A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Ұлы Жеңіске 70 жыл ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ



9 мамырда 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында Ұлы Отан соғысы Жеңіс күнінің 70 жылдығы мерекеленді


2015 жылы 9 мамырда 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70 жылдығы мерекеленді. «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою рәсіміне Алматы әкімі Ахметжан Есімов, Медеу ауданының әкімі С.Мәкежанов, Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлері, Ардагерлер кеңесінің аудандық және қалалық филиалының өкілдері, аудан тұрғындары мен қала қонақтары қатысты.

Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлері, зейнеткерлер, мектеп оқушылары мен аудан тұрғындары Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70 жылдығы мерекелеуге ертемен қатарға тұрды.

Мұнда, сонымен қатар ардагерлерге арналған мерекелік үстел жайылып, солдат ботқасы мен майдандық 100 грамм берілді.

Мереке «Астана» алаңында кешкі концертпен жалғасты. Қалада бір уақытта екі нүктеде - «Астана» алаңы мен «Сайран» көлінде мерейтойлық от шашу берілді.

Бүгінгі күнде Медеу ауданында 133 соғысқа қатысушы мен мүгедектер, 3296 тыл еңбеккерлері, 13 блокадашылар мен 4 концлагерлерде тұтқында болғандар тұрады.

Биылғы мерейлі жылы Алматыда ҰОС-ның ардагерлеріне республикалық бюджеттен 25 мыңнан 100 мыңға дейін, жергілікті бюджеттен 30 мыңнан 150 мың теңге дейін бір реттік жәрдем ақша бөлінді. Бұлардан өзге, Мемлекет басшысының Жарлығымен 23 855 алматылық ҰОС-ы мен тыл ардагерлері, блокадашылар бірыңғай мерейлі «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы» медалімен марапатталды.