A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Ұлы Жеңіске 70 жыл ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ



«Жеңіс жолымен» атты тарихи құжаттық көрмесінің ашылуы


2015 жылы 5 мамырда ҚР Президентінің мұрағатында «Жеңіс жолымен» атты тарихи құжаттық көрмесінің ашылуы болып өтті. Бұл шара 1941-1945 жылдардағы соғыста Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналып отыр.

Шараға ҚР Президенті мұрағатының директоры Б.Жапаров, Медеу аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Серікбаев, «Нұр Отан» партиясының Медеу аудандық филиалының төраға орынбасары Ғ.Майлыбаев және соғыс ардагерлері, ғалым-қоғамтанушылар, тарихшылар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, ЖОО оқытушылары мен студенттері, мектеп оқушылары қатысты.

Қазақстан Республикасының Мұрағатында Ұлы Отан соғысы жылдарында республикамызға көшірілген өнеркәсіп орындары, ғылыми және мәдени мекемелердің орналастырылуы және олардың жұмыстары туралы, көшірілген халықты орналастыру туралы құжаттар сақталған.

Көрмеде республика өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының барлық салаларының әскери қалыпқа ауыстырылғанын көрсететін құжаттар: қаулылар, хаттамалар, ақпараттық анықтамалар, мобилизациялау бойынша тізімдер, әскери құрамды жасақтау туралы және олардың жаугерлік іс-қимылдарыға қатысуы жайлы, қазақстандық батырлар туралы құжаттар орын алған. Құжаттық экспонаттардың ішінде ҰОС қатысушылары мен ардагерлерінің жеке қорларынан құжаттар, қазақстандық дивизиялар мен гвардиялық құрамдардың фотоальбомдары, Алматы қаласының тарихи мұражайының экспонаттары, Мұрағаттың кітапхана қорынан әскери тақырыпқа арналған кітаптар бар. Көптеген құжаттар жұртшылыққа аз танымал, кейбір мұрағат материалдары алғаш рет көрмеде ұсынылды.

Көрмені ұйымдастыру аясында дөңгелек үсел өткізілді. Онда ардагерлер өз естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, www.tutkyn.kz сайтының (қазақстандық соғыс тұтқындары бойынша республикалық деректер базасы) тұсаукесері өтті.

Дөңгелек үстел барысында «Ұлы Жеңіс хроникасы» кинофильмі көрсетіліп және қонақтарға арналған мектеп оқушыларының қатысуымен концерт ұйымдастырылды. Шара соңында ардагерлерге гүлдер мен азық-түлік себеттері тапсырылды.