A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Ұлы Жеңіске 70 жыл ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ



«Ерліктің шынары, ұрпақтың жыр-әні» атты салтанатты кеш


2015 жылдың 4 мамыры күні Медеу ауданының №32 кітапханасы мен Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп интернаты бірлесіп, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ерліктің шынары, ұрпақтың жыр - әні» атты салтанатты кеш ұйымдастырды.

Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп оқушылары Медеу ауданы бойынша санаулы қалған соғыс және тыл ардагерлерін арнайы шақырып, оларға құ рмет көрсетті.

Мектеп директоры Мұхтар Ботабайұлы Ұлы жеңістің 70 жылдығы республика көлемінде тойланып жатқанын айта келіп, өзі басқарып отырған ұжымның да осы айтулы күнге үлес қосатынын, соғысқа қатысқан 2 миллионға жуық қандасымыздың рухына арнап салтанатты кеш өткізіп жатқандықтарын тілге тиек етті. «Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Талғат Бигелдинов секілді батырларымыздың ерлігі жас ұрпаққа үлгі болсын. Ардагерлерге бас ие отырып, елімізде мәңгі тыныштық орнауын тілейміз, - деді мектеп басшысы.

Медеу ауданының №32 кітапханасы мен Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп интернаты бірлесіп ұйымдастырған шараға Медеу ауданы әкімінің орынбасары Айнақұлова Данагүл Мұхаметкәрімқызы, ҚР Халық әртісі, әнші Сара Тыныштығұлова, Медеу ауданы «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Майлыбаев Ғани Айдарұлы, Медеу ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ким Серікбаев, «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Айтуға оңай» бағдарламасының редакторы, белгілі журналист Сайлаубай Тойлыбай, Чехов атындағы кітапхана ның директоры Роза Қасымбекқызы, ақын Бақыт Жағыпар, «Электронды қазақ үй» жобасының редакторы Жарқын Сәленұлы аталған шараға арнайы қатысып, мектеп ұжымының, оқушылардың әзірлеген концерттік бағдарламасын тамашалады. Салтанатты кешті ұйымдастыруға атсалысқан 8-сынып оқушылары соғыс тақырыбында көріністер көрсетіп, әскери дайындықтарын да паш етті.

Мерекелік шараны ұйымдастыруға Айша Баймағамбетова ханым бастаған №32 кітапхана қызметкерлері ерекше атсалысты.

Мектеп оқушыларының алдында сөз алған ардагер Ким Серікбаев, Сара Тыныштығұлова секілді белгілі тұлғалар өскелең ұрпаққа ғибратты әңгіме айтып, бата - тілектерін арнады.