2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Парижде Алматының 1000 жылдығын кеңінен атап өтті.

Парижде Алматының 1000 жылдығын кеңінен атап өтті.

13 қазан 2016

Парижде ЮНЕСКО штаб пәтерінде Алматы қаласының 1000 жылдығын кеңінен атап өтті. Францияның астанасында қазақ халқының тарихынан сыр шертетін ғасырлық бұйымдар мен бірегей артефактар қойылған көрме өтті. Атаулы салтанатты шараны музыкалық сүйемелдеумен «Сазген сазы» фольклорлық- этнографиялық ансамбль және қазақстандық орндаушылары келді. Тарихи сәтке Алматы қаласының басшысы Б.Байбектің қатысты.

"Біз Алматы қаласының мың жылдығын мына дәл Париждің ортасында, жүрегінде өткізіп, жалпы біздің мәдениетімізді, дәстүрімізді, тілімізді, мәдениетімізді дүниежүзіге паш етейік,- деп жатырмыз. Сондықтан, бүгінгі көңіл-күй өте жақсы. Басқа елдердің ЮНЕСКО-дағы елшілері келіп жатыр. Көптеген қонақтар, енді өзіміздің дәстүрімізді тағы бір рет көрсететінімізге өте қуаныштымыз",- деді Алматы қаласының әкімі, Бауыржан БАЙБЕК.  

Оңтүстік шаһар басшысы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан -2030» стратегиясында еліміздің азаматтары өмір сүру сапасының жаңа деңгейіне көтерілетін әлемнің үздік 30 елдер қатарына кіру мақсатқа қойған. «Қазір Алматы жағымды инвестициалық климатымен адамдардың өмір сүріп жұмыс жасауына жағдай жасалған Орта Азияның ірі мегаполисіне айналды. Қалада тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін үлкен көңіл бөлуде. Мен баршаңызды біздің қаламызға келіп, оның сұлулығына тәті болуға шақырамын »,- деді Б.Байбек.   Сондай ақ қала әкімі ЮНЕСКО және оның бас директоры Ирине Боковойға осы атаулы шараны өткізуге қолдау білдіргені үшін алғысын білдірді. ЮНЕСКО Бас директорының орынбасары Геташев Енгида алғы сөзінде Алматының 1000 жылдығы бұл әлемдік көлемдегі атаулы оқиға деп атап өтті. «Алматының 1000 жылдығын атап өту біз үшін өте қуанышты. Қазақстанның халықаралық маңыздылығының өсуі де қуантады. Алдағы уақытта өтетін Универсиада 2017 Қазақстанға бұдан да көп көңіл аудартатынына сенімдімін. Көрмеде бұл елдің тарихымен және мәдениетімен танысатын көптеген балалар суреттерін көріп, танымал қазақстан әртістерінің орындауында музыкалық шығармаларды тыңдауға болады. Бүгін Алматының 100 жылдығын атап өтудегі шарықтау шыңы болады»,-деп аяқтады.   Негізгі көрмеде қазақстандық қол өнер шеберлерінің туындылары ұсынылды. Басты екпін қазақстанда әлі де сақталған танымал және олармен мақтан тұтатын ұлттық әшекей бұйымдары, музыкалық аспаптар. Сондайақ Парижде Алматы қаласының 1000 жылдығын атап өте аясында ЮНЕСКО штаб пәтерінде киіз үй мен алма бағы орнатылды.Киіз үйдің ішінде проекциялық экран арқылы Алматы қаласының табиғаты мен қазіргі Алматыны паш ететін бейне ролик көрсетілді. Бейнеролик дыбыстық және музыкалық спецэффектімен сүйемелденген. Киіз үй айналасында Қазақстан Республикасының 25 жылдығы символы ретінде 25 алма ағашы орнатылған.  

13.10.2016