2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



Нормативтік құқықтық актілерді электронды тіркеу (12.11.2019)


Нормативтік құқықтық актілерді электронды тіркеу

Негізгі конституциялық қағидат - азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау қағидатын іске асыру және қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және аумақтықтық әділет департаменттері 20 жылдан астам уақыт бойы орталық мемлекеттік органдардың. жергілікті өкілді және атқарушы органдарының нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасы заңнамасына сай мемлекеттік тіркеуден өткізіп келеді.

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу институтының еліміздегі демократиялық қайта құрулардың алғашқы кезеңінде пайда болуы министрліктер мен ведомстволардың өздері реттейтін саладағы барлық мәселелерді қарастыратындығымен байланыстырылды. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тиімділігіне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, кәсіпкерлікке кедергілердің болмауы және заңнаманы жетілдіру мәселелері тікелей байланысты.

Мемлекеттік тіркеудің мәні мен маңыздылығы тек заң шығарудың заңдылығын бақылауда ғана емес, мемлекеттік тіркеу фактісі нормативтік құқықтық актілердің күшіне енуінің қажетті шарты болып табылады, ал мұндай шартты орындамау сотқа мемлекеттік тіркеуден өтпеген актіні жарамсыз деп тану үшін жеткілікті негіз болып табылады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V «Құқықтық актілер туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 «Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» қаулысымен реттеледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 463 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 (әрі қарай - Қағида) және «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысының аясында 2018 жылдың шілде айынан бастап орталық мемлекеттік органдардың, тексеру комиссиясы және жергілікті басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерін (әрі қарай - НҚА) мемлекеттік тіркеу электрондық түрге толықтай өтіп, мемлекеттік органдардың интернет порталы (әрі қарай – МО ИП) арқылы жүзеге асырылады.

Қағиданың өзгерістеріне сай мемлекеттік органдардың НҚА-лері МО ИП арқылы электрондық түрде жолданады. «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі болған жағдайда қағаз түрінде жүзеге асырылады.       

Аталған өзгерістер НҚА-лерді мемлекеттік тіркеуге жолданудың мерзімдерін қысқартты. НҚА- лерді әділет органдарына мемелекеттік тіркеуге жолдау мерзімдерінің қысқартылуы, мемлекеттік саясатты іске асыруға байланысты жылдам шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Осылайша Алматы қаласы Әділет департаментіне 2019 жылдың 9 айында 70 (оның ішінде 67 МО ИП арқылы) Алматы қаласының жергілікті мемлекеттік органдардарының актісі келіп түсті. 1 НҚА мемлекеттік органдардың бастамасымен кері қайтарып алынды. 1 НҚА мемлекеттік сараптамасыз кері қайтарылды.

НҚА-лердің электрондық тіркеуге көшуі заман талабына сай болып келеді. НҚА- лерді тіркеуді автоматтандыру процесі «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын тамаша толықтырады.

Алматы қаласы

Әділет департаменті

басшысының орынбасары                                                           З. Сатхожина