A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Ұлы Жеңіске 70 жыл ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ



«Веселые нотки» аула клубының Ұлы Жеңістің 70 жылдығына өткізген іс-шаралары


2015 жылы 5 мамырда «Веселые нотки» аула клубының тәрбиеленушілері Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналған Д.Снегин атындағы №30 гимназияда өткен мерекелік шараға қатысты.

Соғыс туралы өлеңдер байқауында жеңіске жеткен балаларға «Веселые нотки» аула клубының басшысы В.В.Османова естелік сыйлықтар мен мақтау қағаздарын тапсырды. Шараға 58 адам қатысты.

Өткізілген шараның мақсаты: адамгершілік тәрбиесі, балаларды азаматтық позиция мен отансүйгіштікке қалыптастыру.

8 мамырда «Веселые нотки» аула клубының балалары 90 жастағы еңбек майданының ардагерін Жеңіс мейрамымен құттықтады. Балалар еңбек ардагеріне жеті азық-түлік себетін тапсырды. Сонымен қатар, аула клубының балалары ардагерлерге арнап соғыс жылдарындағы өлеңдер мен әндерден тұратын кішігірім концерт ұйымдастырды. Бұл акцияға 10 адам қатысты.

Ал, 9 мамырда «Веселые нотки» аула клубының балалары 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында өткен Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған шараға қатысты.

Сондай-ақ, 10 мамырда клубта ардагерлерге арнап Жеңістің 70 жылдығына мерекелік концерт ұйымдастырылды. Балалар 1941-1945 жж. соғыс майданында шайқасқан өздерінің ата-бабалары жайында әңгімеледі. Концертке ардагерлердің өздері де қатысып, балалармен бірге өлең оқып, ән айтты. Бұл шараға 70 адам қатысқы.

Іс-шараның мақсаты - өскелең ұрпақты аға буынды құрметтеуге, балалардың Ұлы Отан соғысына қатысқан ата-бабаларының ерліктерін ешқашан ұмытпауға тәрбиелеу.