A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Medal Plazaдағы «Қазақстанның алтыны» мен «Универсиаданың алтыны»

2017 жылғы  универсиаданың басты алаңы Medal Plazaда «Қазақстанның алтыны» деп аталатын кәнсерттік бағдарлама болып өтті. Мұнда универсиаданың бүгінгі қаһармандарына да құрмет көрсетілді.  

Студенттік спорттың тарихы 1905 жылы АҚШ-тағы студенттер арасында өткен алғашқы халықаралық жарыстан басталады. 1919 жылы Жан Птижан студеттердің конфедерациясын құрады.   

- Қазақстанда универсиаданың тарихы  1993 жылдан басталды. Біздің ел осы ойындарда барлығы 134 медаль алыпты.  Оның 90-ын жазғы түрінен,  44-ін қысқы түрінен алған. Республикамыз студенттердің халықаралық сайысында талай рет күшті құрамалардың қатарына кірді,- дейді кешті жүргізгендер. 

«Салтанат» би ансамблі «Қазақстанның алтыны» деп аталатын  хореографиялық қойылым  орындап, үлкен экраннан суреттер мен Алматыны ұнатып қалғандардың ыстық лебізі көрсетілген фотосуреттер берілді.  

Жарыстан жеңіп шыққандарды әр күні осы Medal Plazaға марапаттау үшін алып келеді. Спортшыларды мұнда ұлттық киім киген қыздар шашу шашып қарсы алады. 

- Қазақстанда бәрі керемет өтті. Мұнда сонша қызықты әрі ерекше болады деп ойлаған жоқ едім. Ғимаратқа кіргенде бізге кәмпит шашып жіберді. Кейін қасымдағы адамдар маған оның осындай ұлттық дәстүр екенін түсіндірді. Меніңше, адамға ерекше әсер беретін жақсы дәстүр, - дейді француз биатлоншысы Батист Жути.

Салтанатты шараның соңына қарай «Биле Казахстан» деп аталатын топтың өнерпаздары универсиада мен оның логтипінің құрметіне арналған арнайы сахналық қойылым ұсынды. 


08.02.2017