A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Таяу күндері Универсиада-2017 ойындарына қатысатын елдердің алғашқы делегация өкілдері Алматыға келмек
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Таяу күндері Универсиада-2017 ойындарына қатысатын елдердің алғашқы делегация өкілдері Алматыға келмек

Алматы, 2017 жылдың 16 қаңтары – Спорт делегациялары ұшып келетін ресми орын – Алматы халықаралық әуежайы 2017 жылғы Қысқы универсиада аясында спорт делегацияларын қарсы алуға толығымен дайын. Универсиада-2017 Дирекциясының басшылығы атлеттердің Алматы халықаралық әуежайына келу кестесі және оларды қарсы алу рәсімі жөнінде өз түсініктемелерін берді.

«Қысқы ойындарға қатысатындардың шамамен 90%-ы Алматы қаласының әуежайына тікелей халықаралық рейспен жетеді. Таяу күндері Қазақстанның оңтүстік астанасына 300-ден аса шетелдік делегат ұшып келеді. Универсиада2017 қатысушыларының ұшып келу саны жағынан әуежайдың 26-29 қаңтар аралығындағы кестесі өте тығыз болмақ. Алматы әуежайында күтіп алынатын Универсиада қатысушыларының жалпы саны – 2823. Спортшылар қаламызға келген алғашқы сәттен бастап оларға қонақжайлылығымыз бен ықыласымызды көрсету үшін жарыстардың алдындағы соңғы аптада біздің міндетіміз -бүкіл мәселелерді бүге-шегесіне дейін пысықтап шығу», - деп атап өтті 2017 жылы Алматыда өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция басшысы Наиль Нуров.

Алматы әуежайының жерүсті қызметтері Универсиада-2017 жарыстарына қатысу үшін ұшып келетін шетелдік және жергілікті делегацияларды қарсы алу тәсілдерін пысықтап, жетілдірді. Паспорттық және кедендік бақылау жүйесі де айтарлықтай оңтайландырылды: Қысқы универсиада қатысушыларына арнап паспорттық бақылаудан өту үшін жеке кабиналар және де кедендік рәсімдерден өту үшін жеке дәліз ұсынылады, сондай-ақ, ұшып келу залында декларацияларды толтыру үшін үстелдер саны арттырылды. Осы телімдерде жұмыс жасайтын қызметкерлердің саны да ұлғайтылмақ. Қауіпсіздік шаралары іс-шараның халықаралық мәртебесіне сәйкес ұйымдастырылып отыр.

Универсиада қатысушыларының жүгі оларға алдын ала жіберілген арнайы жүк биркасымен белгіленеді. Арнайы жүк биркасына қарап Универсиада қатысушыларының жүгіне бірінші кезекте қызмет көрсетіледі.

Алматы әуежайындағы навигация жүйесі орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде көрсетілген. Ұшып келу залдары мен жолаушыларорналасатын көпшілік аймақтарУниверсиада-2017 стилистикасында безендендірілді.

Универсиада қонақтары мен қатысушылары өздерін жайлы сезінуі үшін Алматы әуежайында ақпараттық үстелдер қызмет жасамақ, онда жалпы көлік қызметі, келу және аттану кезіндегі тасымалдау кестелері, ресми көліктің қозғалыс бағыты туралы ақпарат алуға болады. Ағылшын тілін еркін меңгерген еріктілер мен ақпараттық үстелдердің жанындағы көлік менеджерлері қонақтарға Алматыға жеткен уақытында жол көрсетіп, көмектесетін болады.

16.01.2017