A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Ұлы Жеңіске 70 жыл ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ



«Бейбітшілік даңқты болсын! Соғыстың көлеңкесі жоғалады»


Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70-жылдығына арнап, С.Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасы, Қазақстан Республикасындағы Орыс серіктестігі өкілеттігі, «Шеврон» компаниясы және «Балбұлақ-Родник» қоғамдық қоры «Бейбітшілік даңқты болсын! Соғыстың көлеңкесі жоғалады» балалар шығармашылығының байқауы және «Біз есімізде сақтаймыз» сторителлингін өткізген болатын.

Байқаулар жылдың басынан бастап өтті (сторителлинг 1 ақпаннан 31 наурыз аралығында және балалар шығармашылығы 1 наурыздан 9 сәуір аралығында) және бұл байқауға Алматы қаласы мен республика облыстарындағы мектептер мен гимназиялардың және шығармашылық студияларының балалары қатысты. Балалар шығармашылығының байқауында 137 сурет, сторителлинг байқауында 11 бейнеәңгіме таныстырылған болатын.

2015 жылы 5 мамырда сағат 11.30-да С.Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасында (Төле би 27, Достық даңғылының қиылысы) Жеңіс күніне арнап «Бейбітшілік даңқты болсын! Соғыстың көлеңкесі жоғалады» балалар шығармашылығының байқауы және «Біз есімізде сақтаймыз» сторителлингінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Ұлы Отан соғысы бірде-бір отбасын айналып өткен жоқ. Балалар ол туралы кітаптан оқып, фильмдер көрді, туғандары мен жақындарынан әңгімелер естіді. Сол соғыс жылдарындағы оқиғаларды қалай көргенін біз олардың салған суреттері мен бейнеәңгімелерінен білеміз. Бұл тек олардың жұмысы емес, әр қайсысында тарих бар.