A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алматыда 28-ш Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындық аясында «Жеңімпаздармен әңгімелесу» өтті
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда 28-ш Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындық аясында «Жеңімпаздармен әңгімелесу» өтті

Алматыда 28-ш Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындық аясында «Жеңімпаздармен әңгімелесу» өтті

         2017 жылдың 21 қаңтары -  Б. Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайында 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындық аясында «Жеңімпаздармен әңгімелесу» өткізілді. Осы жобаға Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы және «2017 жылғы Алматыдағы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция» МҚ мұрындық болды.

Жобаның басты идеясы – атақты қазақстандық спортшылардың, әртүрлі спорт түрлеріндегі олимпиада жүлдегерлерінің Алматы қаласындағы жасөспірімдермен еркін әңгімелесуін ұйымдастыру. Іс-шара кездесуге келген жастар арасында спортты, салауатты және белсенді өмір салтын насихаттауға мүмкіндік бермек. Әлемдік біріншіліктердің жеңімпаздары табысқа жету жолы, спорттағы басты құндылықтар және жастар арасында дене тәрбиесінің маңыздылығы жөнінде ой бөлісті.

Іс-шараға келесі спортшылар қатысты:

Серік Сәпиев – бокстан 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, ЮНЕСКО-ның спорт бойынша ізгі ниет елшісі, 28-ші Дүниежүзілік универсиада Атлеттер ауылының мэрі;

Дмитрий Баландин - жүзуден 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, 2014 жылғы Азия ойындарының үш дүркін чемпионы, 2015 жылғы Универсиада жеңімпазы, 28-ші Қысқы универсиада елшісі;

Әл-Фараби Давлетчин – таэквондодан 2014 жылғы әлем чемпионы, таэквондо және хапкидодан 2014 жылғы Еуразия чемпионы, 28-ші Қысқы универсиада елшісі;

Жансая Әбдумәлік - шахматтан әлемнің 4 дүркін чемпионы, халықаралық гроссмейстер;

Дариға Шәкімова - бокстан 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 28-ші Қысқы универсиада елшісі.

ЮНЕСКОжастарарасындаспорттыжәнеденетәрбиесіннасихаттауғаүлкенмәнберіпотыр. Жастарортасындақатыгездікпентұрақсыздықкеңінен жайлағанқазіргізамандаспортәлеуметтікауызбіршілікті, бейбітшілікпентатулықтынасихаттаудыңтиімдіқұралыболаалады. СтуденттікспорттыкүшейтужәнедеАлматыдаДүниежүзілікуниверсиадасекілдікеңауқымдыспортіс-шараларынөткізуәртүрлімәдениеткежататынжастардыәлеуметтіктұрғыдаықпалдастыруға, қоғамдашыншылдық, әділдік, өзарақұрмет, батылдық, адалдықжәнениеттестіксекілдіортаққұндылықтардыбаулуғабағытталғанжобалардыжүзегеасыруғақосымшамүмкіндіктерұсынады.

Ұйымдастырушылардыңмәліметінесәйкестүрліәлеуметтіктоптарғажататын 100-гежуықжасөспірім, соныңішіндеҚазақстандағыЮНЕСКОұлттықклубтарыфедерациясының, «Алматықаласындағыауылжастарынбейімдеуорталығының», «Онкологиялықауруларғашалдыққанбалалардықолдауорталығының» қатысушылары, сондай-ақ, №1 және №2 балаларүйініңтәрбиеленушілері жобағатартылды.

21.01.2017