A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



«109» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі


Алматыда бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі іске қосылды. Оған қалалық және ұялы телефон арқылы қысқа 109 номері арқылы хабарласуға болады. Кезекші қызмет коммуналдық апаттарға байланысты ақпараттарды қабылдайды.  Мәселен, құбыр жарылып, жарық өшіп қалса, бірден 109-ға хабарласуға болады. Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, тұрғындар аталған номерге хабарласып, электр қуаты немесе су беру не үшін және қанша уақытқа тоқтатылғанын біле алады.  Алдағы уақытта кезекші бөлімнің қызмет аясы кеңейеді деп отыр. Бұл желі  коммуналдық саладағы түрлі жағдайлар кезінде Алматы қаласы сияқты үлкен мегаполистің тұрғындарына жылдам әрі ыңғайлы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. 

Барлық басқа жедел нөмірлер: 101-өрт, 102-полиция, 103-жедел жәрдем, 104-газ және 112-жедел қызметтер бұрынғысынша әрекет ететін болады.