A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Ұлы Жеңіске 70 жыл ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ



Әкем мен шешемнің алдындағы парызым


Әкем - менің асқар тауым. Сіздер, әкем - Жайлаубек Нұрғазыұлы мен шешем - Ағила Нұрғазы келіні, ұл-қыздарыңызды адалдыққа, еңбекқорлыққа, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға, елімізге адал қызмет етуге үйретіп, тәрбиелеген едіңіздер. Сіздерге мың алғысымды айтып, «жандарыңыз жанаттан болсын» деп Алладан тілеймін. Бақилық дүниеде жамандық көрмеңіздер, құдайдың шапағатына, нұрына бөленіңіздер.

Әке, Сіз армандаған егеменді ел болдық. Өмір бойы ақшаны «сом» демей «теңге» деп атап едіңіз, төл валютамыз теңге болды. Қазақстан – егеменді ел болды. Өз туымыз, өз ән ұранымыз және елтаңбамыз бар. Әлем халқына танымал елдің біріміз. Ұрпақтар білімді болып өсіп, жетіліп келеді. Өз көзіңізбен көргенде қандай бақытқа кенеліп, қуанар едіңіз! Бақилық дүниеде мәңгілік өмір болса осының бәрін сезіп, қуанып жүрген боларсыз. Нұрсұлтан бауырымыз ел президенті, ел басшысы. Ақылды, білімді, парасатты азаматтардың арқасында бүкіл әлемге танымал болдық. Аллаға шүкір, тіл-көзден, жамандықтан сақтасын! Олардың ғұмырлары ұзақ болсын деп тілеймін. Еліміз мәңгілік ел болуға жазсын.

Әке, Сіздің Ұлы Отан соғысына қатысып, аман келгеніңіз, соғыстан мүгедек болып келсеңіз де ауылда ел басқарғаныңызды, жетім-жесірге қамқор болғаныңызды ауыл жұртынан талай естіп едім. Атыңызды атамай «Жәке», «Жәйлеке» дейтін жұрт. Халқымызға қамқор болғаныңызды жас болсақта біз - балаларыңыз көрдік қой. Анам екеуіңіз бес бала өсіріп, тәлім-тәрбие бергеніңізді былай қоя тұрсақ, өзіңізді пір тұтушы едік. Сіздер туралы жазбасам онда өз парызымды Сіздердің алдарыңызда өтей алмағаным болар, «Сәркен» деп еркелеткендеріңізді ақтай алмағаным болар еді. Сіздер жайлы естелік жазу міндетім деп білемін.

Мен кішкене кезімде, шамасы 3 жаста болармын, көк жөтелмен ауырып қалғанда Сіз, Буян атты атыңызға мініп, мені алдыңызға алып, таң атарда қырман басында жүріп жатқан жұмысты тексердіңіз, өмірімде тау-тау болып жатқан бидайды сонда көрдім. Онда түнімен жұмыс істеп, бидайды суырып, жинап жүрген адамдарды, оның ішінде таразы басында қапталған бидайды өлшеп, жазып отырған көзі бір сызықтың бойында орналасқан адамды бірінші көруім еді. Сонда таң қалғанмын. Кейін ол кәріс халқының өкілі екенін айттыңыз. Қапталған бидай өлшейтін таразыны да түсіндірдіңіз. Барған жеріңізде амандасып, қал-жағдайларын сұрау Сіздің бірінші жұмыстағы міндетіңіз екен деп ойлайтынмын. Есімде, сонан-соң күннің көзі шыққанда Балтабай мен Бірліктің арасында орналасқан сүт жинайтын үйге келдік, ондағы жұмысшы адамдар шамасы орыс немесе неміс болар, әкеме мен түсінбейтін тілде сөйлеп жатты. Маған темір ыдысқа сүт құйып берді. Іштім, дәмді екен. Ұйғыр мен қазақтан да басқа ұлт барын сонда білдім. Содан соң, мені Жугарда деген дәрігерге апарып, көрсеттіңіз. Ол кісі қазақ тілінде таза сөйлейді екен. Жоғары білімді маман ба, жоқ әлде, ауылдық фельдшер ме, әлі күнге дейін білмеймін, бірақ өте білімді дәрігер болғанына мен қазір өте сенімдімін. Ол кісі тірі болса, үлкен рахметімді айтқан болар едім.Мені сол кезде әкем Бояркин Петр (Петя ағай) есімді мал дәрігерінен пенициллин дәрісін алып, көк жөтелге қарсы екпе еккізіп, аурудан жазып алған еді. Оған дейін не ішпедім: шешем көк құстың қанатын қайнатып, неше түрлі шөп тұнбаларын ішкізді.

Әкем, Жайлаубек Нұрғазықызы 1907 жылы Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданы Бірлік селосында дүниеге келген. 1941 жылы соғысқа шақырылып, 247 артиллерия полкінде «подносчик» болып соғысқа қатысқан. Соғыс кезінде Қызыл жұлдыз орденімен марапатталған, көптеген медальдары да бар еді. 1944 жылы 20 қаңтарда ауыр жарақат алып (сол аяғынан), ауруханада емделген соң соғысқа қатысуға жарамсыз деген комиссияның шешімімен елге оралады. Ауылда еңбек етіп, ел басқарады. Екі мәрте аудандық Кеңеске депутат болып сайланады (1950-1953жж.) . Кеңес өкіметінің Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша 1985 жылы 11 наурызда куәлігі №727059 «Отан соғысы орденімен» марапатталады.

Әкем асқар тау болса, шешем құнарлы жер, тау етегіндегі мөлдір бұлағы еді. Біз, ұрпақтары тәлім-тәрбиені сол әке-шешемізден алып, сусындадық. Сол кездері туылған қазақтың көптеген аналары өздерінің туылған күндерін білмейтін. Бала-шағасы әкесінің туған күнін 9 мамыр десе, шешесінің туған күнін 8 наурыз деп атап өтіп жүрді. Сондай балалардың бірі – біздер. Апа, сені мейрамыңмен құттықтаймын!

Шешем Нұрғазиева Ағила 1912 жылы Алматы облысында Еңбекші Қазақ ауданы Қаракемір ауылында дүниеге келген. Кеңестер Одағының қаулысымен 1948 жылы соғыс кезінде қажырлы еңбектенгені үшін медальмен (АА №045484 куәлігі (18.09.1948ж.)) және 29.10.1965 жылы екінші дәрежелі аналар медалімен марапатталған болатын. Бүкіл ауылдағы өзінен кіші адамдар апамды «Ағила әпке» деуші еді.

Медеу ауданының тұрғыны Нұрғазиева Сара Жайлаубекқызы

8 наурыз 2015 жыл