A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматы бюджетіне Универсиада үнемінен миллиард теңге қайтарылды
Алматы бюджетіне Универсиада үнемінен миллиард теңге қайтарылды

Алматыда «2017 жылы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі Дирекция» Мемлекеттік қорын тарату процедурасы аяқталды. Еліміздің заңнамасына сай қаржылық- шаурашылық қызмет тексерілген соң, барлық құжаттар қаланың Орталық мемлекеттік мұрағаттар орталығына тапсырылды.

Қаржылық - экономикалық қызметті қорытындылаған Универсиада Дирекциясының экс-басшысы Наиль Нуров бірншеше күн бұрын Алматы бюджетіне тағы бір миллиард теңгенің қайтарылғанын хабарлады.

«Қазақстан Универсиадасы Қысқы ойындар тарихындағы барынша үнемді әрі аз шығынды спорттық оқиға болды. Алдын - ала жасалған бюджеті бойынша 32 млрд. теңге оңтайландырылып, 17,8 млрд. теңгеге дейін қысқарды, ал процесс барысында тағы да 4 млрд. теңге үнемделді. Осы таяуда ғана Алматы бюджетіне тағы бір миллиард теңге берілді. Яғни, мемлекеттік бюджетке жалпы операциялық қызметттен түскен 5 млрд. теңге қайтарылды. Үнемге қарамастан Алматыда Қысқы ойындар тарихындағы ең ауқымды жарыстар өтті. Оларға 57 елдің 2 мыңнан астам спортшысы, 120 халықаралық төреші қатысты. Қысқы Универсиадалар тарихында алғаш рет заманауи Атлеттер ауылы салынып, ол кезекте тұрған алматылықтардың үйіне айналды», - деді ол.

Жалпы, Универсиада соңынан бай мұра қалды «нөлден жасалған» «Алматы Арена», «Халык Арена» сынды спорт кешендері пайда болды, «Шымбұлак», «Медеу», «Сұңқар» мен Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы қайта жаңғырды. Универсиаданың барлық обьектілері халықаралық стандарттарға сай болды. Осылайша, Алматы агломерациясында заманауи таушаңғысы кластері пайда болды.

Еске салсақ, Алматыда Универсиада барысында 230 мыңнан астам билет сатылды, 30 мыңнан астам туристер және еліміздің түрлі өңірінен 170 азаматтар келді. Қала сервисі айтарлықтай жақсарды, мейрамханалардың кафелердің, Алматы отельдерінің 87%-ы халықаралық туроператорлардың талаптарына сай жоғары сапалы қызмет көрсетті.

Тамыз айында Тайбэеде (Қытай) өткен ФИСУдің атқару комитетінің отырысында Алматыда өткен Ойындарға жоғары баға беріліп, Студенттік ойындар тарихындағы үздік қысқы Универсиада деп танылды.




28.12.2017