A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
  • Негізгі бет
  • ТКШ
  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) ТҚЖ салымдары бойынша өтемақы төлеу рәсімін бастайды.
ТКШ ТКШ



«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) ТҚЖ салымдары бойынша өтемақы төлеу рәсімін бастайды.


ҚҰРМЕТТІ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІНІҢ КЛИЕНТТЕРІ! 

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) ТҚЖ салымдары бойынша өтемақы төлеу рәсімін бастайды.

Банк және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мемлекеттік салалық органдармен бірлесе отырып, еркін құбылмалы айырбас бағамы режиміне өтуге байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2015 жылғы 18 тамыздағы операциялық күннің соңында Банктегі тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша өтемақы (бұдан әрі – өтемақы) төлеу тетігін әзірледі.

Өтемақы төлемі бюджет қаражаты және Банктің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Өтемақы төлеу, сондай-ақ тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарын (бұдан әрі – ТҚЖ шарты) рәсімдеу және қызмет көрсету рәсімін жеңілдету мақсатында, Банк салымшыларға ТҚЖ шартының Жалпы талаптарына қосылу жолымен қызмет көрсетуге көшеді.

Өтемақы төлеу ТҚЖ шартының қосымша келісімін жасаған күні ақша қаражатының қалдығы болған жағдайда, еркін құбылмалы айырбас бағамы режиміне өтуге байланысты тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша өтемақы төлеу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылатын болады.

ТҚЖ шартының Қосымша келісімдерін жасау 2016 жылғы 8 ақпаннан бастап 2016 жылғы 1 маусымға дейінгі кезеңде (қосымша келісім жасаудың/өтініштер қабылдаудың соңғы күні2016 жылғы 31 мамырсалымшының  электронды санды қолтаңба арқылы қол қоюы жолымен жүргізіледі:

·        электронды үкіметтің www.egov.kz интернет порталында;

·        Банктің интернет ресурсында www.hcsbk.kz.

Үкімет қаражат бөлу туралы шешім қабылдаған және Банктің жылдық қаржылық есептілікті бекіткен сәттен бастап күшіне енетін барлық қажетті құжаттармен Банктің www.hcsbk.kz ресми сайтында таныса аласыздар.

Сұрақтар туындаған жағдайда, 300 нөмірі бойынша Банктің Байланыс орталығына хабарласуға болады. 

Еркін құбылмалы айырбас бағамы режиміне өтуге байланысты тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша өтемақы төлеу

 ЖАДНАМАСЫ 

Құрметті  клиенттер!

Сіздерге «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі\Банк) салымшыларының  тұрғын үй құрылыс жинақ салымдарына  (бұдан әрі – ТҚЖ салымдары) төленетін өтемақыға  қатысты негізгі мәселелер бойынша  жадынамамен танысуды  ұсынамыз. 

Сұрақ

Жауап

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін көзделген төлемдер:

Өтемақы – еркін құбылмалы айырбас бағамы режиміне өтуге байланысты екі жыл ішінде 2016-2017 жылдары ТҚЖ салымы бойынша төленетін ақша. 

Өтемақы төлеу 2015 жылғы 18 тамыздағы операциялық күннің соңында әрекет ететін ТҚЖ шарттары бойынша ТҚЖ салымының сомасына жүргізіледі:

- ТҚЖ шарты бойынша ашылған салымшының жинақ шотына, салған күні шотта ақша болған жағдайда,бірақ 2015 жылғы 18 тамыздағы операциялық күн соңындағы қалдықтан артық емес;

клиенттің ағымдық шотына тұрғын үй заемын алған күнгі ТҚЖ салымының сомасына;

Өтемақы алу талаптары мен тәсілдері:

Өтемақы алу үшін үшін:

Салымшы өтемақы алу және ТҚЖ шартының Жалпы талаптарына қосылу мақсатында:

- электронды үкіметтің www.egov.kz интернет порталында;

- Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында салымшының электронды санды қолтаңба арқылы қол қою жолымен ТҚЖ шартының Қосымша келісімін жасауы қажет;

2015 жылғы 19 тамыздан бастап тұрғын үй заемын алған клиент немесе мұрагер Банк бөлімшесіне келіп, өтемақы алу мақсатында өтініш беруі қажет.

Өтемақы алу үшін Қосымша келісім жасалатын/өтініш қабылданатын кезең:

Қосымша келісім жасау және өтініштер қабылдау 2016 жылғы 8 ақпаннан бастап 2016 жылғы 1 маусымға дейін жүргізіледі (қосымша келісім жасаудың/өтініштер қабылдаудың соңғы күні2016 жылғы 31 мамыр).

Өтемақы  мөлшері:

Өтемақы мөлшерін есептеу үшін 2015 жылғы 18 тамыздағы және 2015 жылғы 20 тамыздағы астана уақытымен сағат 11-00-дегі жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның таңғы (негізгі) сессиясында қалыптасқан АҚШ долларына шаққандағы ұлттық валютаның (теңге) орташа биржалық бағамы қолданылады.   

Өтемақы коэффициенті 2015 жылғы 18 тамыздағы операциялық күннің соңындағы жағдай бойынша ТҚЖ салымы сомасының 35,5%-ын құрайды, оның:

-19,2%-ы 2016 жылы;

- 16,3% -ы 2017 жылы төленеді.

Өтемақы төленетін қаражат көздері:

Өтемақы бюджет қаражаты және Банк қаражаты есебінен төленеді.

Бюджет қаражаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті Қаулысы бекітілген жағдайда, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген тәртіпте бөлінеді.

Банк қаражаты Банктің уәкілетті органының шешіміне сәйкес меншікті капитал қаражатынан бөлінеді.

Өтемақы есептеу кезеңі:

2016 жылы өтемақы салу 2016 жылғы 1 шілдеге дейін жүзеге асырылады және қол қойылған қосымша келісім/берілген өтініш болған жағдайда:

- мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен – ақша Банктің ағымдық шотына түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні өткен соң;

- Банктің меншікті капиталының қаражаты есебінен – Банктің жылдық қаржылық есептілігі бекітілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні өткен соңбасталады. 

2017 жылы өтемақы салумемлекеттік бюджет қаражаты және Банктің меншікті капиталының қаражаты есебінен мемлекеттік бюджет қаражаты Банктің ағымдық шотына түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні өткен соң жүзеге асырылады.

Бірнеше ТҚЖ  салымы бар болған жағдайда өтемақы    алу мүмкіндігі:

Салымшының 2 (екі) немесе одан да көп салымы болған жағдайда, өтемақы төлемі әрбір ТҚЖ салымы бойынша төленеді.

Тұрғын үй заемын рәсімдеген кезде өтемақы алу мүмкіндігі:

2015 жылғы 19 тамыздан бастап тұрғын үй заемын алған клиенттерге тұрғын үй заемын алған күнгі ТҚЖ салымының сомасына ағымдағы есеп шотқа төленеді, бірақ 2015 жылғы 18 тамыздағы операциялық күн соңындағы қалдықтан артық емес.

ТҚЖ шарты бойынша талаптарды бөлу, біріктіру және құқықтарды берген кезде өтемақы төлеу тәртібі:

2015 жылғы 18 тамыздан кейін бөлінген ТҚЖ салымдары бойынша өтемақы ТҚЖ шартын бөлген соң пайда болған қалдық сомасына, ақша қаражатының нақты қалдығына есептеледі, бірақ 2015 жылғы 18 тамыздағы операциялық күн соңындағы қалдықтан артық емес. ТҚЖ шартын бөлген соң Салымшының жинақ шотына/шоттарына салынған ақша қаражатының сомасы Өтемақыны салу кезінде соманы есептегенде есепке алынбайды. 

2015 жылғы 18 тамыздан кейін біріктірілген ТҚЖ салымдары бойынша өтемақы 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша жинақ шоттарындағы ақша қаражатының біріктірілген қалдық сомасына есептеледі.  

2015 жылғы 18 тамыздан кейін құқықтар берілген ТҚЖ салымы бойынша өтемақы жаңа Салымшының жинақ шотына, жинақ шотындағы ақша қаражатының нақты қалдығына есептеледі, бірақ 2015 жылғы 18 тамыздағы операциялық күн соңындағы қалдықтан артық емес.

Өтемақы төлеуге жатпайтын  ТҚЖ салымдары:

ҚТЖ салымына өтемақы төленбейді, егер:

1)   салымшыға қоса алғанда 2015 жылғы 18 тамызға дейін берілген тұрғын үй, алдын ала тұрғын үй және аралық тұрғын үй заемдары бойынша қамтамасыз етуде тұрған ТҚЖ салымдары бойынша;

2)   ақша салу күніне баспананы сатып алу-сату шарттары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы №383 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында кейіннен сатып алумен жалға алу шарты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы, өңірлік тұрғын үй бағдарламалары аясында жасалған  ТҚЖ шарттары бойынша;

3) Банктің ішкі құжаттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, белгіленген мерзімде жасалған қосымша келісімдері/берілген өтініші жоқ ТҚЖ шарттары бойынша.

Салымшы мұрагерлерінің өтемақы алу мүмкіндігі:

Қосымша келісім жасамаған салымшының/ өтініш бермеген заемшының мұрагерлеріне өтемақы төлемі мұрагерлер ТҚЖ салымын талап етпеген, 2016 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде Банкке жазбаша өтініш берген және қосымша келісім жасаған жағдайда төленеді.  

ҚТЖ салымдары бойынша өтемақы төлеу ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негіздемелер бойынша салымшының ақшасын алу туралы Банктің және (немесе) үшінші тұлғалардың өкімдерін орындау шеңберінде өтемақы есептелген күнге дейін ақша алынған жағдайда, өтемақы төлемі ақша салынған күнгі ТҚЖ салымының қалдық сомасына, бірақ 2015 жылғы 18 тамыздағы қалдықтан артық емес мөлшерде жүргізіледі.

Осы жадынама Еркін құбылмалы айырбас бағамы режиміне өтуіне байланысты тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша өтемақы төлеу тәртібі (бұдан әрі – Өтемақы төлеу тәртібі) негізінде дайындалды. 

Өтемақы төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджет қаражатын бөлу туралы шешім қабылдаған және Банктің жылдық қаржылық есептілігі бекітілген соң қолданысқа енгізіледі.

Осы тармақта көрсетілген оқиғалардың басталу жиынтығы Тәртіпті қолданысқа енгізу күні болып саналады.

Аталған оқиғалар әр түрлі уақытта басталған жағдайда, соңғы оқиға басталған күн осы Тәртіптің қолданысқа енгізілген күні болып табылады.