A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Ұлы Жеңіске 70 жыл ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ



Ұлы Отан соғысының ардагерлері құрметтелді


2015 жылдың 3 мамыр күні Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты «Сapital Development» ЖШС-мен бірлесіп «Union» мейрамханасында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің қатысуымен мерекелік іс-шара өткізді. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына орай өткізілген іс-шарада соғыс ардагерлеріне арналып мерекелік дастархан ұйымдастырылып, соғыс жылдарындағы әндер шырқалды.

Құрмет-қошеметке бөленген ардагерлер би билеп, концерт тамашалап, мерекелік дастарханнан дәм татып, мәз-мейрам болысты. Мереке соңында ардагерлерге азық-түлік себеттері мен естелік сыйлықтар табысталды.