A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда балалар бақшасына кезекке тұру ережесіне өзгерістер енгізілді
Алматыда балалар бақшасына кезекке тұру ережесіне өзгерістер енгізілді

2018 жылдың ақпан айынан бастап "Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріне жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі балаларды кезекке қою» жөнінде жаңа мемлекеттік стандарттар енгізілді. Сонымен қатар, кезекке қою процесстері мен оның функцияларын және бала бақшаға жолдама беруді автоматтандыру бойынша әдістемелік ұсыныстар жасалды, осыған орай әрбір ата- ана электронды цифрлы қотаңба алуы тиіс.

Айта кетерлігі, бұрындары бұл қызмет мына ережелер бойынша жүргізіліп келді: нақтылы бір бала бақшаға кезекке қойылатын әрі жеңілдіктің барлық категориялары бойынша кезектен тыс жолдама алатын, өтініште өзгерістер болса (категория өзгерсе) өтінім беруші кезектен алынып, жеңілдік бойынша қайта кезекке тұратын, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жолдама алған өтінім беруші өз бетінше өзгерістер енгізе алмайтындықтан (категория, байланыс мәліметі) өзі де, бала да кезектен алынбайтын, сонымен қатар не үшін мектеп жасына дейінгі ұйымға жолдама алғысы келетіндігін анықтайтын функция талап етілмейтін.

Қазіргі кезде (open-almaty.kz) жүйесі өтініш берушілерге мынадай мүмкіндіктер береді: кезекке тұру үшін өтініш беруге, берілген өтінішті өзгертуге (байланыс мәліметін редакторлауға), өтінішті қайтып алуға (кезектен шығу), мемлекеттік немесе жеке мектеп жасына дейінгі мекемеге жолдама алуға, жолдаманы не үшін алғысы келетінін көрсетуге ерікті.

«Бала бақшаға жолдама алу кезегі ата- аналардың өтінішінде көрсетілгендей, баланың туған жылы бойынша бірыңғай қалалық кезек бойынша жүзеге асады әрі нақтылы бір бала бақша кезегі болмайды. Балалары қараша және желтоқсан айларында туылған ата- аналардың өтініштері кезекке туылған жылы бойынша қойылады.Кезекке қою реті өтініш берілген күннен басталады», - деп атап өтті Алматы қаласының Білім басқармасы.

Жеңілдік категория жүйесі екі типтен тұрады:

1. Кезектен тыс жолдама алатындар (әскери қызметшілер балалары). МЖМ-де орын болса бұл категориядағылар кезектен тыс жолдама алады

2. Бірінші кезектегілер (мүгедек балалар, ата- ана қарауынсыз қалғандар, жетімдер, көп балалы отбасының балалары, ерекше күтім мен білімді қажет етендер). Бұлар жолдаманы «үштен бір» қағидасы бойынша алады. (Жеңіл категориядағы өтініш беруші және жалпы негіздегі үш өтініш беруші)

Жолдма а алу үшін:

1. Көрсетілген электронды поштаға және телефон нөміріне кезектің келгендігі туралы хабарлама жіберіледі. Егер ата- ана бала бақшаны таңдамаса және уақыт регламенті бойынша (сағат 9:00- 20:00) жолдаманы алмаса, онда бұл орын жыл тобы бойынша кезекте тұрғандардың бәріне ортақ, (бірақ бала бақшаны таңдамаған бұрынғы өтініш беруші кезекте қала береді);

2. Мектеп жасына дейінгі мекемеге жолдама алынған соң бала кезектен автоматты түрде шығарылады, (егер бала бақшаға барып жүрсе, өтініш беруші кезекке қою туралы өтінім бере алады);

3. Егер ата- ана жолдама алған соң 5 жұмыс күні ішінде - бала бақшаға келмесе, онда жолдама автоматты түрде жарамсыз болады және балаға тоқтатылған 10 жұмыс күні парағы беріледі. Өтінім тоқтаған параққа ілінсе жолдама алу мүмкіндігі жабылады.

Егер өтініш беруші жолдаманың берілген күнін 2 рет кешіктірсе, онда бала автоматты түрде кезектен алынады;

Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін бала бақшаға жолдама мынадай жағдайда беріледі: баланың жасы 3–те немесе одан үлкен болса, егер бала кезекте тұрса және бос орын болса.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін бала бақшаға жолдама алғанда кезек нөмірінің мәні болмайды. Алайда, ата- аналар мынаны білулері тиіс, егер мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін бала бақшаға жолдама алынса, онда бала кезектен автоматты түрде шығарылады.

Сауалдар туындаған жағдайда Қолдау қызметіне жүгінуді сұраймыз:

317 75 99, +7 771 030 17 48, 262 21 15, sp.ddoalmaty@gmail.com

15.02.2018