A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
  • Негізгі бет
  • ТКШ
  • Медеу ауданы әкімінің аппараты көріктендіру бөлімінің 2017 жылы атқарылған жұмысы туралы
ТКШ ТКШ



Медеу ауданы әкімінің аппараты көріктендіру бөлімінің 2017 жылы атқарылған жұмысы туралы


Ауданның 2017 жылғы көріктендіру және санитарлық жағдайы

1.Көше тазалау

Аудан аумағында 365 көше бар, олардың ұзындығы 403,5 км, тазалау жүргізілетін көшелердің аумағы 4 700 мың км2 құрайды. Қаржыландыру көлемі – 1,465 млрд. теңге., арнайы техникалар саны – 164 дана, жұмылдырылған жұмысшы күші – 315 адам.

2.Көше жөндеу

Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобильдер басқармасының бағыты бойынша келесі жұмыстар жүргізілді:

- ағымдағы жылы жол төсемінің орташа жөндеу жұмыстары - 20 көше. Барлығы 16 км ұзындықты құрайтын 30 көшеде жөндеу жүргізілді;

- шұңқырларды жөндеу 28 жүргізілді, ұзындығы – 213,9 км. құрайды;

- жаяу жүргіншілер жолын жөндеу 15 көшеде жүргізілді, ұзындығы 8410,2 км. құрайды, 3 көшеде жаңа жаяу жүргіншілер жолы салынды.

- 4 көпірге жөндеу жұмсытары жүргізілді (ул. Горная көш./ Сарысай өз., Елебеков /К.Алматы өз., Қабанбай батыр көш./ Жарбұлақ өз., И.Коныр көш./Жарбұлақ өз.).

- мердігер ұйым «СК «Базис» ЖШС-мен «Рысқұлов пен Құлжа күре жолының қиылысындағы жол айрық» нысан құрылысы жүргізілуде. Жұмысты аяқтау уақыты – 2019 жылдың желтоқсан айы.

Медеу ауданы аумағыда 14 148 дана жарық шамдарына қызмет көрсетіледі, желінің ұзындығы 445,45 шақырымды құрайды. Қаржыландыру көлемі- 254 468 мың теңге.

«АлматыҚала Жарық» МКМ күшімен Жамақаев көшесінде «Эдельвейс» ТҰК дейін сыртқы жарықтандыру тіректері орнатылды. Көлсай шағын ауданының сыртқы жарықтандыру желісі «АлматыҚала Жарық» МКМ балансына берілді.

Саябақ, тынымбақтарды күтіп-баптау

Күнделікті көріктендірілген тынымбақтарды, көріктендірілмеген тынымбақтарды және басқа да жасыл желектерді, бульварлар, жол айрықтары, жағажайлар мен демалыс орындарын, сонымен қатар 28-Гвардиялық - Панфиловшылар саябағы және Алматы қаласы орталық саябағын (2 - саябақ, 22 - тынымбақ; 5 - бульвар; 4- өзен бойы, басқа да жасыл алыңдар – 32,39 га) тазалау жұмыстары күнделікті жүргізілді. Жасыл желектердің жалпы ауданы 148,68 га. құрайды. Үнемі ұзындығы 127,61 км. құрайтын арық желілері мен өткелдерін тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Аудан аумағында ұзындығы 34,89 км. құрайтын 10 шағын және орташа өзендер ағады, өзен арналарын қоқыстан, шламдардан, өсіп кеткен ағаштар мен бұталардан, өсімдіктерден, және өткелдер мен көпірлерді тазалау жұмыстары жүргізілді.

Көріктендірілген тынымбақ, көріктендірілмеген тынымбақ және басқа да жасыл желектерді, бульварлар, жол айрықтарын, жағажайлар мен демалыс орындарын, ағаштарды санитарлық, пішіндеп қырқу және кесу, ағаштарды ақтау, арық жүйелерін күту, өзен арналарын, «Адали ЕА» ЖШС, «КОГ №3» ҚБ, «Қала Көркейту» ЖШС, «Грин Ланд» ЖШС атқарады, ал 28-Гвардиялық - Панфиловшылар саябағын және Алматы қаласы орталық саябағын «Грин Ланд» ЖШС күту жұмыстарын атқарады.

            Жергілікте бюджеттен қаржыландыру есебінде аудан аумағындағы апатты ахуалдағы және қураған жасыл желектерді кесу жұмыстары жүргізілді, жалпы көлемі: санитарлық кесу – 715 дана ағаш, пішіндеп кесі -2500 дана ағаш, санитарлық қырқу – 6910 дана ағаш.

3          667 жасыл желек отырғызылып (1820 дана – ынталы отырғызу, 1847 дана ағаш өтемдік отырғызылды.), 1675 м2 кілем тәріздес гүлдер, 5945 м2 әсемдік бір жылғы гүлдер, 2270 м3 – раушан гүлі отырғызылған.

Ағымдағы жөндеу

Есептік кезеңде көгалдандыру мен көріктендіру бойынша 17 нысанда 1 млр. 077 млн. теңгені құрайтын үлкен ауқымды жұмыстар жүргізілді, өткен жылғы жұмыстармен салыстырғанда 3 есе артық (2016 жылы көріктендіру жұмыстары 7 нысанда жүргізілеген, жалпы соммасы 117 млн. құрайды).

Аудан тұрғындарының ыңғайлы, қауіпсіз өмір сүруіне және бос уақыттарын сапалы өткізу мақсатында2 көшеде дат архитекторы Ян Гейлдің ұсыныстары аясында ағымдағы жөндеу жүргізілді:

- Жібек Жолы көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі аралықта Уәлиханов көшесі (бөлінген қаражат – 161 млн.теңге);

- Кіші Алматы өзені мен Қонаев көшесі аралығындағы Жібек Жолы көшесінде (бөлінген қаражат – 187 млн.теңге).

Екі нысан бойыншажие тастарын , асфальт, жер тақтайшаларын, КАФ орнату жұмстары мен велосипед жолын салу жұмыстары жүргізілді.Жасыл аумақтар, 13100 м2 газон төселіп, 3909 дана дана ағаштар мен бұталар отырығызылды. Жаяу жүргіншілер жолын асфальттау мен балалар мен спорттық алаңдар, суғару жүйесі орнатылған

Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасының бағыты бойынша:

- Гоголь көшесі Төлебаев көшесі мен Абай даңғылы аралығында көріктендіру мен көгалдандыру жұмыстары жүргізілді;

-«Жетісу» Абай/Төлебае көшелерінің қиылысында, «Қазақстан» қонақжайы жаныңдағы және Абай саябағындағы 3 субұрқаққа күрделі жөндеу жүргізілді.

- Шығыс айналма жолындағы, Халиуллин мен Құлжа күре жолының қиылысындағы жол айрықтағы жасыл аймақта суғару жүйесін орнату құрылыстары;

- 7,25 км құрайтын арық жүйесін қайта қалпына келтіру мен құрылысы;

- Қимасар және Жарбұлақ өзені арнасын жаңғырту;

- Оқушылар Сарайы, Журналистер және Мемлекеттік Музей саябақтарына жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеу. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2018 жылға жоспарланған.

Алматы қаласы Құрылыс басқармасы бағыты бойынша жаяу жүргіншілер жолын көгалдандыру жұмыстары келесі көшелерде жүргізілді:

- Қабанбай батыр көшесі Төлебаев пен Назарбаев даңғылы аралығында;

- Жібек Жолы даңғылы Қонаев көшесі мен Назарбаев даңғылы аралығында;

- Гоголь көшесі Қалдаяқов көшесі мен Назарбаев даңғылы аралығында.

Жасыл аумақтарды көріктендірде жаңа тәсілдерді қолдану бағытында Думан ықшам ауданы, Қайырбеков көшелерінде орналасқан шағын бақтарында жөндеу жұмыстары жүргізілді:

- Мендіқұлов шағын бағында - қаржыландыру үлесі – 64 млн. теңге, мердігер ұйым - «Ayat Inspirit» ЖШС – көгал және жиектастар, орындықтар салу жүргізілді.

- көгалдандырылмаған Қайырбеков бағында, мердігер ұйым «Алматы-Строй-Контракт» ЖШС, қаржыландыру соммасы 25 млн., Жаяу жүргіншілер жолын асфальттау, спорттық снарядтарды, орндықтарды орнату жұмыстары жүргізілді, жасыл желектер отырғызылды.

- Дуан шағын бағында   - қаржыландыру соммасы 56 млн., мердігер ұйым «Алматы-Строй-Контракт» ЖШС, поребрика, жайу жүргіншілер жолы, спорттық снарядтар, балалр алаңы орнатылды.

Сонымен қатар,   Орталық мәдениет және демалыс саябағы аумағында 122 млн. теңгені құрайтын соммада ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Спорттық және әр түрлі жастағы балалар алаңдары, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған алаңдар орнатылған.

Өзен суларынын арнасына асып су басу жағдайларын алдын алу мақсатында, өзен жағалауларын нығайту жұмыстары, су қоймаларын тазалау, шлюздар мен қоршауларын жөндеу үшін Есентай, Жарбұлақ, Бекенбай, Кіші Алматы өзендері жағалауында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

- Есентай өзеніндегі Дамба су қоймасын тазалау және қоршауларын жөндеуге «Алматы Коммунал Сервис» ЖШС –мен 34 млн.теңге келісім жасалды - келісім-шарт бойынша тазалау, өзен жағалауларында қоршаулар орнатылған, габион қондырғыларымен нығайту жұмысты жүргізілді.

- «Ayat Inspirit» ЖШС ұйымымен ағымдағы жөндеу жұмыстары Бекенбай өзенінің жағалауларында (габионды қалпына келтіру, көпір мен гранит тақталары) – 107 млн. тг. жасалды – габион қондырғысы орнатылды, бетон арматурасымен нығайтылды, 2 көпір және 10 дана орындықтар орнату жұмыстары жүргізілді.

- Ағымдағы жөндеу жұмыстары Кіші Алматы өзенінде «Ayat Inspirit» ЖШС 6 млн. тг. жүргізілді - қоршауларды ауыстыру, өзен жазалауларын бетон арматурасымен нығайтылды.

   - Жарбұлақ өзенінде Бөгенбай батыр көшесінен Есенберлин көшесіне дейін ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Ayat Inspirit» ЖШС ұйымымен 86 млн. тг. келісім жасалды.

Жасыл аймақтарға және тротуарларға автокөліктердің шығуын болдырмау мақсатында орнатылуға тиісті мың дана боллард орнатылды. Қаржат көлемі- 29 млн. тг.

Төтенше жағдайлардың алдын-алу

Таиыров көшесінің кейбір аумақтарында топырақ көшу қаупі болуына байланысты төтенше жағдайлар жарияланды. Қауіп аймағында 25 жеке тұрғын үйге (150 адам) қауіп-қатер төнгендіктен Алматы қаласы резервінен 480 мың тг. бөлінген.

Құрылыс – монтаждық жұмыстарды жүргізуге келісім «Арыс ЛТД» ЖШС-мен 443 млн. тг. жасалған.

Техникалық бақылауды «СтроиНадзор» ЖШС 5 млн. тг. атқарады ( авторлық бақылау - 3 млн. тг., экспертиза – 4 млн. тг. )

Жобалаушы мердігер ұйымы «Проектный институт водного хозяйства» ЖШС , келісім соммасы 25 млн. тг.

Топографиялық схемасы және геологиялық тексеру жұмыстары жүргізіліп, жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп, экспертизаның қорытындысы алынған.

«Әлеуметтік бизнес жауапкершілігі» бағдарламасы аясында инвесторлар есебінен:

- 2 аллея жасалды:   Әл-Фараби даңғылы 25, Әл-Фараби даңғылы 29;

- Менделеев шағынбағында ағымдағы жөндеу;

- №33, 28 ОМ аумағында футбол алаңдары салынды;

- SOS Деревня аумағында спорт алаңы жасалды;

- 28 Гвардиялық Панфиловшылар саябағы аумағында «Workout» алаңы жасалды.

Өткелдер

Аудан аумағында Алматы қаласы қаржы басқармасының балансындағы 8 жерасты өткелдері бар, олардың 3-не «АлматыТехСпецПаркинг» ЖШС күтіп баптау жұмыстарын жүргізеді.

30,848 млн. теңгеге 5 жерасты өткелінде (Шығыс айналма жолы, Құлжа күре жолы) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

1000 дана боллард орнатылды. Қаражат саны - 29 667 мың теңге.