2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • «Мобильды халыққа көмек» жобасы аясында тұрғындармен көшпелі кездесулерімізді жалғастырудамыз
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

«Мобильды халыққа көмек» жобасы аясында тұрғындармен көшпелі кездесулерімізді жалғастырудамыз
«Мобильды халыққа көмек» жобасы аясында тұрғындармен көшпелі кездесулерімізді жалғастырудамыз. Бүгін №100 мектепте «Кіші станица» атанып кеткен аумақтың тұрғындарымен кездестік.

Аудан әкімінің орынбасары Берік Солтанбаев бастаған жауапты қызметкерлер мен аудан құрылымдарының басшылары жергілікті тұрғындардың мәселелерін тыңдап, қойған сұрақтарына жауап беріп отырды. Мәселен, Тәттібеков көшесі бойында жаяу жүргінші жол белгілері мен бағдаршам орнату, құрғаған бұтақтарды кесу және апаттық ағаштарды құлату сияқты мәселелер көтерілді. Сонымен қатар, көшелерді жарықтандыруға қатысты сұрақ болды. Энерготиімділік басқармасымен бұл мәселені қолға алып, ағымдағы жылы жоспарға қостық. Таиров көшесінде орын алған апаттық жағдайға қатысты сұрақтар да қойылды.

Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару біздің негізгі басымдықтарымыз. Сондықтан, халықпен тиімді кері байланыс орнату мақсатында барлық көтерілген сұрақтарды бақылауға алып, жұмыс жүргіземіз.
Кездесу соңында жеке-дара қабылдау да жүргізілді.





25.02.2020