018 – 2 651,7 млрд. теңге).

Көтерме тауар айналымындағы ауданның үлесі – 23%                     (2018 – 23,3%).

Ауданның тауар айналымы көлемін әлемдік брендтер "Zara Home", "H&M Kazakhstan", "Monamie", "Орифлэйм", "Рамстор Казахстан", "Ройял Карс", "Сименс", "Самсунг Электроникс Казахстан", "Марс Казахстан", "Синоил", "Тойота Моторс Казахстан" және т. б. құрайды, осы компаниялардың орташа айлық сауда көлемі 1,2 млрд. теңгені құрайды.

 

Шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту

Шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындардыңтіркелген саны - 19 691, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары-11 717(2018 ж.-10 370 бірлік).

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған "Еңбек" бағдарламасы шеңберінде шағын несиелеу бойынша мемлекеттік қолдау шаралары есебінен белсенді жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындардың, оның ішінде жеке кәсіпкерлердің санының артуы байқалады.

Тек, Медеу ауданы бойынша 16 жоба бойынша қаржыландыру сомасы 229,2 млн.теңгені құрады ("Мансурова" ЖК, "Кемелов" ЖК, "Искрин" ЖК, "Айтенов" ЖК, "Терлекбаев" ЖК, "Век" ЖК, "Сейдалиев" ЖК, "Косаев" ЖК, "Данилов" ЖК, "Есельбаев" ЖК, "Байнал" ЖК, "Алдабергенова" ЖК, "Штербов" ЖК, "Юниверсал Сервис Центр" ЖШС, "УЦ НРС" ЖШС, "Роял Инвест Групп"ЖШС).

 

Құрылыс

2019 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі – 59,5 млрд.теңгені, НКИ – 102,1% құрады.

 

Тұрғын үйлерді пайдалануға беру

        Медеу ауданы бойынша 2019 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы - 250 089 ш. м. құрайтын 7 көппәтерлі тұрғын үй, ауданы 201 879 ш. м.(2018 – 179 577ш.м.), сонымен қатар ЖТҚ алаңы – 48 210 ш.м. құрады (2018 – 41 635 ш. м.).

        Пайдалануға берілген тұрғын үйдің НКИ ұқсас кезеңде – 139,3% құрады (2018 – 41,1%). Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша қаладағы ауданның үлесі - 11,9%.

 

Абаттандыру, көшелерді жарықтандыру және ТЖ-ды алдын алу

ТЖ-ды алдын алу

Горная көшесіндегі таудың баурайын нығайту бойынша авариялық - қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Көшкін жағдайына байланысты 15-тен астам жеке үйдің құлау қаупі болды. Қазіргі уақытта 10 жеке үй қалпына келтірілді және 8 үйде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жол төселіп, көріктендіру жұмыстары жүргізілді. 120-дан астам адамның қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

Бірнеше жыл бойы көктемгі және күзгі кезеңдерде «Терісбұлақ» өзенінің бойында 300-ге жуық адам тұратын 50 жеке тұрғын үйді су басу жағдайлары болды.

Бұл мәселе "Терісбұлақ" өзенінің арнасын тереңдете отырып, қалпына келтіру - нығайту жұмыстарын жүргізу арқылы шешілді.

Осыған ұқсас жағдай Средняя көшесінде де болды, онда еріген және жаңбырдың суы жиналып, су деңгейі 1 метрге көтерілген. Осы мәселені шешу үшін, ұзындығы 218 метрлі еріген және жаңбырдың суларын басқа бағытқа бұратын дренаж жүйесінің құрылысы жүргізілді.

«Сұлусай» ықшам ауданына апаратын жолдың опырылуына байланысты, (ұзындығы 3,5 км) көлік қозғалысы үшін қауіпті авариялық жағдай туындаған, осылайша 500-ден астам отбасы қала аумағына бара алмайтындай қиын жағдай болған. Қазіргі уақытта апатты жағдай жойылып, тау баурайын және «Ботбайсай» өзенінің арнасын нығайту жұмыстары жүргізілді, жол қалпына келтіріліп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

 

Көшелерді жарықтандыру

2019 жылы жалпы ұзындығы 32,84 км құрайтын 19 көшенің сыртқы жарықтандыру желісінің құрылысы аяқталды, 1084 бірлік жарық желісі орнатылды.

Осы жылы қаланың барлық жарықтандырылмаған көшелерін жарықтандыруы жоспарланған, оның ішінде Медеу ауданы бойынша 6 200 бірлік жарық желісін орнату қарастылыған, ұзындығы 223,65 км құрайтын 279 көше және 27 аула (ұзындығы 15 км, 500 бірлік Жарық).

 

Аулаларды абаттандыру

Сондай-ақ, есептік кезеңде 82 аула абаттандырылды, осы жылы жалпы сомасы 519,5 млн. теңгеге 41 аулада күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған. Бұл жұмыстар ауданның 80% ауласын қамтуға мүмкіндік береді, 20% бұл жаңа үйлер мен ескі үйлердің аулалары.

 

 

 

 

 

 

Қоғамдық аймақтарды абаттандыру

Өткен жылы Медеу ауданының тұрғындары "Бюджетке қатысу" жобасы аясында 1,8 млрд.теңгеге 52 ұсыныс енгізді, оның ішінде             1 млрд. теңгені құрайтын 26 жоба дауыс беруге жіберілді.

"Open Almaty" сайтында ашық дауыс беру нәтижесі бойынша 334,3 млн. теңгеге 8 жеңімпаз жоба анықталды. Осы жобаларға қаржы бөлінді, ағымдағы жылы іске асыру жоспарлануда:

1.            Қала тұрғындары мен туристердің демалуы үшін, Бутаковка ықшам ауданында Бейсеуов көшесінің бойымен, Южная көшесіне дейін абаттандыру және көгалдандыру қарастырылған;

2.         Думан ықшам ауданындағы саяжайды ағымдағы жөндеуден өткізу;

3.         Рысқұлов даңғылының бойында Сазановская көшесінен Атырау ықшам ауданына қарай бағытта, спорт және балалар алаңдарын салу және абаттандыру;

4.         Самал-1 ықшам ауданында Меңдіқұлов көшесі бойында, Жолдасбеков көшесінен төмен орналасқан саяжайда ағымдағы жөндеу жұмыстары;

5.         Ерекше қажеттілікті талап ететін адамдар үшін жер асты және жер үсті өткелдерінде көтергіш құрылғысы бар пандустарды орнату;

6.         Алатау ықшам ауданында № 7 мектептің батыс жағында орналасқан саяжайда спорт алаңын салу, абаттандыру;

7.         Алатау ықшам ауданында Даңқ мемориалының батыс бетіндегі саяжайды абаттандыру және спорт алаңын салу;

8.         Халиуллин көшесінен Шарипов көшесіне дейінгі аумақта "Жарбұлақ" өзенінің бойына қоршау орнату;

Сондай-ақ, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында, 2 балалар алаңы (Алатау, Мұзтау ш/а), 4 спорт және воркаут алаңдары (Алатау, Мұзтау, ы.а. Назарбаев д-лы, 76, Таиров көшесіне), және 2 футбол алаңы салынды (Гоголь к-сі, 75,. Көлсай ы/а).

Ауданда қолайлы кеңістік құру үшін 8 мыңнан астам адамды қамтитын, 2 көшені қайта құру жұмыстары аяқталды. Бұл жаяу жүргіншілер аймағының ұзындығы 3,8 шақырымдықұрайтын Достық даңғылы мен Әйтеке би көшесі.

Орталық мешіттің іргелес аумағы, ұзындығы 700 м болатын Құлжа трактінің жаяу жүргіншілер аймағы абаттандырылды.

Сонымен қатар, биылғы жылы Шақшақ Жәнібек (Добролюбов)көшесінен Гоголь көшесіне дейін Кіші Алматы өзенінің жағалауын, Тіксай өзенінен қала шекарасына дейін Талғар трактісіндегі жаяу жүргіншілер аймағын, Думан ықшам ауданында Қарқаралы көшесінде орналасқан №172 орта мектептің бойындағы саяжайды абаттандыру жоспарланған.

 

Арық желілерін салу

Оспанов, Жамақаев, Сарбай, Чаплин көшелеріндегі, Орталық мұражай бойындағы су басу мәселесін шешу үшін ұзындығы 5,1 км арық желілерінің жаңа құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 3,6 км.ді құрайтын 12 көшеде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қосымша, 16 көшеде ұзындығы 22 км арық желілерін салу үшін жоба әзірленуде, құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы іске асырылады.

 

Жолдарды жөндеу

2019 жылы ұзындығы 16,9 км болатын 11 көшеде және 2 көлік айрығына орташа жөндеу жүргізілді (Н.Назарбаев даңғылы–Әл-Фараби даңғылы, Достық д-лы–Әл-Фараби д-лы).

Ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 29,5 км.ді құрайтын 33 көшенің жолдарына, сондай-ақ жалпы ұзындығы 14,33 км 15 көшенің тротуарларына "Есік жолдары" ЖШС-мен орташа жөндеу жүргізу жоспарланған.

 

Көгалдандыру

Есептік кезеңде «Jasyl Almaty» жобасы аясында Жасыл экономика басқармасымен бірлесе аудан аумағында Алатау, Думан ықшам аудандарында, Көк-төбе, «Мохнатка» таулы аймақтарында, Шығыс айналма жолы, Құлжа, Бухтарминск трактілерінде және т.б. 112 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Сондай-ақ, мемлекетік-жеке серіктестік аясында 664 ағаш, 10 718 ш.м. гүлзарлар және 2 482 вертикальді көгалдандыру элементі отырғызылды. Ағымдағы жылы бұл жұмыс жалғастырылады.

 

Тұрғын үйлерді модернизациялау бойынша

2011-2019 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарламаға жалпы сомасы 1 951,9 млн.тг 134 көп қабатты тұрғын үй (КҚТҮ) қатысты.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтыжаңғырту аясында 2019 жылы 51 КҚТҮ-ің 34-де (жалпы сомасы 379 619 336 теңге) жұмыстар аяқталды. Қаржыландыруға байланысты 15 үй 2020 жылға ауыстырылды.

Сонымен қатар, «Алматы Тұрғын Үй» ЖШС компаниясының ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарына 33 үйдің тұрғын үй қорын жаңғырту енгізілген (23 үй лифтті ауыстыру, 10 үй күрделі жөндеу).

Сондай-ақ, 14 үй бойынша тұрғын үй қорын күрделі жөндеу бойынша ЖСҚ-лар ПИК-іне тұрғындардың ортақ жиналысында қарастыруға берілді.

 

Сумен жабдықтау және су шығару жүйесін тарту

Сумен жабдықтау және су шығару жүйесін тарту мәселесі көбіне Каменское плато, Мұзтау, Көлсай, Сұлусай, Кеңсай және Аққайын ықшам аудандарының тұрғындарымен жиі көтеріледі.

«Каменское плато» тұрғын алабын сумен жабдықтау құрылысын ағымдағы жылдың көктемінде бастау жоспарлануда. Конкурс қорытындысы шығарылып «Нұрай» ЖШС мердігерлік ұйымы дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ, «Көлсай» ы.а. сумен жабдықтау және су шығару жүйесі құрылысы «Алматыинжстрой» ЖШС мердігерлік ұйымымен ағымдағы жылдың көктемінде басталады.

«Ақ қайын» ықшам ауданы бойынша сумен қамтамасыз етуге жеке инвестор есебінен жоба дайындалып, Стратегия және бюджет басқармасына ұсыныс енгізілді.

«Мұзтау» (Бутаковка) тұрғын массивін сумен жабдықтау және кәріз жүйесі бойынша жоба әзірленді, іске асыру 2020-2021 жылдары жоспарлануда. Қазіргі уақытта Энергиятиімділік басқармасымен су көзінен сумен жабдықтау жобасы әзірленуде.

«Сұлусай» ықшам ауданын сумен жабдықтау және су бұру бойынша қазіргі уақытта жобалық сметалық құжат (ЖСҚ) аяқталып, сараптама күтілуде. Жобаны іске асыру ағымдағы жылдың көктемінде қаржыландыруға қарай басталатын болады.

«Кеңсай» ықшам ауданында су жүйесімен жабдықтау және су шығару жүйесі жобасын әзірлеуге қаражат бөлінді, ЖСҚ дайын болуына байланысты жұмыстар қаржыландыруға қарай басталатын болады.

Барлық жобаларды іске асыру шамамен 2 500 үйді (7 мыңнан астам тұрғынды) ауыз сумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, «Думан» ауданында ұзындығы – 46 кмді құрайтын, 59 көшеде инженерлік желілердің құрылысы аяқталуда.

Ықшам аудан тұрғындарының көптеген өтініштеріне байланысты қалалық мобилдік басқармасымен шағын ауданның осы көшелерін күрделі жөндеу және абаттандыру жобасын әзірлеуде, жұмыстар қаржыландыруға қарай басталатын болады.

Сонымен қатар, 2019 жылы ұзындығы 5,8 кмді құрайтын 12 көше бойынша су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді, 320 үй мен 2500 тұрғын қамтылды (Погодин, Менделеев, Сарыбай, Таиров, Лисаковск, Набережная, Полетаев, Бестужев, Халиуллин, Ахундов, Рубцовская, Сырдария).

 

Газбен жабдықтау

2019 жылы 2 000-нан астам үйді (50 мың тұрғынды) қамтитын ұзындығы 78 км газ құбырының құрылысы аяқталды (42 бағбандық қоғам, 2 КПТҮ, Мұзтау, Алатау ықшам аудандары және Широкая Щель тұрғын алаптары, Кеңсай саяжайлары, Каменское плато)газ құбырын «ҚазТрансГаз АҚ балансына беру ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жоспарланып отыр.

 

Білім саласы

Аудан бойынша білім беру саласында ең өзекті мәселелердің бірі оқушы орындарының жетіспеушілігі болып табылады.

Тапшылық 3 755 орынды құрайды, әсіресе № 4, 12, 35, 56, 131, 159 және «Думан» ықшам ауданындағы № 172 мектеп.

Қазіргі уақытта № 172 мектепте 850 орындық қосымша жапсырма құрылысы жүргізілуде. Құрылыс нысанының аяқтау мерзімі, ағымдағы жылдың мамыр айы.

Сондай-ақ, биылғы жылы «Алатау» ықшам аудандағы №7 мектепте сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу жұмыстары басталады.

№131 мектепте сейсмотұрақтылығын күшейтуге арналған ЖСҚ әзірлеу жоспарланған және №48 мектепке қосымша құрылыс салу арқылы күрделі жөндеу жұмысы жоспарлануда. Жобаларды іске асыру мерзімі 2020-2021 ж.ж.

«Самал-3» ықшам ауданында жеке инвесторлар есебінен 800 орындық жеке мектеп ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Аяқтау мерзімі 2020 жылдың қыркүйек айы.

Орманов көшесі (Шығыс айналма жолы) бойынша жеке инвестиция есебінен 540 орындық әмбебап мектептің құрылысы жалғасуда. Аяқтау мерзімі 2020 жылғы қыркүйек айы.

Сондай-ақ, 2019 жылы ауданның 25 мектебінде жалпы сомасы 67 млн.теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, ауданда 18 мемлекеттік, 49 жеке меншік балабақша және 37 шағын орталық бар, онда 6 243 бала тәрбиеленіп, білім алуда.

2019 жылы жалпы жобалық қуаты 522 орынға арналған 20 жекеменшік балабақша мен шағын орталықтар ашылды.

 

Құқық тәртібі, құқық бұзушылықтың алдын алу

Полиция жұмысының жаңа сервистік моделін есепке ала отырып, есептік кезеңде қалада 41 модульді полиция бекеті орнатылды, оның 7-і Медеу ауданында орналасқан.

Модульдер жұмыс істеген сәттен бастап 213-ге жуық азаматтың өтініші тіркелді, оның ішінде қылмыс фактісі туралы – 9, әкімшілік құқық бұзушылық туралы - 49, қалған келіп түскен өтініштер анықтамалық-ақпараттық сипатта.

Полицияның модульдік бекеттерін орнату аудандағы қылмыс деңгейіне оң әсер етті.

2019 жылдың қорытындысы бойынша ауданда қылмыстардың төмендеуі байқалады:

- тонау 19,3%- ға (249-дан 201-ға дейін);

- бөтен мүлікті ұрлау 30,3%-ға (5.240-тен 3.654-ке дейін • );

- көлік құралын иелену 9,1% - ға(22-ден 20-ға дейін);

- бұзақылық 2,2% - ға (89-дан 87 - ге дейін);

- алаяқтық 2,6%- ға (1.007-ден 981-ге дейін);

- есірткі 2,1 ретке (34-тен 16-ға дейін), оның ішінде ауыр 2,5 р (10-нан 4-ке дейін);

- қоғамдық орындарда 6,4%- ға (3.715-тен 3.476-ға дейін).

 

Жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын құру

2019 жылы Медеу ауданында 3 539 жаңа жұмыс орны ашылды.

Жаңадан бастаған кәсіпкерлерді оқыту және жұмысқа орналастыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға үлкен көңіл бөлінді.

«Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша 166 адам оқытылды, оның ішінде 67 көпбалалы ана.

«Іскер ана» бағдарламасы бойынша 13 көп балалы ана өз ісін ашты.

Ауданның пробация қызметінде тұрған 263 адамның ішінен 74 адам жұмысқа орналастырылды, 91 адам өзін-өзі жұмыспен қамтып отыр, олар бірыңғай жиынтық төлем төлейді.

 

Денсаулық сақтау

Медеу ауданында 10 денсаулық сақтау нысаны орналасқан, медицина қызметкерлерінің жалпы саны 1546 адам, оның ішінде 481 дәрігер, 928 орта медицина қызметкері, 137 кіші медицина қызметкері бар.

Есептік кезеңінде науқастардың жалпы саны - 33809 адамды құрады.

2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылдың 12 ай көлемінде келесі аурулар төмендегені байқалады:

- жүрек-қан тамырлары аурулары 21,6 % -ға;

- гепатит 14,3 %-ға;

- туберкулез 38,2%-ға;

- онкологиялық аурулар 2,7% - ға.

Сонымен қатар, бала өлімі 66,6% – ға (2018ж. - 12 жағдай, 2019ж. - 4 жағдай).

Тұрғындардың көптеген өтініштеріне байланысты, жедел медициналық көмек көрсету үшін ағымдағы жылы «Тау – Самал», «Кеңсай», «Көлсай» ықшам аудандарында 3 фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды, соның есебінен ауруханадан неғұрлым шалғай орналасқан 12 мыңнан астам тұрғынға медициналық көмек қолжетімді болды.

Осы фельдшерлік-акушерлік пункттерге күніне жалпы саны 100-ге жуық адам келеді.

 

Әлеуметтік қорғау

«Бақытты отбасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Медеу ауданында «Іскер» орталығы ашылды.

Бүгінгі күні орталықта 927 адам тіркелген. Орталықтың жобалық қуаты күніне 60 адамды құрайды.

Сондай-ақ, «Bastau» жобасының ашылуынан бастап «Бақытты отбасы» орталығында 166 адам оқытылды, оның ішінде 136 қатысушы қорғалды.

«Жас кәсіпкер» жобасындағы курстардың арқасында 92 адам 505 000 теңге (200 АЕК) көлемінде грант алды.

Сонымен қатар, балаларға арналған орталықта «Акварель» кескіндеме бойынша арт-терапия үйірмелері, саздан мүсіндеу, ағылшын-қазақ-орыс тілі курстары, Нарабаев зияткерлік мектебіне дайындау үшін математика курстары ұйымдастырылды. Жалпы саны 200-ге жуық бала қамтылды.

Аз қамтылған отбасыларының аналарға бір бала бақшаға бару үшін 25 сертификат, тегін негізде 1 жыл мерзімге берілді.

Ауданның көп балалы аналары үшін 4 рет «бір күнде Бизнес» жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкелерге 40-қа жуық көп балалы ана қатысты, оның ішінде 6 қатысушы бизнес құрылымдарымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол жеткізді.

2019 жылы Медеу ауданы бойынша көп балалы аналар саны 1 470 адамды құрады, оның ішінде:

– 4 және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар-932 адам;

- «Күміс алқа» (6 бала), «Алтын алқа» (7 және одан да көп бала) - 538 адам, оның ішінде «Күміс алқа» - 284, «Алтын алқа» - 150, «Батыр ана» -56, «Ана даңқы» - 48.

2019 жылы аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 1035 отбасын құрады, оның ішінде: көп балалы отбасылар – 342 отбасы (1 645 бала), жалғыз басты аналар – 247 отбасы (450 бала), аз қамтылған отбасылар-446 отбасы (оларда 1305 бала).

 

Қоғамдық көлік

Ауданда 56 автобус және 6 троллейбус маршруттары жұмыс істейді, оның ішінде:

- 7 автобус - ішкі бағыттар бойынша (яғни аудан бойынша) (5, 5а, 5б, 12, 29Р, 107, 111.);

- 49 автобус - өтетін маршруттар бойынша (яғни аудан бойынша аялдамалар) (№2, №3, №4, №7, №11, №13, №16, №17, №20, №21, №22, №23, №29, №37, №38, №42, №45, №48, №51, №54, №57, №59, №60, №62, №63, №65, №66, №69, №70, №71, №73, №74, №88, №95, №98, №99, №112, №117, №118, №120, №121, №124, №127, №129, №131, 141, 203, 209, 210);

- 6 троллейбус маршруттары (№1, №9, №11, №12, №19, №25).

Аудан аумағында «ДуманТранс.Сом» ЖШС жеке автобус паркі Хорналасқан (Думан ы.а., Халиулин к-сі, 119).

Тасымалдаушы компаниямен 2019 жылы №20, №21 және №129 маршруттар бойынша жылжымалы құрамның 90% жаңартылды.

20 автобус (ISUZU LE маркалы). Жыл соңына дейін 22 автобус (Yutong маркалы) сатып алу жолымен №11 маршрут бойынша жылжымалы құрамды жаңарту жоспарлануда.

Сондай-ақ, тұрғындардың өтініші бойынша:

- 3 аялдама кешені орнатылды. («Бутаковка» ы.а., Жангелдин, Райымбек көшелері қиылысы, Достық, Ньютон көшелері қиылысы);

- №207 жаңа бағыт бойынша 16 автобус іске қосылды (Талғар-Алматы);

- №29Р қоғамдық көлік бағыты Экопостқа дейін ұзартылды. (Музтау ы.а. жоғары);

- №5В бағыты бойынша автобус іске қосылды («Аққайың» шипажайынан Оспанов көшесіне дейін);

- №117 бағыттағы жылжымалы құрам жаңартылды, саны 12 автобус.