A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
  • Негізгі бет
  • ТКШ
  • Медеу ауданы әкімінің аппараты көріктендіру бөлімінің 2016 жылы атқарылған жұмысы туралы
ТКШ ТКШ



Медеу ауданы әкімінің аппараты көріктендіру бөлімінің 2016 жылы атқарылған жұмысы туралы


1.     Мемлекеттік сатып алулар.

Алматы қаласының бекітілген бюджеті негізінде 2016 жылға көктемгі өзгерістер мен қосымшаларды ескере отырып, 1 653 млн. теңге  сомасына, НҚС  қосқанда 008, 009, 011 бағдарламалар бойынша  мемлекеттік сатып алулар әзірленіп бекітілді.

2.     Сырқы жарықтандыру.

Медеу ауданы аумағыда 14 148 дана жарық шамдарына қызмет көрсетіледі, желінің ұзындығы 445,45 шақырымды құрайды, ШУНО саны - 209 дана, сыртқы жарықтандырудың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жыл бойы желілер мен шамдарды күтіп ұстау бойынша жұмыстар атқарылды. Есептік жылы «АлматыГорСвет»АҚ  мен «Қазахстан Электро» мердігер ұйымдарымен 9,2 км электр кабелі18 дана электр бағанасыжәне 1340астам дана жарықтандыру құралдары ауыстырылды.Сонымен қатар, «АлматыҚалаЖарық» МКМ сырқы жарықтандыру жүйесіне бақылау жүргізіледі, жалпы қаржыландыру соммасы 281 861 мың. теңгені құрайды.

«Әлеуметтік жауапкершілік пен бизнес» аясында «Альтаком» ЖШС ұйымымен Фурманов пен Қалдаяқов көшелерінің аралығында Қазыбек би көшесінде 50 дана светодиодты жарық шамдарын ауыстыру жұмыстары жүргізілді. 

«АБН Групп» ЖШС ұйымымен ауданның 24 көшесінде 1301 дана светодиодты жарық шамдарын ауыстыру жұмыстары жүргізілді. 

Сондай-ақ, аталған ұйыммен бұрындары «АҚЖ» АҚ линиясы бойынша электр желілерін бақылау жұмыстары жүргізілген,ауданның 45 көшесінде 34 км. астам электр жерісінде 1219 дана шамдарды орнату жұмыстары жүргізілді.

2017 жылы сыртқы жарықтандыру жүйесінің жаңа және капиталды құрылысын қажет ететін 36 көшенін тізімін ЖСҚ әзірлеу үшін «АлматыҚалаЖарық» МКК ұсынылды.

3.     Көше тазалау.

Күнделікті аудандысанитарлық тазалау мен көріктендірум  бойынша «Алматы тазалық» МКМ, «BSHZ-Dostyk Company» ЖШС, «Грин Ланд» ЖШС, «АлатауАвтоСпецТехника» ЖШС, «Тартып» ЖШС коммуналдық қызметтерге бақылау жүргізіледі.

2016 жылы Медеу ауданының жолдарын тазалау аумағы 2,759 м2 құрайды, ұзындығы 278,5 шақырым. 2016 жылы Медеу ауданының тазалау жұмыстарының жалпы көлемін есепке алғанда жолдарды тазалауға жұмсалатын қаржы мөлшері 906 285 мың теңгені құрайды. Келісім шарт бойынша, көшелер мен жаяу жүргінші жолдарды тазалауды «Алматы тазалық» МКМ, «BSHZ-Dostyk Company» ЖШС, «Грин Ланд» ЖШС, «АлатауАвтоСпецТехника» ЖШС, «Тартып» ЖШС атқарады.Ауданда санитарияны  қамтамасыз ету үшін есептік уақытта мердігер ұйымдармен  көшелерді, жаяу жүргінші жолдарын, парк аумағы, ықшамаудандар көшелерімен жаңадан қосылған «Көлсай», «Сұлусай», «Аққайын»  елді мекендерінде тазалау жұмыстары үздіксіз жүргізілді. Қысқы уақытта қарды, мұзды тазалау мен шығару, тайғаққа қарсы қоспаларды себу жұмыстары жүргізілді. 2016 жылдың 01 қаңтарынан 2016 жылдың 17 қарашаға дейін уақытта 64 812 м3 қар мен қоқыс шығарылып, 6 368 тн. қоспа себілді.

4.     Парк, тынымбақтар мен жасыл аумақтарды күту.

Есептік кезеңде күнделікті  көріктендірілген тынымбақтарды, көріктендірілмеген тынымбақтарды және басқа да жасыл желектерді, бульварлар, жол айрықтары, жағажайлар мен демалыс орындарын, сонымен қатар 28-гвардиялық - панфиловшылар саябағы және Алматы қаласы орталық саябағын (2 саябақ – 57,6 га, 22 тынымбақ – 30,55; 5 бульвар – 10,8; 4 өзен бойы – 7,42 га, басқа да жасыл алыңдар – 32,39 га)  тазалау жұмыстары күнделікті жүргізілді. Жасыл желектердің жалпы ауданы 138,7 га.  құрайды. Үнемі ұзындығы 127,61 км. құрайтын арық желілері мен өткелдерін тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Аудан аумағында ұзындығы 34,89 км. құрайтын 10 шағын және орташа өзендер ағады, өзен арналарын қоқыстан, шламдардан, өсіп кеткен ағаштар мен бұталардан, өсімдіктерден, және өткелдер мен көпірлерді тазалау жұмыстары жүргізілді.

Көріктендірілген тынымбақ, көріктендірілмеген тынымбақ және басқа да жасыл желектерді, бульварлар, жол айрықтарын, жағажайлар мен демалыс орындарын, ағаштарды санитарлық, пішіндеп қырқу және кесу, ағаштарды ақтау, арық жүйелерін күту, өзен арналарын, «BSHZ-Dostyk Company» ЖШС, «АлатауАвтоСпецТехника» ЖШС, «Аламан -актас» ЖШС,«Грин Ланд» ЖШС атқарады, ал 28-гвардиялық - панфиловшылар саябағын  «Аламан -актас» ЖШС және Алматы қаласы орталық саябағын «Грин Ланд» ЖШС күту жұмыстарын атқарады.

Ауданда 3 көлік айналма жолы қолданыста: Әл-Фараби даңғылы мен Фурманов көшесінің қиылысында, Әл-Фараби даңғылы мен Достық даңғылының қиылысында және Халиуллин көшесі мен Құлжа күре жолының қиылысында, күту жұмыстарын «ТОП Сервис» ЖШС атқарады.

Бұл бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру сомасы 465 835 мың теңгені құрайды.

5.     Көріктендіру мен көгалдандыру.

Ағымдағы жылы аудан аумағын  көректендіру мен көгалдандыру бойынша жасыл желектерді отырғызу,  ағаштарды санитаралрық және пішіндеп қырқу мен кесу және көріктендірілген тынымбақтар мен аумақтарды ұлғайту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Жергілікті бюджеттен қаржыландыру есебінде аудан аумағында апаттық ағаштар мен қурап қалған жасыл желектерді кесудің жалпы саны:

600 дана ағашқа санитарлық кесу.

- 1709 дана ағаштарға пішіндеп қырқу.

- 6015 дана жасыл желектерге саниталық қырқу.

Сонымен қатар, көктемгі ағаштарды отырғызу жүргізілді:

- жапырақ тұқымды – 5870 дана;

-  қылқан жапырақты – 137 дана;

-  шілік бұталар – 200 дана.

күзгі отырғызу:

- жапырақ тұқымдас – 610 дана.

сондай-ақ 8663 м2 гүлдер отырғызылды,  оның ішінде:

- жазғы гүлдер – 4570 м2;

- көпжылғы гүлдер – 975 м2;

- тюльпандар – 1270 м2;

- кілем тектес гүлдер –1639 м2.

- вазондар - 209 дана.

Сонымен қатар, 1706 м2 тігінен көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Ауданда фитосанитарлықжағдайды, өсімдіктер мен шикізат ресурстарын әртүрлі зиянды ағзалардан сақтаумақсатында уақытылы сақтық шараларын қолдану қажет, осыған байланысты 115,04 га. астам аумақта жасыл желектерді өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Суғару жүйесінің болмауынан «BSHZ-Dostyk Company» ЖШС, «АлатауАвтоСпецТехника» ЖШС, «Алматытазалық» МКК,«Грин Ланд» ЖШС коммуналдық қызметтерімен  күнделікті жасыл желектреді суғару жұмыстары жүргізіледі. Аудандағы жасыл желектерді суғару бойынша арнайы график пен кезешіліктер құрылды.

Сондай-ақ, келесі мекенжайлар бойынша декоративті-гүлдерді көгалдандыру жүргізілді:

         - Әл-Фараби даңғылы бойында Есентай өзенінен Шашкин көшесіне дейін- 20 дана ағаш,  20 дана қандыағаш, 200 дана шілік бұталар отырғызылды, 2 дана тауыс, 4 дана тасбақа, 1 дана құлын кіші архитектуралық мүсіндері орнатылды, 2 дана альпі төбесі жасалынды.

- Достық даңғылы Сатпаева көшесінің қиылысы- 1 дана альпі төбесі жасалынды.

- Достық даңғылы Құрманғазы көшесінің оңтүстігі – 1 дана альпі төбесі жасалынды.

- ШААЖ – 1 дана альпі төбесі жасалынды.

Әл-Фараби даңғылы Мендіқұлов көшесінің қиылысы – 2 дана орындық, 4 вазон орнатылып, 7 дана  қылқан жапырақты ағаштар отырғызылды.

- Құлжа күре жолы Рысқұлов даңғылының киылысы – 3 дана гүл құрылғылары орнатылып, 450 м2 гүл отырғызылды.

Ауданның  коммуналдық қызметтерімен Алматы қаласының эститикалық көркін жақсарту мақсатында темір қоршауларды қара-сары түстермен  және доңгелекті брустарды сұр түске боялды.

6.     Төтенше жағдайларды жою

Аудан аумағында табиғи және техногендік төтенше жағдайларды  жою бойынша жұмыстар жүргізілуде:

-  Есентай өзенінің бақылау аланыңда табиғи төтенше жағдайларды  жою және апаттық-қалыпқа келтіру жұмыстары, қаржыландырудың жалпы соммасы 53 702 мың теңгені құрайды;

- Байқоныр автожолында табиғи төтенше жағдайларды  жою және апаттық-қалыпқа келтіру жұмыстары, қаржыландырудың жалпы соммасы 11 136 мың теңгені құрайды;

- Сұлусай автожолында табиғи төтенше жағдайларды  жою және апаттық-қалыпқа келтіру жұмыстары, қаржыландырудың жалпы соммасы 64 978 мың теңгені құрайды;

- Медеу-Шымбұлақ автожолында табиғи төтенше жағдайларды  жою және апаттық-қалыпқа келтіру жұмыстары, қаржыландырудың жалпы соммасы 79 321 теңгені құрайды;

Горная көшесі, 57 мекенжайында табиғи төтенше жағдайларды  жою және апаттық-қалыпқа келтіру жұмыстары, қаржыландырудың жалпы соммасы 25 115 мың теңгені құрайды.

7.     Ағымдағы жөндеу жұмыстары

- «Жамбыл» тынымбақтағы ағымдағы жөндеу жұмыстары:

(жолжиектік тастарды ауыстыру – 311,5 м2, баспалдақтарды қалпына келтіру – 1 дана, гранит бордюрларды ауыстыру – 38 п/м, поребрика- 184 п/м);

- «Школьниктар Сарайы» тынымбақтағы ағымдағы жөндеу:

(гранит плиталарын ауыстыру – 90 м2, асфальт төсеу – 666 м2);

- «Мемлекеттік Музей» тынымбақтағы ағымдағы жөндеу:

(сплитерлы тақтайшаларды ауыстыру – 54 м2, асфальт төсеу – 134,4 м2, шлагбаум орнату – 2 дана, поребрикаларды ауыстыру – 19 м. гулзарларды сылау -125 м2);

- «Журналистер» тынымбақтағы ағымдағы жөндеу:

(жолжиектік тастарды ауыстыру –м2);

- «Пушкин» бульварын ағымдағы жөндеу:

(арық желілерін ауыстыру – 520 п/м, қоршаулар орнату- 1400 п/м);

- «Жамбыл» бульварын ағымдағы жөндеу:

(арық желілерін ауыстыру – 158 п/м, асфальт төсеу – 360,4 м2, жолжиектік тастарды ауыстыру – 571 м2, поребрикаларды ауыстыру – 312 м., бордюрларды ауыстыру – 25 м);

- «Терренкур» демалыс аумағын ағымдағы жөндеу:

(спорттық керек-жарақтарды орнату – 9 нысан, спорт алаңдарын орнату – 3 дана, кіші архитектуралық формаларды орнату- 6 дана, асфальт жамылғысын төсеу – 1600 м2, жолжиектік тастарды ауыстыру – 300 м2,қоршауларды орнату – 422 м, поребрикаларды ауыстыру – 933 м., тартар тосемін орнату – 331 м2, альпі горкаларын – 3 дана, ағаштарды отырғызу – 20 дана жапырақ тұқымды,  77 дана қылқан жапырақты , 783 бұтала ).

Қаржыландыру соммасы 117 534 мың теңгені құрайды.

2,4 км арық желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіледі, жалпы ұзындығы 2,4 км құрайды.

Қаржыландыру соммасы  73 207 мың теңгені құрайды.

8.     2020 жол картасы жұмысқа қамту бағдарламасы аясында.

- Сұлусай ықшамауданындағы № 197 шектеп аумағындағы спорт аланың көріктендіру;

- Көлсайықшамауданындағы № 194 шектеп аумағындағы спорт аланың көріктендіру;

Қаржыландыру соммасы 16 140 мың теңгені құрайды.

Көлсай, Сұлусай, Аққайын елді мекендерінде 27 км жол төсемін жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қаржыландыру соммасы  819 881 мың теңгені құрайды.

9.     Жол жөндеу:

Көріктендіру бөлімімен 2016 жылдың басында көріктендіру бөлімімен Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасына 38 көшеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге, 59 көшеде және 93 ішкі аула жолдарындағы шұңқырларды жөндеуге,14 мекенжайда жаңа жаяу жүргіншілер жолын жасауға, 8 мекенжай бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге  жұмыстарын жүргізуге  өтініш жолданып, келесі мердігер ұйымдармен жүргізілді:

- «Есік Жолдары» ЖШС - 73 көшеде шұңқырларды жөндеу жұмыстары

- «Есік Жолдары» ЖШС – 7көшеде тротуарларды орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 3 аялдама кешені жасалды.

1- этап «Асмар строй» ЖШС - 15 көшеде орташа жөндеу, жалпы ұзындығы – 6, 426 км.

2- этап «ДСУ-13 » ЖШС -3 көшеде орташа жөндеу, жалпы ұзындығы – 3,625 км.

         Күнделікті Медеу ауданы әкімінің жоспарлы жиналыстарындағы және шығып тексеру кезіндегі хаттамаларға ақпараттар жинау жұмыстары жүргізіледі. Қала штабының хаттамалық тапсырмалары  мен фотоматериалдары бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Есептік кезеңде бөлімге 1731 өтініш келіп түсті оның ішінде 513 жеке тұлғалардан, 1218 өтініш заңды тұлғалардан келіп түсті.