A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Ұлы Жеңіске 70 жыл ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ



Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтау


2015 жылы 8 мамырда Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қатысушыларына сыйлық тапсырылып және мерекелік түскі ас берілді.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық аясында Медеу ауданы әкімінің аппараты мен «Россия Сбербанкі» бірлесіп, «Алматы» мейрамханасында Медеу ауданындағы ардагерлерге арнап мерекелік түскі ас ұйымдастырды.

Мерекелік шараға 100 ардагер шақырылды. Жиналғандарды аудан әкімінің орынбасары Талғат Абдықалықов құттықтады. Ол барлығына Ұлы Отан соғысы кезінде көрсеткен ерліктері мен қажырлықтары үшін алғысын білдіре отырып, мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі. Сондай-ақ, «Россия Сбербанкінің» өкілдері де құттықтап, ардагерлерге қаржылай көмек көрсетті.

Ардагерлер майдандас достарымен кездесіп қуанышқа бөленді, үстел басында сол жылдардағы шайқасқан ерліктерін әңгіме етті. Барлық ардагерлер биылғы жылғы 9 мамырда өтетін мерекелік шараға шақырылды. Соымен бірге, майдангерлерге 2015-2016 жылдарға арналған атаулы күнтізбе тапсырылды.

Ардагерлер түскі ас кезінде оқушылардың дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады.

Бүгін көптеген тілектер айтылды: ардагерлерге - денсаулық пен ұзақ өмір, ал Отанымыз - Қазақстан Республикасына ашық аспан мен өркендеу.