A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда «Алматыбасжоспар» ғылыми- зерттеу институты құрылды
Алматыда «Алматыбасжоспар» ғылыми- зерттеу институты құрылды

Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен «Алматыбасжопар» институты пайда болды. Ведомство «Ақпараттық - технологиялық орталық» ЖШС базасында уставтық капиталда мемлекеттің 100% қатысуымен құрылды.

«Алматыбасжопардың» басты мақсаты – мегаполистің бекітіліген бас жоспарына сай қала маңындағы аймақтарды дамыту, қалада жалпыға ортақ қалақұрылыс саясатының қағидаларын жүзеге асыру.

Ғылыми -зерттеу институты Алматы мен қала маңындағы аймақтарды халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып дамыту және қалақұрылысын жобалауға қатысты жобалау,жобалау, сараптама жасау, нормативті – әдістемелік жұмыстарды атқарады. Жаңа ұйым барлық жобалау жұмыстарының жалғыз үйлестірушісі болып табылады, яғни қала құрылысы тораптарын, құрылыстың сыртқы келбетін, қала бойынша жүргінші аймақтарын жобалау жұмыстарын дайындап, шеберлік- жоспарларын әзірлейді.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы биылғы жылдың қыркүйек айында оңтүстік астананы дамыту жөнінде өткен кеңесте қала тұрғындары санының өсуіне және оның аумағын үнемі кеңейтуге қатысты жасалған бас жоспарға жауап беретін институтты қайта құру туралы мәсееле көтерген еді.

30.10.2017