A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Ұлы Жеңіске 70 жыл ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ



Офицерлер үйіндегі Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған мерейтойлық медальды тапсыру шарасы


2015 жылы 15 сәуірде 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағының Офицерлер үйінде Медеу ауданы әкімінің аппараты мен аудандық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған мерейтойлық медальды салтанатты тапсыру шарасы өтті.

Аталған шараға Медеу ауданының әкімі С.Мәкежанов, әкім орынбасарлары, аудандық Ардагерлер кеңесінің мүшелері, Алматы қаласының мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының орынбасары Ғ.Майлыбаев және еңбек майданының ардагерлері қатысты.

Аудан әкімі Сұлтанбек Мәкежанов шақырылған қонақтарға сәлем беріп, Ұлы Отан соғысының 70-жылдық мерейтойымен құттықтады. Аудан басшысы шын жүректен ардагерлерге мықты денсаулық, сергектік пен белсенді ғұмыр тіледі.

Шара барысында 145 еңбек майдангерлеріне Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған мерейтойлық медаль мен гүл шоқтары тарту етілді.

Іс-шара соңында шақырылған қонақтарға арналған соғыс жылдарындағы әндер шырқалған концерт ұйымдастырылды.