A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Ұлы Жеңіске 70 жыл ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ



№163 мектеп-лицейде өткен Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналған іс-шара


21 сәуірде 2015 жылы Медеу ауданы әкімінің аппараты мен №163 мектеп-лицейі Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналған іс-шара ұйымдастырды.

Шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен еңбек майданына қатысушылар шақырылды.

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Данагүл Айнақұлова мен №163 мектеп-лицейдің директоры Айымгүл Иманғалиева ҰОС ардагерлері мен еңбек майданына қатысушыларға «Жеңіске 70 жыл» медалін тапсырды.

Сонымен қатар, №163 мектептің оқушыларының қатысуымен соғыс жылдарындағы әндер орындалып, бейне роликтер көрсетілді. Мектеп әкімшілігі ардагерлерге гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар тарту етті.

Жиын соңында ардагерлер аудан әкімшілігі мен мектеп ұжымына алғыс білдіріп, баталарын берді.