A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда Қала күні мерекеленуде

Алматыда Қала күні мерекеленуде

Алматыда Қала күні аясында жыл сайын 200 мыңнан асатын қала тұрғындары мен қонақтары жиналатын «AlmaFest – 2017» дәстүрлі алма фестивалі өтуде. Фестиваль барысында «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағымен марапттау салтанаты өтті.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алматының мәдени, ғылым- білім, спорт, қаржы және іскерлік орталық екенін атап өтті. Осының барлығы мегаполисті өмір сүруге, жұмыс істеуге, демалуға жайлы мекен етуде.

«Алматыда туған, өсіп-өнген және осында тұратын азаматтар үшін бұл тек жанға жайлы қала ғана емес. Бұл - туған өлке, қашан да жүрегіңнің төрінен ерекше орын алатын қасиетті мекен. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Патриотизм туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» - деп атап өткен болатын. Ел Тәуелсіздігі де шартарапқа Алматыдан жарияланды, Ата Заңымыз, мемлекеттік рәміздеріміз бен ұлттық валютамыз біздің қаламызда бекітілді. Алматы мәңгіге Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі болып қала бермек. Мегаполисте бизнес қарқынды дамып, шаһар экономикасы 100 есе артты. Мыңдаған жұмыс орындары ашылды. Елбасы айтқандай, «Алматы – Орталық Азияның інжу-маржаны», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Салтанатты шара шеңберінде «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағына Қазақстанның мемлекеттік саяси қайраткері, елші, экономика ғылымдарының докторы, еліміздің волейбол Федерациясының президенті Абықаев Нұртай Абықайұлы, Қазақ ССР Министерлер Кеңесі төрағасының бұрынғы орынбасары Жәнібеков Шәңгерей Жәнібекұлы, Сталинград шайқасына қатысушы, отставкадағы полковник, ақын, табиғатты сақтау қоғамының Алматы кеңесінің төрағасы Гирш Леонид Юзефович ие болды.

«АЛМАFest-2017» — мегапоисте осымен алтыншы рет өтіп жатқан ауқымды мәдени- көңілді шара. Саябақ аумағында түрлі белсенділік аймақтары: «АЛМА ART», «АЛМА BAZAR», «АЛМА ОТБАСЫ», «АЛМА MASTER», «АЛМА AUEN», «АЛМА FASHION» и «АЛМА DRIVE» жұмыс істеуде, мұнда ашық аспан астында дегустация және 100 тоннадан асатын алмаларды сату, спорттық, көркемдік алаңдар, шеберлік сыныптары, балалар мен отбасылар үшін ойындар ұйымдастырылған. Қолөнершілердің көрме аумағынан түрлі зергерлік бұйымдар мен аксессуарларды, фурнитураларды алуға болады. Айта кетерлігі, Алматы облысының төрт ауданынан алманың 20-дан асатын сорттары әкелінген және оларды базардың орта бағасынан 20%-ға төмен алуға болады.

Қала күні аясында «Алматы Аренада» сағат 17:00-де Евразиялық «ЕМА-2017» музыка сыйлығы өтеді, мұнда отандық және шетелдік эстрада жұлдыздары Қайрат Нұртас, Кентал, Кешью, Диас Аблаев, Луина, Әдемі, Динара Сұлтан, Зируза, Әлішер Каримов, Рахат Лукум, Ринго және басқалары ән шырқайды. Фестиваль хэдлайнері Сосо Павлиашвили мен «Ninetty one» тобы.

Қала күні мерекесі «Астана» алаңында сағат 21.00-де аяқталады, мұнда мерекелік отшашу болады.

Айта кетерлігі, мегаполисте Қала күні мерекесі аясында халықаралық «Star of Asia», «Кок-Тобе Опера» фестивальдері, көпмыңдық Open Air «Gakku даусы» және басқалары өтті. Қала күніне жүргіншіге басымдық беретін Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері қайта жасалды. Бұрындары қайта жаңарған «Астана» алаңы,Наурызбай ауданының жаңа әкімшілік- іскерлік орталығы,қаланың «Open Almaty» қоғамдық қабылдау орталығы және басқалары ашылған еді.

17.09.2017