A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 1 2 3
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алматыда төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Есентай өзенінің арналары бекітілуде
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Есентай өзенінің арналары бекітілуде
Алматыда төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Есентай өзенінің арналары бекітілуде

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Әл-Фараби даңғылының оңтүстігіне қарай орналасқан Есентай өзенінің арналарын бекіту жұмыстарының қарқынын тексерді. Өйткені, жазда өзен жағалауындағы тротуарларды, спорт алаңдарын абаттандыру және жарық желілерін жүргізу басталады. 4000 ағаш отырғызу жоспарланған.

Қазіргі кезде ұзындығы 1,8 км болатын аумаққа тірек қабырғаларын орнату, өзен түбіне темірбетон төсеу және техникалық жолдарды абаттандыру жұмыстарының 65% орындалды. Атқарылған шаралар учаскеде су ауқымын күнделікті өткізу қуатын 10 есе арттырады.

Жобаны іске асыру барысында «Tokyo Rope Almaty» зауытында шығарылатын отандық өнімдер қолданылуда. Өндіруші әлемдік жоғары сапалы стандартқа сай ауыр габиондарға 50 жылдан астам кепілдік беруде.

Мегаполис басшысы селдің алдын алу жұмыстарына ерекше назар аударылатынын атап өтті. Соңғы үш жыл ішінде сел қаупі бар учаскелер 67-ден 12-ге қысқарды, тоғыз өзеннің арналары реконструкцияланды және 300 км арық желілері қайта жасалды. Жалпы, Бауыржан Байбек қаланы одан әрі дамытудағы басты қағида қауіпсіздік пен таза экология болуы тиіс деп есептейді.

Бұлардан өзге, Алматыда «Ақсай» және «Аюсай» жаңа су бөгеттерін салу жоспарланған, «Мыңжылқы» су бөгетін реконструкциялау аяқталып қалды. Ерменсай, Кереңқұлақ, Үлкен және Кіші Қарасу сияқты төрт өзеннің арналары бекітіліп, абаттандырылуда.

Қарғалы өзенінің бойындағы ұзындығы 7,7 км болатын аумақ бекітіліп, абаттандырылуда. ГЭС1–БАО мен Медеу-Шымбұлақ беткейлеріндегі қауіпті учаскелерге қорғаныс қондырғылары орнатылып, бекітілген.

15.01.2019