2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Халықаралық әйелдер күнімен соғыс ардагерлерін, еңбек ардагерлерін, көп балалы аналарды, әлеуметтік қызметкерлерді құттықтап, көңіл бөлдік
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Халықаралық әйелдер күнімен соғыс ардагерлерін, еңбек ардагерлерін, көп балалы аналарды, әлеуметтік қызметкерлерді құттықтап, көңіл бөлдік

Құрметті достар, осы күндері біз сәбидің алғашқы қадамынан бастап, үлкен өмір айдынына дейін үкілеп қосатын, отбасы мен қоғамның арасындағы  алтын көпір – аналарды құттықтап келеміз.

Осынау көктемнің алғашқы мейрамы – Халықаралық әйелдер күнімен соғыс ардагерлерін, еңбек ардагерлерін, көп балалы аналарды, әлеуметтік қызметкерлерді құттықтап, көңіл бөлдік.

Қаламыздың бүгінгі күні барлық саласындағы жетістігіне өлшеусіз үлес қосып, қажырлы еңбек етуінде, тыныс-тіршілігін дамытуда, әйелдердің орны ерекше екені рас. Осы орайда, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, кәсіпкерлік саласындағы және басқа да мекемелерде ұжымның нәзік жандарын құттықтау шаралары да өтті.

Ардақты аналар, апа-қарындастар егемен елімізге сән беріп, ерлігімізге нәр берген, Сіздер қашанда ерекше құрметке лайықсыздар. Еліміздің мықты, тәуелсіздігіміздің баянды болуы Сіздердің арқаларыңызда. Осынау көгілдір көктемнің күнінде дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға береке-бірлік, қызметтеріңізге табыс тілеймін.

Ізгі ниетпен, Медеу ауданы әкімінің аппараты!
—————————-⠀

08.03.2020