A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



Медеу ауданы бойынша қылмыстық жағдай


Медеу ауданы бойынша қылмыстылық жағдай 2016 жылдың 9 айы қорытындысы бойынша қылмыстық құқықбұзушылық тіркелімі азырақ, яғни 7169-дан 7034-ке (-1,9%) төмендегені көрсетіліп тұр.

Осы көрсетілген құқықбұзушылықтардың ішінде 67 пайыз немесе 4706 құқықбұзушылықтың орнын бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау қылмыстары орын алып отыр.

Осы ауданы бойынша бұл санаттағы құқықбұзушылық бүгінге күнге 25 пайызға немесе 3578-ден 4706-ға дейін жоғарлағаны анықталып отыр. Сондай-ақ, оның ішінде 67 пайыз немес 3153 құқықбұзушылық ашылмаған, бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау құқықбұзушылықтың ашылуы 33 пайызды құрап отыр, яғни Алматы қаласы бойынша орташа көрсеткішті құрап отыр.

Осы жоғарыда көрсетілген жағдайдың бірден бір себебі бөтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлау құқықбұзушылықтың ашылуының 55,4 пайыздан 32,8 пайызға төмендегені болып отыр. Біз білетіндей, ұрлық құқықбұзушылығы кінәлі тұлғаның анықталмауына байланысты ашылмай қалып отырады.    

Медеу ауданы бойынша ең қылмыстар жасалатын телім орны болып табылатындар:

1. Көк базарының аумағы (Пушкин, Жібек жолы, Макатаев және Қалдаяқов көшелерінің қиылыс бұрыштары)– ұрлық 1.427 немесе 35 пайызды құрап отыр.

2. Сауда-саттық орталық аумағы «Достық Плаза» және Самал-2 мөлтек ауданы (Жолдасбеков, Достық, Әль-Фараби және Фурманов көшелері қиылысының бұрыштары) – ұрлық 470 немесе 10 пайызды құрап отыр.

3. 28 парк Панфилов ұландары және Горький атындағы паркі (серуентоғай)  аумақтары (Гоголь, Қонаев, Қазыбек би және Бузурбаев көшелері қиылыстарының бұрышы), яғни осы аумақта ұрлық қылмысы 611 немесе 15 пайызды құрап отыр.

Яғни ұрлық қылмысының әрбір екіншісі (3187 немесе 68,6 пайызы) аудан бойынша қоғамдық орындарды жасалатынын назарға аудару қажет.  Сауда- саттық дүкендерінде - 9,6 пайыз (309), қоғамдық көліктерде – 4,2 пайыз (135), сауда саттық базарында – 1,5 пайыз (46), мейрамхана кафелерде– 3,3 пайыз (106).  Ұрлық қылмысының әрбір төртінші қылмысы көшелерде орын алады, яғни 1 210 немесе 37,9 пайыз.

Медеу ауданы бойынша ұрлық қылмысының жасалатын мерзім ауқымы анықталған. Түнгі уақытта 20,6 пайыз ұрлық қылмысы ол 22-00-ден 06-00-ға дейін жасалады.

Таңғы уақытта сағат 06:00-ден 09:00-ге дейін 10,9 пайыз ұрлық қылмысы жасалады, күндізгі уақытта сағат 09:00-ден 17:00 аралығында 45,4 пайызы жасалады, кешкі уақытта сағат 17:00-ден 22:00-ге дейінгі аралықта 23,4 пайызы ұрлық қылмысы орын алып отыр.

Медеу ауданында күнделікті 580 бірлік қоғамдық көліктер 37 әртүрлі бағыттарда қызмет көрсетеді, сондай-ақ 163 тоқтама кешені (остановка) бар.

Осы ауданда 200 мыңнан астам азаматтар тұрады, 752 көпқабатты тұрғын үйлер, 20 мыңнан астам жеке тұрғын үйлер орналасқан, 17 көпқабатты тұрғын үйлер алынып жатыр.

         Талдау көрсеткендей, көптеген ұрлық қылмыстары азаматтардың өздерінің ұқыпсыздығынан туындайды.

Осы жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша, яғни осы жоғарыда көрсетілген ұрлық қылмысының бірденен өсіп кетуіне, сонымен қатар осы қылмыстардың жедел-тергеу жұмыстарының тиімділігін жақсарту, қылмыстарды ашу мақсатында аудан прокуратурасы және Медеу ауданы ІІБ-мен 2016 жылдың қазан-қараша-желтоқсан айлары және 2017 жылдар аралығында бөтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлау қылмысын алдын алу, оның  төмендеуіне байланысты Бағыттамасы бұйрығына қол қойылды.

Осы Бағыттаманың бірден-бір мақсаты тұрғындарды кеңірек тартуымен кешенді іс-шараларды алдын алуды қамтамасыз етумен пәтерлердегі ұрлық қылмыстарының төмендетуі болып табылады.

Осы Бағыттаманы жүзеге асыру мақсатында өзіне көптеген өзекті және тиімді шараларды қосуында іс-шаралар жоспары құрылды. Алдағы уақытта іс жоспарда:

1. Жоғарыда көрсетілген бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстары орын алған учаскелерде жергілікті полиция қызметкерлерімен бірігіп, жұмыстар шараларын жүргізу.

2. Құқықбұзушылықтарды жасаған деген тіркелуде тұрған тұлғаларға қатысты тиімді бақылауды жүзеге асыру мақсатында прокуратура, жергілікті полиция қызметі және қоғамдық ұйымдармен ұйымдастыру.

3. Жолаушыларды қоғамдық көліктермен тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпорындар, ірі ойын-сауық орталығы басшылары, сонымен қатар КСК қызметкерлерімен бірігіп жасау және коммуналдық қызмет көрсету арқылы    ауданға ұрлық қылмысын алдын алу жөнінде ақпараттық мазмұны бар Плакаттар мен Буклеттерді тарату.

4. Адамдардың көп жиналатын орындарда азаматтармен өздерінің жеке мүліктеріне абай болып, қырағылықтарын жоғарлату мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

5. Тоқтама кешені (остановка) және қоғамдық тасымалдау көліктерінде азаматтардың жеке меншікті жасырын түрде ұрлау қылмыстарын алдын алып одан сақтану жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

6. Жеке мүліктерін жасырын түрде ұрлау іс-әрекеттерді тұрғындарға ақпараттау мақсатында «Ескертілген, яғни сақталған» деген буклеттерді тарату.

7. Құқықбұзушылық картасын қолдану арқылы жергілікті полиция қызметімен көптеген меншікке қарсы қылмыстары орын алатын жерлерге талдау жүргізу.

 Медеу ауданының прокуратурасы