2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда 8 наурыз қарсаңында Ұлы Отан соғысына қатысушы әйелдерді құттықтады

Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов Ұлы Отан соғысына қатысқан, фашистік концлагерлерде болған, Ленинград блокадасын бастан өткерген, тылда жанқиярлықпен еңбек еткен әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз мерекесімен құттықтады.

Қала басшысы әйелдердің Ұлы Отан соғысы Жеңісіндегі атқарған рөлін, асқан ерліктері мен баға жетпес үлестерін ерекше атап өтті.

«Сіздердің жастық шақтарыңыз өте ауыр соғыс жылдарына тап келді. Сол бір ауыр кезеңнің барлық қиындығын өздеріңіздің нәзік иықтарыңызбен көтере білдіңіздер. Тіпті, Отанымыздың намысы үшін, болашақ ұрпақтың тыныш өмірі үшін ер-азаматтармен бірдей шайқастыңыздар. Біздің сол үшін Сіздерге айтар алғысымыз шексіз! Сіздердің өмірлеріңіз бен жүрген жолдарыңыз жастарға жарқын үлгі!», - деді Ахметжан Есімов.

Мегаполис басшысы бүгінгі күні Алматыда тұратын 850 Ұлы Отан соғысына қатысушының 157 әйелдер екенін айтты.

«Өкінішке орай, олардың көбісі мұндай бас қосқан шараларға қатыса алмайды. Бірақ Сіздерді Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ешкім де марапат пен назардан тыс қалмайды деп сендіре аламын», - деп атап өтті әкім.

Шара соңында Алматы әкімі биылғы 2015 жылдың символикалық мәніне де тоқталып өтті, олар - Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығы, Мемлекет басшысының Жарлығымен аталып өтетін Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халықтары Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Контситуциясының 20 жылдықтары.

05.03.2015