A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Тұңғыш Президент күні Алматыда «Метро балалар көзімен» байқауы қорытындыланды
Бүгін Алматы метрополитенінде Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған «Метро балалар көзімен» қалалық балалар суреті байқауының қорытындылары шығарылды. Алматы әкімі Ахметжан Есімов қалалықтарды мемлекеттік мерекемен құттықтады. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әрбір қазақстандықтың өсіп өрбуіне мүмкіндігі болсын деп, еліміздің дамуына, тұрмыс деңгейінің жақсаруына, ұлтаралық татулыққа қандай күш салып жатқаны баршамызға мәлім. Алматыда Қазақстан Президенті тапсырмаларын орындау үшін көп нәрсе жасалып жатыр», - деді Ахметжан Есімов. Суреттер байқауына 450 оқушының жұмысы қатысты. Жеңімпаздарды қоғамдық ұйым, БАҚ пен Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының өкілдерінен құралған қазылар алқасы анықтады. Жас жеңімпаздарды марапаттаған соң, Алматы әкімі метрополитеннің екінші кезектегі екі құрылысы жүріп жатқан «Сайран» мен «Мәскеу» станцияларын қарап өтті. «Жолдар жүргізілді, айдың соңына дейін станцияларды салып біту жоспарлануда. Содан кейін міндетті тестілік тексеру жұмыстары жүргізіледі. Келесі жылы олар пайдалануға беріледі. Метро – ерекше көлік, ең алдымен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек», - деп атап өтті әкім. Сондай-ақ, әкім «Сайран» және «Мәскеу» жаңа станцияларын пайдалануға берумен, мамандардың бағалауынша, жолаушылар тасқыны екі есе дерлік өсетіні байқалады деді. Аз уақыт ішінде қазіргі заманғы экологиялық қауіпсіз көлік түрі қалалықтар мен қала қонақтары арасында танымал болды. Бірде бір іркіліс болмады, жолаушылар тасқыны өсті. Егер алғашқы кезде метроны тәулігіне 13-14 мың адам пайдаланса, қазіргі кезде 24 мың адам пайдалануда. Желтоқсанның үшінші онкүндігінде метроны 20-миллионныншы жолаушы пайдаланады деп болжануда. Одан әрі метро құрылысын жүргізу жоспарлануда. «Сайран» мен «Мәскеуден» кейін метро Қалқаман ықшамауданына жүргізіліп, содан кейін Алматы-1 вокзалына созылады.
01.12.2014