A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



Эндокринді жүйе ауруларының алдын-алу


Эндокринді жүйе ауруларының алдын-алу

         Эндокринді аурулар - бұл адам ағзасында ауру тудыратын, эндокриндік бездердің дисфункциясынан болатын аурулар болып табылады. Бұл дисфункциялар бездердің жоғары белсенділігі немесе керісінше жұмысының жетіспеушілінен туындайды (гипофункционалдық). Бұл аурудың пайда болуының басқа да жолдары, яғни гормональды көріністің бұзылу себебінен болады.

         Ағзаның жұмысына биологоиялық белсенді заттар-гармондар жауап береді. Олар ағзалардың жұмыс жағдайына, өсуге, дамуға және зат алмасуына тікелей жауапты.

         Осы эндокриндік жүйе жұмысы бұзылған кезде, гармональдық көрініс бұзылады, ол әрине адам ағзасының қалыпты функционалдық өсуіне әсер етіп, түрлі эндокринді аурулар туындатады.

         Эндокринді жүйенің түрлі ақауларының алдын-алу кезінде келесідей талаптарды сақтау қажет:

·         дұрыс тамақтану, яғни, термоөңдеуден өтпейтін, дәрумендер мен минералдарға, ауыстырылмайтын аминоқышқылдар мен қанықпаған май қышқылдарына бай тағамдармен тамақтану;

·         йод жетіспеушілік ауруларын болдырмауға теніз өнімдері, йодталған тұз және балғынды жеміс жидектер көмектеседі;

·         күніне 2-3 литр су ішу, көп мөлшерде су ішу қан айналым және метаболикалық алмасу процестерін қалыпты жағдайда реттеп, жақсартады. Сондықтан, тамақ пен су асқазанда араласпас үшін суды тамаққа дейін жарты сағат бұрын пайдаланған дұрыс;

·         уайым-қайғы жағдайларын бодырмауға ұмтылу, ондай жағдайлар туындаған кезде адреналин көп мөлшерде қанға шығады, ол бүйрек үсті бездеріне әсер етіп ауру тудырады, үнемі уайымға салыну кезінде асқынуға апарады;

·         дене шынықтыру, сауықтыру жаттығулары денені жақсы қалыпты ұстайды, үнемі жаттығу жасау қан айналуды реттейді және эндокриндік жүйеге жақсы әсер етеді, иммундық жүйені жақсартады, метоболизмді күшейтеді, ол артық салмақпен күресуге көмектеседі;

·         эндокринолог дәрігеріне қажетті зертханалық талдау өткізіп, ағзада ешқандай ауру белгілері болмасада, жарты жылда 1 рет барып тұру;

·         иммунды жүйені жақсарту.

         Сондықтан, өз денсаулығыңызға көңіл бөліп, эндокринді аурулардың пайда болуында күдік туындаған кезде, осы тақырыпта көрсетілген алдын-алу шараларын орындау қажет.

Медеу ауданының қоғамдық денсаулық сақтау

басқармасынынң санитарлық-гигиеналық

қадағалау бөлімінің бас маманы                                                                Т.Аханина