A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



ХАССП – туралы не білесіз?


ХАССП – туралы не білесіз?

ХАССП - қауіпті ахуалдың пайда болу ықтималы бар тамақ тізбегінің барлық кезеңдерінде, өндірістік процестің кез келген нүктесінде бақылауды қамтамасыз ететін азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін басқару жүйесі. ХАССП жүйесін әлемнің барлық өркениетті елдерінің азық-түлік өнімдерін өндіруші компаниялары қолданады, ал бірқатар мемлекеттерде ХАССП жүйесін заңнамалық деңгейде енгізу талап етілген.

Қазақстан Республикасында 2003 жылдан ҚР СТ 1179-2003 «Сапа жүйелері. ХАССП принциптері негізінде тағам өнімдерінің сапасын басқару» стандарты әзірленіп, 2005 жылдан қолданысқа енгізілген.

Қазіргі таңда азық-түлік өнімдерінің сапасын басқарудың және реттеудің негізгі моделі, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бас құралы болып табылады. Мақсатты бақылау шараларының нәтижесінде азық-түлік өнімдерін тұтынуға байланысты болатын барлық тәуекел түрлерін алдын-ала ескертіп, болдырмайтын, жоятын және қисынды деңгейіне дейін азайтатын аумалы бақылау нүктелері деп аталатын мәселеге ерекше көңіл бөлінеді. ХАССП жүйесі тәуекел факторларын болдырмау жүйесі емес. Оның негізгі бағыты - азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігіне байланысты болатын проблемалардан туындауы мүмкін тәуекелдерді азайту.

Азық-түлік өнімдерін өндіруші компаниялар өздерінің кәсіпорындарына ХАССП жүйесін енгізе отырып, тауарлардың  рыноктағы қозғалысы кезінде өздерінің өнімдерінің немесе сауда белгісінің қорғалуын қамтамасыз етеді.

Тамақ өнеркәсібінде тұтынушының басты талаптарының бірі – тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі өнім сапасының барлық аспектілерінің міндетті құрамдас бөлігі болып табылады. ХАССП жүйесі тамақ өнімдері қауіпсіздігімен байланысты болғандықтан, сапамен қауіпсіздік арасында қатаң байланыс болады.

ХАССП жүйесі қауіпсіз өнімді шығаруға кепілдік беретін, жалпы қабылданған басқарудың ғылыми әдісі болып табылады. ХАССП жүйесін жылдам тарату барлық әлемде белгілі экономикалық және әлеуметтік факторлармен байланысты. Қазір тағам және өнеркәсіптің кейбір басқа салаларында ХАССП жүйесін қолдану тұтынушыны қауіпсіз тағаммен қамтамасыз ету бойынша толық кепілдік бере алады. Басқа жағынан өндірістік тәжірибеге ХАССП жүйесінің принциптерін енгізген компаниялар жарамсыздықпен, өндірістің шығындарын төмендетумен байланысты экономикалық пайданы тез сезінді. Бұл ретте қандай да бір күрделі қаржы жұмсау талап етілмейді, «Қатерлерді басқару» атауын алған ұйымдастырушылық іс-шараларын өткізу ғана қажет. Осы іс-шаралардың артықшылығы алдан алу сипатынан тұрады.

Осы себепті, тағам саласында жұмыс жасайтын өндіруші компанияларды айтылған бағытта жұмыс жасауға шақырамыз.

Медеу ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының санитарлық-гигиеналық бөлімінің бас маманы Әлжанов Шыңғысқан Қуатұлы