A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Ұлы Жеңіске 70 жыл ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ



Кеңес Одағының батыры Василий Бенбериннің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды


2015 жылдың 5 мамырында Алматы қаласы мен Медеу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Кеңес Одағының батыры Василий Бенбериннің құрметіне орнатылатын ескерткіш-тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мекен-жайы: Зенков көшесі, 77\14 үй.

Шараға Алматы қаласы әкімі аппараты мен Медеу ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, ауданның соғыс ардагерлері мен тұрғындары және батырдың жақындары мен туыстары қатысты.

Василий Бенберин 1918 жылы Ақмола облысы Сандықтау ауданы) шаруа отбасында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң Көкшетау автобазасының жанындағы «Загозерно» пунктінде жүргізуші болып еңбек етті. 1944 жылы ақпанда Бенберин Орлов танк училищесін аяқтады, содан соң - Ұлы Отан соғысының майданында шайқасты. Сол жылы ВКП(б)-ға өтті. 1945 жылдың қаңтарында гвардияның кіші лейтенанты Василий Бенберин 1-ші Белорус майданының 1-ші гвардияшыл танктер әскерінің 11-ші гвардияшыл танктер корпусының 44-ші гвардияшыл танктер бригадасын басқарды. Польшаны азат ету кезінде көзге түсті.

ССРО Жоғарғы Кеңес Президиумының Шешімімен 1945 жылы 27 ақпанда «Неміс-фашистерді басып алудағы күресте ерлігі, қаһармандығы және батырлығы үшін» гвардияның кіші лейтенанты Василий Бенберин Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталған.

1945 жылы Бенберин запасқа шықты. Алматы қаласында тұрды. Ол 2005 жылы 23 қаңтарда Алматы қаласында дүние салды.