A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Универсиада-2017 еріктілері жылы әрі жайлы жабдықтауымен қамтамасыз етілді

Универсиада-2017 еріктілері  жылы әрі жайлы жабдықтауымен қамтамасыз етілді

Алматы, 2017 жылдың 21 қаңтары. – Универсиада-2017 еріктілері, ұйымдастырушылары, техникалық мамандары мен төрешілеріне арнаулы киім-кешекті жасап шығарған «Алтын Жұлдыз Textile» фабрикасында жабдықтаудың дизайны мен уәзипалық ерекшеліктері туралы толығырақ ақпарат берілді.

«Алтын Жұлдыз Textile» фабрикасының дизайнерлері мен технологтары Қысқы универсиада-2017 Ұйымдастыру комитетімен бірлесе отырып, еріктілер мен ұйымдастырушылар киетін арнаулы киімді дайындап шығарды. Арнаулы киім ашық түсте, әдемі әрі жайлы етіп тігілген.

Еріктілердің күрткесі көмекті қажет ететін Универсиада қонақтары мен қатысушыларының көзіне бірден шалынатындай етіп ашық жасыл түсті тігілді. «Ашық түстер Қысқы универсиаданы өткізіп отырған ел - Қазақстанның жайдарылық, ақкөңілдік секілді қасиеттерін айшықтайды. Оған қоса, бұл киім жас еріктілерге де жақсы жарасады», - деп түсініктеме берді жабдықтауды дайындаған дизайнер Зарина Ілиясова

Арнаулы киімнің технологы Луиза Нұрғалиева студенттік ойындардың еріктілері мен ұйымдастырушыларының көпшілігі жарыстар кезінде далада жұмыс жасайтындықтан,  жабдықтауды дайындау кезінде Алматының қысқы климаттық ерекшеліктері ескерілгенін атап өтті. Жарыс күндері қандай ауа-райы болмасын, еріктілер фирмалық жабдықтауда өзін жайлы сезінетін болады.

Осыған қоса, еріктінің униформасы қажетті барлық киіммен қамтамасыз етілген, оның ішінде күртке, комбинезон, кеңжейде, қолғап, мойынорағыш және тымақ бар. Сондай-ақ, еріктіге рюкзак да беріледі. Киім жиынтығының барлығында  Универсиада-2017 және ФИСУ логотиптері, Алматы қаласының бренді, EXPO логотиптері және Универсиада серіктесі – «Самұрық-Қазына» АҚ логотипі бейнеленген.

2017 жылғы Универсиадаға еріктілер ретінде 3000 адам тартылды, олардың әрқайсысының қолында қазір фирмалық жабдықтау  бар және де олар кез келген ауа-райында Универсиада-2017  қонақтары мен қатысушыларын қарсы алуға сақадай дайын отыр.

Анықтама: «Алтын Жұлдыз Textile» – мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы Универсиада-2017 ұйымдастырушыларына арнап арнаулы киімді тігуге тендер ұтып алған компания. Компания арнаулы және споттық киім-кешек өндірісімен айналысады. Өндірістік қуаттылығы жылына 300 000 арнаулы киім жиынтығын құрайды. Тігін өндірісінде қажетті барлық жабдықпен қамтамасыз етілген өндірістік алаңы 8000 шаршы метрге тең. Қоймаларының ауданы 9000 шаршы метрден асады. Тігін цехінде 100-ден аса тігінші, сондай-ақ, киім пішінімен айналысатын технологтар мен конструкторлар жұмыс жасайды. 

21.01.2017