A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР


Алматыда табиғаты көркем Алатаудың етегінде II халықаралық «Ұлы дала рухы» - «Дух великой степи» этнофестивалі өтті

26 маусым 2017

«Боралдай сақ қорғандары» археологиялық паркінде «Ұлы дала рухы» - «Дух великой степи» этномәдени фестивалі өтіп, оған Әзірбайжанның, Болгария мен Венгрияның, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Ресейдің, Словакияның, АҚШ-тың, Түркияның өкілдері қатысты.

Этноауылға келгендер кәсіби бүркітшілердің, шабандоздар мен көкпаршылардың, садақшылардың, батырлардың шеберліктеріне тәнті болып, ұлттық ойындарға қатысып, ұлттық ас мәзірінен дәм татты. «Ұлы дала рухы» фестиваліне келгендердің барлығы қазақтардың және басқа да түркі халықтарының бай мұрасымен танысты.

Фестивалге келушілер екі күн ішінде көшпенділердің өміріне еніп, олардың ежелгі тұрмысымен, тарихи салт- дәстүрлерімен, әдет- ғұрыптарымен танысып, қазақтардың көне тұрмыс- тіршілігінен хабардар болды,ертедегі қолөнершілердің құпияларын біліп, шеберлік сыныптарынан дәріс алып, кизібен, терімен, күміспен, балшықпен жұмыс істеудің көне технологиясын меңгерді.

«Біз бұл фестивальде ертедегі Болгар әскерлерінің түрлі шайқастарда қолданатын садақтарын, қылыштарын, жігіттік өнерлерін және басқаларын көрсетудеміз. Қазақстанға алғаш келуіміз, өте әдемі ел екен, ең бастысы, сіздер өздеріңіздің ежелгі мәдениеттеріңіз бен дәстүрлеріңізді сақтап қалыпсыздар», - деді болгарлық батыр Явур Гынчев.

«Алқалы фестивалге қатысқаныма өте қуаныштымын, маған етене жақын халықтардың барлығы осында жүр, біз үлкен мерекеде бас қостық. Ең бастысы - ат спортының ежелгі тарихы, ортақ дәстүрі, ат спортының өркен жаюы», - деді Венгрия өкілі Копачни Габор.

«Мен Қазақстанға жиі келсем деймін. Мерекеге дайындық өте жоғары деңге йде ұйымдастырылған. Ұйымдастырушылардың арқасында біз Астанаға да барып, «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалайтын боламыз», - деді Словакиядан келген садақшы Петер Мезей.

26.06.2017