2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматының ішкі өңірлік өнімі алғаш рет 8,5 триллион теңгеден асты

Бұл туралы бүгін Алматының 2015 жылғы әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындысы бойынша өткен жиында белгілі болды.

«Экономикадағы күш алған дағдарысқа, негізі экспорттық тауарлар бағасының төмендеуіне қарамастан Алматы еліміздің ірі мегаполисі ретінде дамудың оң динамикасын сақтап қалды және қаланың тұрмыс –тіршілігіне қатысты салалардың негізгі көрсеткіштерінің төмендеуіне жол берген жоқ. Тіпті, Алматының ІӨӨ-і 2015 жылдың қорытындысы бойынша қала тарихында алғаш рет 8,5 триллион теңгеден асып, өсім 2,5%-ды құрады», - деді Б.Байбек.

Алматы ел көлемінде республикалық ІЖӨ-нің бес бөлігін, барлық салық түсімінің 27%-ын, көтерме сауданың 48%-ын, бөлшек сауданың 23%-ын, сыртқы сауда айналымының алты бөлігін, екінші деңгейлі банктердің несие портфелінің 60%-ын қамтамасыз етеді.

Қаланың негізгі экономикасы кіші және орта бизнес кәсіпорындары болып табылады. Олар ІӨӨ-нің 25%-ын, салық және басқа да төлемдердің 43% ын береді.

Өнім өндіру көлемі 646,3 миллиард теңгені құрады. Өнім өңдеу кәсіпорындарының жалпы қалалық өнім көлеміндегі үлесі 73, 6% -ды құрайды.

Алматыда әлеуметтік сала кең қанат жаюда. Қазіргі кезде мемлекеттік- жеке серкітестік аясында 25 бала бақша салу жоспарланған. Бұдан өзге, Мемлекет басшысының мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде орын тапшылығын азайту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруда бар коттедждерді бала бақшаға көшіру жұмыстары қолға алынды.

Бұлардан өзге қаланың спорттық инфрақұрымын дамытуға да жете назар аударылуда. 2015 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Алматыда 108 балалардың ойын алаңдары салынды. 2016 жылы осындай тағы да 150 алаң салу жоспарлануда.

Алатау ауданында Универсиада нысандары бой көтереді, 12 мың орынды Мұз аренасы, атлеттер ауылы, ал Медеу ауданында 3 мың орынды Мұз аренасы салынып жатыр.

Жиын соңында Б.Байбек мемлекеттің алға қойған барлық әлеуметтік міндеттемелерінің орындалғандығын, әкімдіктің алдағы уақытта да алматылықтардың тұрмыс деңгейін жасқартуда сындарлы жұмыс атқаратындығын атап өтті.

22.01.2016