A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
  • Негізгі бет
  • ТКШ
  • Көріктендіру бөлімінің 2018 жылда атқарылған жұмыстары бойынша есебі
ТКШ ТКШ



Көріктендіру бөлімінің 2018 жылда атқарылған жұмыстары бойынша есебі


Көріктендіру бөлімінің 2018 жылда атқарылған

жұмыстары бойынша есебі

Көше тазалау.

Медеу ауданы аумағында 2018 жылы тазаланатын көшелер аумағы 403 км. құрайды, арық өткелдерінің ұзындығы 127,61 ш/км. Жалпы тазалау жұмыстарының көлеміне 2018 жылы ауданға 1,970 млн. теңге бөлінген.

Қысқы тазалау жұмыстарына 167 дана арнайы техника мен 407 жұмыс күші жұмылдырылған. Қосымша адам санын 300 адамға ұлғайтуға 93 млн қаражат бөлінген.

Көше жөндеу.

2018 жылы Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармасымен төменде көрсетілген жұмыстар жүргізілді:

- 30,5 шақырымды құрайтын 21 көшеде орташа жөндеу жұмыстары;

- 3,08 км құрайтын 9 көшеде жаяу жүргіншілер жолы салынды:

- 8,64 км құрайтын 10 көшеде жаңа арық жүйесі орнатылды;

- шұңқырлар 18000 м2 аумақта жөнделді;

- мердігер ұйым «СК «Базис» ЖШС-мен «Рысқұлов даңғылы мен Құлжа күре жолының киылысындағы жол айрық» құрылыс нысаны бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстын аяқталу уақыты – 2019 жылдың желтоқсаны.

Сыртқы жарықтандыру.

Медеу ауданы аумағыда 14 620 дана жарық шамдарына қызмет көрсетіледі, желінің ұзындығы 449,75 шақырымды құрайды, ШУНО саны - 209 дана, сыртқы жарықтандырудың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жыл бойы желілер мен шамдарды күтіп ұстау бойынша жұмыстар мердігер ұйым «Алматы ҚалаЖарық» МКМ атқарылады. Сыртқы жарықтандыруды қамтамасыз етуге 311,519 мың теңге көлемінде қаражат бөлінген, сонымен қосымша 382 млн. теңге қосымша қаражат бөлінді.

Медеу ауданы әкімінің аппараты«Алматы ҚалаЖарық» МКМ-мен бірлесе аудан аумағындағы жарықтанбай тұрған аумақтарды аралау нәтижесінде ауданның 29 көшесіне 757 дана жарықтандыру шамдары орнатылды. Сонымен қатар, ағымдағы жөндеу жұмыстары Құлжа күре жолы, ШАЖ, Халиуллина көшесі (жол айрық), Төле би (жол айрық), Әл-Фараби даңғылы, барлығы 1693 дана жарық шамдары орнатылы.

Саябақ, бақтарды және басқа да жасыл желектерді күту.

Есептік кезеңде күнделікті 2 саябақ, 22 тынымбақ, 8 бульвар, 4 өзен бойы және басқа да жасыл алыңдарға, жалпы көлемі 148,68 м2 құрайтын аумақты тазалау, өзен арналары (аудан аумағында ұзындығы 34,89 км. құрайтын 10 шағын және орташа өзендер ағады) мен санитарлық кесу және қырқу тазалау жұмыстары, жасыл желектерді қорғау жұмыстары 521, 656 тыс. теңге қаражат бөлінген.


Сонымен қатар, аудан аумағында санитарияны қамтамасыз ету мақсатында көктем мезгілінде 21 сәуір және күз мезгілімде 20 қазанда жалпы қалалық сеңбіліктер ұйымдастырылды.

21.04.2018 жылы: 17369 астам тұрғындар мен коммуналдық қызметтер қатысып, 144 дана техника жұмылдырылды, 8300 ш/м арық өткелдері тазаланып, 2400 м3 қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды, 201 ағаш отырғызылды, келесі мекендаер бойынша: Пушкин көшесі, 60 (аула аумағы – 25 арша), Бөгенбай батыр көшесі бойында Қалдаяқов көшесінен Орманов көшесіне дейін (30 дана кішкене жапырақты үйенкі), Бұхтарма күре жолы (55 дана), Сәтпаев көшесі (20 дана жөке), Қонаев көшесі (14 дана кішкене жапырақты үйенкі).

20.10.2018 жыл:15235 астам тұрғындар мен коммуналдық қызметтер қатысып, 144 дана техника жұмылдырылды, 8640 ш/м арық өткелдері тазаланып, 1400 м3 қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды, 117 ағаш Бұхтарма күре жолында отырғызылды.

Жергілікті бюджеттен қаржыландуры есебінде апатты және қураған ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілді, жалпы көлемі: санитарлық кесу – 600 д., пішіндеп кесу – 2500 д., санитарлық қырқу – 7000 д. ағашқа.

7148 ағаштар мен бұталар, 18975 м2 гүлдер, 83494 м2 көгалдар отырғызылды.

Ағымдағы жөндеу.

2018 жылы дат архитекторы Ян Гейлдің ұсыныстары негізінде: Әйтеке би көшесі бойымен Қалдаяқов көшесінен К. Алматы өзеніне дейін және К.Алматы өзені жағалауын Гоголь көшесінен Добролюбова көшесіне дейінгі аралыққа жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленді. Жобалар мемлекеттік сараптамадан өтіп оң шешімін алды. Құрылыс монтаждау жұмыстары 2019 жылы жүргізу жоспарланған.

Сонымен қатар 2018 жылы 3 жер асты өткелдеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілді:

- Достық-Абай даңғылдарының қиылысыкелісім соммасы (ҚҚС есептемегенде) 86 855 185,08 теңге.

- Әл-Фараби –Меңдіқұлов көшелерінің қиылысы келісім соммасы (ҚҚС есептемегенде) 50 501 053,5 теңге.

- Достық –Қажымұқан көшелерінің қиылысы келісім соммасы (ҚҚС есептемегенде) 36 419 166,59 теңге. Жалпы соммасы – 173 775 405,17 теңге. Құрылыс-монтаждау жұмыстары барысында мердігер ұйым – «Сұнқар» ЖШС –мен сыртқы жарықтандыру желілері, фондық әуендер, сонымен қатар, қабырғаларына белгіленген эскизге сәйкес суреттар салынды.

Сонымен қатар, мердігер ұйым «OLBEK TRANS» ЖШС-мен Шығыс айналма жолының бойында орналасқан 5 жер асты өткелдерінің төбелерін ауыстыру жұмыстары 67 млн. теңгеге жүргізілді.

Мердігер ұйым «DM-Story» ЖШС мемлекеттік сатып алу конкусының нәтижесіне сәйкес 13 млн. теңгеге Зенков бульварын көріктендіру жұмыстарын жұргізуге келісім жасалды. Тақтайларды ауыстыру, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату, ағаш отырғызу мен КАФ орнату жұмыстары жүргізілді.

Гоголь көшесін Калдаяқов көшесінен Орталық саябаққа дейінгі аумақты ағымдағы жөндеу жұмыстары мердігер ұйым «ДСУ-13» ЖШС –мен арык желілерін ауыстыру, аялдама көліктерінің асфальт жамылғыларын жөндеу, жасыл желектер отрығузы мен орыдықтар және қоқыс жәшіктерін орнау жұмысары жүргізілді, келісім соммасы 143 млн.теңге.


                Көріктендіру бөлімінің басшысы                                    Ұ. Абдұлдаев