A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
  • Негізгі бет
  • ТКШ
  • Коммуналдық шаруашылық бөлімінің 2018 жылдың 12 айындағы жұмысы туралы есебі
ТКШ ТКШ



Коммуналдық шаруашылық бөлімінің 2018 жылдың 12 айындағы жұмысы туралы есебі


Коммуналдық шаруашылық бөлімінің 2018 жылдың 12 айындағы жұмысы туралы есебі

12 айда коммуналдық шаруашылық бөлімі келесі жұмыстар жүргізді:

Медеу ауданында 776 көп пәтерлі тұрғын үй базасында тұрғын үй қорын ұстау мен пайдалануды жүзеге асыратын 146 пәтер иелерінің кооперативі бар, және де олар 512 ауланы құрайды. Ауланы тазалау жұмыстарын 285 аула сыпырушылар жүргізеді.

Күнделікті ауланың тазалығы мен санитарлық жағдайына бақылау жүргізіліп отырады. Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару кестесі үнемі бақылауда. Құқық бұзушыларға әкімшілік айыппұлдар салынады. Ағымдағы жылдың басынан бастап әкімшілік құқық бұзушыларға ішкі ауланы көріктендіру жұмыстарына сәйкес, 27 кондоминиум объектілері бойынша және де қоқыс шығаратын мекемелерге жалпы сомасы 2 258 700 теңгені құрайтын айыппұл салынған болатын.

Жылыту кезеңіне дайындық 2018 – 2019 ж.

2018 – 2019 жылдың жылыту кезеңіне дайындық актісін 658 тұрғын үйлер алды 100%. Және есептік кезеңге тұрғын үй қоры 15 қазаннан бастап 100%-ға жылумен қамтылған болатын.

Модернизация КШБ

Өңірлерді дамыту 2020 бағдарламасы бойынша ағымдағы жылда 47 тұрғын үйдің құжаттары Алматы қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына жіберілген болатын ЖШС «Алматы тұрғын үй»

-         30 тұрғын үйде 67 жедел сатыны ауыстыру бойынша жұмыстар аяқталды.

-         2 тұрғын үйде 4 жедел сатыны ауыстыру жұмыстары 30 қазанға жоспарланған

-         4 тұрғын үйде жөндеу жұмыстары аяқталды. (Достық 29, Тулебаева 117, Макатаева 14, Абая 23).

-         5 тұрғын үйде жұмыстар жүргізіліп жатыр (Шевченко 15А, Бөгенбай батыр 117, Қабанбай батыра 79, Достық 107/2, Пушкина 62).

-         2 тұрғын сараптамадан өту барасында (Достық 119, Достық 272).

-         1 тұрғын үйде жұмыс басталған жоқ.

-         Қалған 3 тұрғын үй бойынша жөндеу жұмыстары келесі жылға жоспарланған.(Достық 117А, Менделеева 42, Коккинаки 5).

2019 жылға11 тұрғын үйдің құжаттары Алматы қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына жіберілген болатын ЖШС «Алматы тұрғын үй»

Пәтер иелерінің кооперативінің өз қаражаттарына жасалған жөндеу жұмыстары

Ағымдағы жылы пәтер иелерінің кооперативімен және де мердігер ұйымдармен келісім шартқа отырып, өз қаражаттарына 117 тұрғын үйде сомасы 7 млн 985 мың теңгені құрайтын жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Кесте 1.

Пәтер иелерінің кооперативінің ай бойынша өз қаражаттарына жасалған жөндеу жұмыстары

Тұрғын үй саны

Мамыр

Маусым

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

117

6

16

21

28

46


Кесте 2.

Тұрғын үй саны

Шатыр

Подъезд

Инженерлік

желілер

Фасад

Кіру топтары

Подъезде

терезе ауыстыру

Шамдарды ауыстыру

Іргетасты жөндеу

Хат жәшіктерін

Ауыстыру

Элеватор

117

15

12

8

3

13

2

4

2

1

57

Инженерлік желілердің құрылысы

Думан ықшам ауданында ЖШС «Зидан» медігер ұйымымен инженерлік желілердің құрылысы, сумен қамту (14 км) және кәріз құбырының (19,5) жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары 80% дайын. Жөндеу жұмыстарының сомасы 1 млрд. 344 млн. теңге.

Горная көшесі бойынша инженерлік желілерді жаңалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. (1,3 км су құбыр диаметрі 300) Алматы қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы әкімшісі болып табылады. Медегер ұйым ЖШС «Алатау Констракшн»

Жанғырту (модернизация) бойынша Жамбыл және Әйтеке би көшелері жылу жүйелері жаңаланды (1 км құбыр диаметрі 400-500 ) ЖШС Алматы жылу жүйесі әкімшісі болып табылады. Медегер ұйымдар ЖШС «Сапа құрлыс 2007» және АҚ «Инжестрой».

Бутаковка шағын ауданында сумен және кәріз желілерін қажет ететін 225 жеке тұрғын үй құрылыстары бар. Мердігер ұйым ЖШС «Архспецтрой»- мен 16 км су құбыры желісі мен 7 км кәріз жүйесін салу бойынша жобасы әзірленді.

Қазіргі уақытта жобаны уәкілетті органдармен келісу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасымен су көзін табу үшін сметалық - жобалық құжаттама дайындалып жатыр.

«Каменское плато» тұрғын ауданында ауыз су дефициті байқалады. Ауыз су дефицитінің басты себебі: ауыз су көзінің жоқ болуында. Қазіргі уақытта аталған мекен жайды ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында мердігерлік ұйым «Альстройпроект» ЖШС-мен 11 шақырымдық су желісінің күрделі құрылыс жұмыстарына жоба әзірленді. Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасымен уәкілетті органдармен келісу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының тапсырмасымен:

- Көлсай шағын ауданында 3 шақырымды құрайтын кәріз жүйесімен, 4 шақырымды құрайтын ауыз су жүйесін жүргізуге «Институт Казгиппроводхоз» ЖШС-мен сметалық - жобалық құжаттама дайындалды, 2019 жылдың жылдық жоспарына енгізілді.

- Сұлусай шағын ауданында 2 шақырымды құрайтын кәріз жүйесімен, 3 шақырымды құрайтын ауыз су жүйесін жүргізуге «Самал» ЖШС-мен сметалық - жобалық құжаттама дайындалды, жоба құжаттары сараптамада.

Ағымдағы жылы 99 ішкі ауланың күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Медігер ұйымдар: ЖШС «Байконур» (лот 1-2) ЖСШ «ТАС» (лот 3-4-5) ЖШС «Астана Сервис Строй» (лот 6-7).

2019 жылға Медеу ауданы бойынша 70 ішкі ауланы күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Кәзіргі кезде проекті сметалық жобалар жасалуда. Сонымен қатар ауданда 100% -ға ішкі ауланы көріктендіру жұмыстары бітеді.

2018 жылдың бизнестің әлеуметтік демеушілік ауқымында 5 тұрғын үйдің қазбетін жөндеу жұмыстары жүргізілді, меншік иелерінің қатысуынсыз.

(Достық 272, 278, Айтеке би 19, Зенкова 21, Кабанбай батыра 75).

         Жалпы жылу есептеу құралдарын орнату.

         Барлығы Медеу ауданында 776 көппәтерлі тұрғын үйлер бар, олардың ішінде 658 Алматы жылу жүйесіне қарайды. Автономды қазандықтарда 118 үй бар. Бүгінгі күні 338 жалпы өлшеу құрылғылары орнатылған. (Жалпы өлшеу құрылғылары орнатылған заңды тұлғалардың саны 1320) Жалпы өлшеу құрылғылары жоқ үйлер саны 228. Ағымдағы жылы 228 жалпы өлшеу құрылғыларын орнату қажет.

         27727 ыстық сумен жабдықтаудың жеке өлшеу құрылғылары орнатылған.

         Жылдың есептік кезеңіне 228 ЖШС «Алматылық жылу жүйесіне» өтініш берілді, жалпы өлшеу құралдарын орнату бойынша. Сұрақ бақылауда. Жұмыстар жүргізіліп жатыр.

         Жалпы өлшеу құралдарын орнату бойынша ақпарат

Жалпы үйлер саны

АлЖЖ қарайтынКөппәтерлі тұрғын үйлер саны

Автономды

Қазандықтар бар үйлер саны

Бұзыл

ған үйлер

ЖӨҚ орнатылған үйлер саны

ЖӨҚ орнату қажет үйлер саны

ЖӨҚ орнатуға өтінім берілген

776

695

81

129

338

228

228


         9 тұрғын үйде ЖӨҚ ЖШС «АлЖЖ» жолы бойынша орнатылды:Абдуллиних 45, Тулебаева 35, Самал – 2 д.40,41,45,47,71, Назарбаева 246А, Валиханова 124.

         5 тұрғын үйде ПИК өз күштерімен орнатты: Назарбаева 46, Пушкина 83, Валиханова 84, Қарасай батыра 33, Бөгенбай батыр 104.

         ПИК – мен 3 жедел бригада құрылды. 1 бригадамен жұмыстар басталды, жалпы саны 3 ЖӨҚ орнатылды.

         Қанғыбас жануарларды ұстау.

         Ағымдағы жылдан бері Алматы қаласы Ветенариялық орталығымен 236 қаңғыбас ит пен 16 мысық ауланды. 16 ит пен 6 мысықтың өліктері жинастырылған болатын.