A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда жылыту маусымына дайындық аяқталуда
Алматыда жылыту маусымына дайындық аяқталуда

Алматы әкімі алдағы жылыту маусымына қатысты көшпелі кеңес өткізді. Қалада биылғы жылы 12 км жылу желісі, 23 км электр желісі, 283 км су құбыры мен 267 км кәріз жүйесі қайта жасалды.

Мегаполис басшысы жұмыс сапары барысында 5 км жылу желісі реконструкцияланған Төле би көшесі бойындағы учаскені аралап көріп, оның маңын аббаттандыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Алматының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мәлімдегендей, қаланың орталық бөлігін жылумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін Төле би көшесі бойындағы ескі жылу құбырларын ауыстыру жұмыстары Розыбакиев көшесінің шығысы мен Өтеген батыр көшесінің батысына қарай келер жылы одан әрі жалғасатын болады.

Қазіргі кезде білім, денсаулық сақтау объектілері мен қаланың тұрғын үй қоры алдағы жылыту маусымына 100% дайын. Энергетика кешені көмір мен мазуттың апатты жағдайдағы қорымен толық қамтамасыз етілген.

Гидравликалық сынақ кезіндегі кемшіліктер толық қалпына келтірілген соң жылу жүйелері циркуляциялы режимге көшеді.

Жалпы, Алматыда биылғы жылы 524 көше жөнделді, 1400 ескі аула жаңарды, 300 км арық салынды және жөнделді. Қаланың барлық жер асты өтпелі жолдары жаңарды. Жыл аяғына дейін барлық көше жарықтарының үштен бірі жарық диодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылады.




17.09.2018